нәресте арасында бауыр басудың орнауына септесуі мүмкін. Босануға қатысу жұптың қарым-қатынасының кейбір тұстарына әсер еткен немесе әке үшін психологиялық зақым келтірген жағдайларда зерттеушілер әкенің босануға қатысуға дейін белгілі бір ұрымтал тұстары болғанын анықтап отырған. Әкелік институтының мәліметтеріне сәйкес, зерттеу нәтижелері әдетте келесілерге нұсқайды: Босануға қатысу жұптың қарым-қатынасының кейбір тұстарына әсер еткен немесе әке үшін психологиялық зақым келтірген жағдайларда зерттеушілер әкенің босануға қатысуға дейін белгілі бір ұрымтал тұстары болғанын анықтап отырған. Әкелік институтының мәліметтеріне сәйкес, зерттеу нәтижелері әдетте келесілерге нұсқайды: • Жүктілік кезінде қиындықтар туындау қаупін түсінетін ер адамдар әйелінің сәйкес қызметтерді қолдануын құптайды. • Байсалды және сүйеніш бола алатын ер азаматы бар аналар әлдеқайда жеңіл босанады. • Әкенің босануға қатысуы ата-аналардың қарым-қатынастарын нығайта алады. Бірақ, әкенің босануға қатысуы туралы шешімі ата-ана үшін – жеке сипаттағы мәселе, ал егер сіз баратын отбасыларда осындай тұстары бар екенін айта аласыз және жұпты қосымша босануға дайындық дәрістеріне бірге жазылуға итермелей аласыз. ӘКЕЛЕРДІҢ БОСАНҒАН ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘСЕРІ Ананың ана болуға бейімделуіне оның жұбының әке болуға бейімделуі басқасынан көбірек әсер етеді. Егер баланы тіркеу кезінде әкесінің есімі туу туралы куәлікте аталса,әке тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығы жоғарырақ. Әкелердің қолдау көрсетуге дайындығы аналарда ата-аналық міндеттерді орындаумен байланысты стресс және депрессия деңгейі төменірек болуына, босану жеңілірек өтуіне және баласын емізуге дайын әйелдер санының көбеюіне алып келеді. Балалардың табыстылығы әкелердің және аналардың үйдегі дамыту шараларына қатысуына байланысты. Аналар мен әкелер бір-бірімен сөйлескенде, балаға қарап сөйлегенде және оның жанында болғанда, жаңа сөздер, сонымен қатар, күрделі құрылымды сөйлемдер және қысқа, түсінікті сөйлемшелер қолдануға итермелей алады. Әлбетте, сауаттырақ әкелер, сауаттырақ аналар сияқты, баласын ерте жаста оқытуға жақсырақ әсер етеді. Бұл балаларды қарау үдерісіне әкелерді қатыстырудың тағы бір маңызды себебі: дәл аналар сияқты, тілдік дағдылары нашар немесе сауаты төмен әкелер де оқудың балаларына қаншалықты пайдалы екенін ұғынғанда, әрі қарай білім алуға ынталана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |