Жоспары: Кіріспе Еуразиялық Экономикалық Бірлестік Негізгі бөлім



Дата30.06.2016
өлшемі135.06 Kb.

Жоспары:


  • Кіріспе

Еуразиялық Экономикалық Бірлестік

  • Негізгі бөлім:

    1. Еуразиялық Экономикалық Бірлестіктің құрылуының алғышарттары

    2. Құрылу тарихи

    3. Құрылған бірлестіктің ортақ мақсаттары мен міндеттері

    4. Еуразиялық Экономикалық Бірлестіктің құрылымы, органдар жүйесі

    5. Интеграцияға ұмтылудағы жетістіктер мен кемшіліктер

    6. Бірлестіктің бүгіні және болашағы

  • Қорытынды:

Тест сұрақтары

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиет




Еуразиялық Экономикалық Бірлестік (ЕврАзЭС) – құрамына Беларусь Республикасы (2001), Қазақстан Республикасы(2001), Қырғызстан Республикасы(2001), Ресей Федерациясы(2001), Тәжікстан Республикасы(2001) және Өзбекстан Республикасы (2006) сияқты мемлекеттер кіріп, Молдавия және Украина (2002 жылдан), Армения (2003 жылдан) сияқты бірқатар бақылаушы мемлекеттерден тұратын, (ЕврАзЭС-тің Қаулысына сәйкес егемен мемлекеттер және мемлекеттаралық ұйымдардың өтінішімен бақылаушы статусына ие болады. Бақылаушы мемлекет ЕврАзЭС-тің барлық ашық отырыстары мен кеңестеріне қатысуына мүмкіндігі бар,тек шешімдерге дауыс беруге, құжаттарға қол қоюға құқығы жоқ.) бір Кеңестік Одақтың шеңберінде өмір сүрген мемлекеттер арасында ортақ сыртқы кедендік шекаралар мен тариф, баға және ортақ рынокты қалыптастыруға, құрамына енген мемлекеттер территориясында аймақтық интеграцияны құру жолымен біріккен экономикалық кеңістік ұйымдастыру мақсатында құрылған халықаралық экономикалық ұйым. Қойылған мақсаттар мен мүдделерге ортақ көзқарас танытқан, қатысушы мемлекеттермен тең дәрежеде жүктелген міндеттерді атқаруға дайын мемлекеттер Ұйым құрамына мүше болуға мүмкіндігі бар.

Ұйымның рәміздері (эмблема мен туы) 2002 жылы 13 мамырда ЕврАзЭС тің мемлекет аралық отырысында бекітілді. Туыдың өзінде ресми эмблема бейнеленген. Дәл ортасында глобус Еуразия материгінің контурымен, қиялдағы құстың қанаттары іспеттес Еуропа мен Азияны бейнелейтін көк және алтын сарғыш түсті имектелген геометриялық фигура үйлесіп бейнеленген.

КСРОның ыдырауынан кейін посткеңестік экономикалық кеңістікте Еуро Одақтың жоспарлары мен мақсаттарына ұқсайтын аймақтық интеграциялық блок құру негізінде шаралар жүргізілді. 1993 жылы Мәскеуде Экономикалық Одақ (ЭС) жайында келісімге қол қойылды. Бұл Одаққа ТМД құрамына кірген 12 мемлекетте енді (Украинадан өзге мемлекеттер толық мүше ретінде қол қойды). Батыс Еуропалық интеграцияны үлгісі негізінде алған Келісімде еркін сауда зонасын қалыптастыру, кедендік одақ, ортақ рынок және одақтық волютаны ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Дегенмен бұл одақ - «мини КСРО» еркін сауда зонасын қалыптастыра алмағандықтан өз өмір сүруін тоқтатты. Себебі 1994 жылы сәуірдегі еркін сауда зонасын құру туралы шешімді біраз мүше мемлекеттер және Ресейдің өзі де қолдамады. Кейін бұл үрдісті санаулы мемлекеттер қатары ғана қолға алды.

1995 жылы қаңтарда Қазақстан, Ресей, Белоруссия (кейін Қырғызстан қосылды) Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендік одақтың мақсаттары бірден анықталыд. Олар:



  • еркін сауда айналымындағы кедергілерді жою;

  • ортақ экономикалық ережелерді қалыптастыра отырып, жетілген бәсекеге ұмтылу;

  • келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық саясатын координациялау, сонымен қатар әлемдік рыноктағы қызығушылықтарын біріге қорғау;

Мемлекеттердің бірлесе атқарған іс шаралары Кедендік Одақ келісімінің ауқымын кеңейтіп, мемлекеттер арасында келесі бір ірі құжаттқа қол қоюына себепкер болды. 1996 жылы 29 наурыз Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы президенттерімен интеграциялық мемлекеттер одақтастығын құру мақсатында экономикалық және гуманитарлық интеграцияны тереңдете қарастырған келісімге қол қойылды. Олар экономикадағы, білімдегі, ғылымдағы, мәдениет және әлеуметтік сферадағы интеграцияны уақытылы тереңдетуге біріккен күш жұмсауға, мемлекеттердің өзара егемендігіне қол сұқпауға, тең құқылы, тең дәрежелі шешімдерге келуге, шекаралық иеліктердің өзгеріссіз қалуына, бір бірінің ішкі саясатына араласпауға келісті. 1999 жылы ақпандағы келесі Кедендік одақ және ортақ экономикалық кеңістік жайындағы келісім шартқа, осы келісімдер негізінмен келісе отырып Тәжікстан Республикасы да қол қойды.

Еуразиялық Экономикалық Бірлестік құру жөніндегі келісімге Астанада (Қазақстан) 2000 жылы 10 қазанда қатысушы мемлекеттер президенттері Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали Рахмоновтың қол қоюымен құрылды. Мұнда сауда мен экономика саласындағы анықталған мақсаттар мен істердің концепциялары анықталды. ЕврАзЭС тің құрылуы экономикалық интеграцияда өз жетістіктерін көрсете бастады. Олар кедендік одақ арқылы (ұйым мүшелерінің тауарларына мүше емес мемлекеттерден жеңілдетілген ортақ кедендік тарифтің енуі) еркін сауда нәтижесінде (тең тарифті сауда) ортақ рынокқа (еркін тауар, капитал, жұмыс күш айналымы, келесе мемлекеттерге қатысты ортақ сауда саясаты, ортақ валюта саясаты) қол жеткізді. Кемшілігі ретінде тұрақты халықаралық ұйымның құрылуы келесі жаңа экономикалық келісімдердің туындауына әкеледі. Бұл ТМД ның ішінде қайшылықтардың туындауына, жаңа экономика әлемінде ВТО ға кіруге ұмтылған мемлекеттерге өтпелі экономикалық кезеңге бейімделуіне шамалы уақыт талап етеді.

Қазір ЕврАзЭС-тің жалпы территориясының көлемі 20324 мың кв.км., орташа жалпы халқының санын 181 млн. адам.

2003 жылы мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуразиялық Экономикалық Ұйымның статусын халықаралық ұйым ретінде таныды және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы статусына ие болды.

2003 жылы күзде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының пример министрі М.Косьянов арасында болашақта 2011 жылға дейін бірлестік щеңберінде ортақ валютаны қабылдау сияқты келісімге келді. Қазір ЕврАзЭС құрамындағы мемлекеттердің бизнесмендерінің байланысы АҚШ доллары арқылы жүзеге асуда. Ұйымның рубль ортақ ақша айналымы бола ма, әлде басқа бірлік ене ме әлі белгісіз. Алайда интеграцияға қатысушы мелекеттер мұндай ортақ валютаны енгізу, тек ортақ және еркін сауда зонасы мен бір экономикалық кеңістік құрылғаннан кейін ғана қабылдануы керек екенін анық түсінеді.

2003 жылы Душанбеде мемлекет басшыларының жиналуымен өткен ЕврАзЭС тің мемлекетаралық кеңесінің отырысында 2003-2006 жылдары аралығындағы нақты интеграциялық бағыттағы приоритеттер мен даму жолдары анықталды. Оның ішінде: біріккен кедендік кеңістіктегі құрылымдар; ВТО ға кіру шарттары мен мерзімінің сәйкестігі; энергетикалық ресурстарды дамыту; еуразиялық транспорт бірлестігінің құрылуына ықпал ету; ортақ агрорынокты құру; көшіқон саясаты; нарко саудасымен күрес деген басты мәселелер қарастырылды. Мақсаттарды жүзеге асыру темпі әрқашан да екпінді болуын қарастырады, себебі бұл іс шаралар БАҚ назарынан тыс қалған емес. ЕврАзЭС тің даму жолындағы бәсеңдік нәтижесі 2004 жылы келесі Бірлескен Экономикалық Кеңістік (ЕЭП) сияқты сияқты интеграциялық ұйымның құрылуына әкелді. Қырғызстан және Тәжікстан сияқты әлсіз мемлекетердің қатысуынсыз құрылған бұл бірлестікке Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Украина да кірді.

2006 жылы тамызда ЕврАзЭС-тің Мемлекетаралық Кеңесінде тек үш мемлекет: Белоруссия, Ресей, Қазақстанның қатысуымен Кедендік Одақ құру туралы принциптік шешім қабылданды. Мақсаттары:


  • еркін сауда саласындағы жұмыстартарды толық аяқтау және қорытындылау;

  • кедендік тарифті құру және ортақ жүйедегі белгілі тарифті бақылау, белгілеу;

  • сауда айналымында және ішкі рынокқа енуінде ортақ ережелер құру;

  • қатысушы мемлекеттердің ВТО және басқада халықаралық ұйымдармен келісімді қарым-қатынасы;

  • кедендік жүйеге унифициялық бақылауды енгізу;

Бірлестік органының құрылымы: басқарушы органы – Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық комитет, Секретариат, Парламентаралық Ассамблея және Бірлестік Соты.

Мемлекетаралық Кеңес ЕврзЭС тің жоғарғы органы. Құрамы мемлекет президенттері мен өкілдерінен тұрады. Бірлестікке қатысушы мемлекеттердің ортақ қызығушылықтарын қарастырыу, стратегиялық және даму перспективаларының бағытын анықтаумен қатар, оны жүзеге асыру барысында шаралар қолданады. ЕврАзЭС мақсаттары мен мүдделерінің жүзеге асыру барысындағы бағыттарды анықтайды. Мемлекетаралық Кеңес мемлекет президенттерінің шеңберінде кемінде жылына бір рет, өкілдер арасында жылына кемінде екі рет бас қосуы тиіс. ЕврАзЭС-тің Мемлекетаралық Кеңесі консенсум арқылы шешімге келеді. Қабылданған келісімдерді қатысушы мемлекеттердің орындауы міндетті.

Мемлекетаралық Кеңестің председателі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Интеграциялық комитет – тұрақты жұмыс істейтін, бірлестіктің атқарушы органы. Құрамына қатысушы мемлекеттердің орынбасарлары кіреді. Басты функцияларына: ЕврАзЭС органдарының бірлесе қызмет атқаруын қамтамасыз ету; Мемлекет аралық Кеңесте қабылданған шараларды реализациялау барысында бақылау; ұсыныстар дайындау және бюджеттің дұрыс бөлінісін қарастыру. Интеграциялық комитет жылына кемінде төрт рет жиналады. Қабылданған шешім үштің екісіндей дауысқа ие болғанда өз күшіне енеді. ЕврАзЭС-тің аясында қабылданған шешімдерге қатысушы мемлекеттердің құқықтары тең емес. Ортақ бюджетке қосқан әртүрлі үлестің нәтижесінде: Ресей – 40% дауысқа, Белоруссия және Қазақстан – 20% дауысқа, Қырғызстан және Тәжікстан, Өзбекстан – 10% дауысқа ие.

Секретарияат қызыметі – Мемлекетаралық Кеңестің және Интеграциялық комитеттің жұмыстарын ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз етіту. Секретарияатты ЕврАзЭС-тің бас секретары басқарады. Бұл бірлестіктегі Мемлекетаралық Кеңес тағайындайтын жоғарғы әкімшілік қызмет.

2007 жылы 6 қарашада Душанбеде өткен отырыста Мемлекетаралық Кеңес Таир Мансуровты (Солтүстік Қазақстан облысының әкімі) бірлестіктің бас секретары орнына тағайындады. Секретарияат әкімшілігі Алматы (Қазақстан) және Москва (Ресей) қалаларында орналасқан.

Парламентаралық Ассамблея – ЕврАзЭС аясындағы парламентаралық бірлестік. Қарастыратыны келісімдерге байланысты ұлттық құқық негіздерін унификациялау, жақындастыру. Оның басты қызметіне: ЕврАзЭС ішінде тең құқықты саясатты құру; ұлттық парламенттердегі құқықтық шараларды координациялау; ЕврАзЭС-тің мақсаттары мен мүдделерінің жүзеге асуына сілтемелер көрсету; келісімдер барысында бірлескен құқықтық тең жағдай қалыптастыру; парламент аралық бірлестікті ұйымдастыру.

Парламентаралық Ассамблея қатысушы мемлекеттер парламентінің делегаттарының қатарынан құралады. Құрамында:



  • Ресей Федерациясынан – 28 делегат

  • Белоруссия Республикасынан – 14 делегат

  • Қазақстан Республикасынан – 14 делегат

  • Қырғызстын Республикасынан – 7 делегат

  • Тәжікстан Республикасынан – 7 делегат

  • Өзбекстан Республикасынан – 7 делегат

Парламентаралық Ассамблея кеңсесі Санкт-Петербургте (Ресей) орналасқан.

Бірлестік Соты ЕврАзЭС-тің мекемелерінде және бірлестік шеңберінде қабылданған келісімдер мен шараларды толыққанды бір деңгейде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жалпы оның функциялары: бірлестіктің органдарының мүшелерімен қабылданған келісімдердегі экономикалық характердегі қайшылықтарды қарастыру және оларды шешу.

ЕврАзЭС-тің Бірлестік Соты Минск (Белоруссия) қаласында орналасқан.

ЕврАзЭС органдарының басшылары сонымен қатар болып жатқан процесттердің эволюциясын, осы саладағы қатысушы мемлекеттердің қызығушылығын көрсететін форумдарды қадағалау келесі кезекте мәселеге қарасты қатысушы мемлекеттер үкіметімен ортақ диалогтардың өтуін қамтамасыз етеді. 2002 жылы ЕврАзЭС-тің іскерлік кеңестері мен ассоцациясы құрылды, бұлар өз қол астына бір саладағы гильдилерді жинастырды (экспедициялық транспорт, банктік, құрылыс, мұнай химиясы, металлургия және т.б). Ассоцацияны ұйымдастырушы РФ ның сауда өндірістік палатасы, Ресей өндірушілері мен кәсіпкерлері және ассоцация Ресейдің өнеркәсіптерінің тобынан құралған. 2003 жылы ақпанда ЕврАзЭС-тің алғашқы халықаралық форумы өтті - әртүрлі мемлекеттердің бизнесмендерінің бірлестіктегі жаңа формасының аясындағы мәселелерге қарасты. Бұл интеграциялық процестердегі жаңа екпінді туғызады.

Соңғы мемлекет басшыларының жуырда (2007 жыл қазан)болған кездесуінде ЭврАзЭСтің болашақтағы жұмыстарының негізі айқындала түсті. ЭврАзЭС бар, болады, жұмыс істейді. Біріншіден, Ресей, Қазақстан, Белоруссия өз Кедендік бірлестітерінің негізіне толықтырулар енгізуде. Екіншіден, ЭврАзЭС шеңберінде Орталық Азияның су шаруашылығының мәселелерін шешу. Үшіншіден, ұйым шеңберінде ортақ энегетика рыногына байланысты мәселелерді жандандыру. Ортақ мүдделердің негізінде асқақ мақсатқа қол жеткізе білсе, ЕврАзЭСтің ОПЕК сынды алдыңғы деңгейдегі ұйым құрылымының негізіне айналатынына үміт бар.
Тест сұрақтары:


  1. ЕврАзЭС дегенніміз не?

А) Антитеррорлық ұйым

В) Халықаралық экономикалық ұйым

С) Сепаратизм және діни экстремизмдерге қарсы бірлестік

D) Сыртқы Қорғанысты қамтамасыз ететін одақ

Е) Нашақорлықпен күрес


  1. ЕврАзЭС ке қатысушы мемлекеттер қатарын көрсет

А) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы

В) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,Түркіменстан Республикасы

С) Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина Республикасы

D) Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы

Е) Армения, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Молдавия Республикасы


  1. ЕврАзЭС тің бақылаушы мемлкеттері

А) Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия

В) Түркіменстан, Грузия, Армения

С) Украина, Белоруссия, Молдавия

D) Грузия, Молдавия, Украина

Е) Армения, Молдавия, Украина



  1. Бірлестіктің иницеаторлары кімдер?

А) Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстана – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали Рахмонов.

В) Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстана –Кәрім Мәсімов, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали Рахмонов.

С) Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстана – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Молдавия – Владимир Варонин.

D) Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстана – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан – Құрманбек Бакиев, Ресей - Владимир Путин, Тәжікстан - Эмомали Рахмонов.

Е) Белоруссия -Александр Лукашенко, Қазақстана – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Асқар Ақаев, Ресей - Владимир Путин, Түркіменстан –Гурбангулы Бердімұхамедов.


  1. ЕврАзЭС тің жалпы территориясының көлемі мен орташа жалпы халқының санын көрсет

А) 40056 мың кв.км. 128 млн. адам

В) 34987 мың кв.км. 203 млн. адам

С) 20324 мың кв.км. 181 млн. адам

D) 19845 мың кв.км. 187 млн. адам

Е) 20745 мың кв.км. 189 млн. адам


  1. ЕврАзЭС қашан және қайда құрылды

А) 2000 жылы 10 қазан Астана (Қазақста)

В) 2000 жылы 5 ақпан Москва (Ресей)

С) 2000 жылы 24 сәуір Душанбе (Түркіменстан)

D) 2000 жылы 16 сәуір Алматы (Қазақста)

Е) 2000 жылы14 желтоқсан Астана (Қазақста)


  1. ЕврАзЭС 2003 жылы қандай статусқа ие болды?

А) БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы статусы

В) БҰҰ кеңесінде төрағалық стаусы

С) БҰҰ штаттан тыс форумында бақылаушы статусы

D) БҰҰ кедендік бақылаушы статусы

Е) БҰҰ секретариатының мүшесі статусы


  1. ЕврАзЭС тің органдар структурасы

А) Мемлекет аралық Кеңес, Интеграциялық комитет, Парламент аралық Ассамблея және Бірлестік Соты.

В) Мемлекет аралық Кеңес, Интеграциялық комитет, Секретериат, Парламент аралық Форум және Бірлестік Соты.

С) Экономикалық Кеңес, Интеграциялық отырыс, Секретериат, Парламент аралық Ассамблея және Бірлестік Соты.

D) Президенттер Кеңесі, Интеграциялық комитет, Секретериат, Парламент аралық Ассамблея және Бірлестік Соты.

Е) Мемлекет аралық Кеңес, Интеграциялық комитет, Секретериат, Парламент аралық Ассамблея және Бірлестік Соты.


  1. Интеграциялық коммитетте қатысушы мемлекеттердің дауыс бөлінісі

А) Ресей – 40% дауыс,Белоруссия,Қазақстан – 25% дауыс, Қырғызстан,Тәжікстан – 10% дауыс
В) Ресей – 40% дауыс,Белоруссия,Қазақстан – 25% дауыс, Қырғызстан,Тәжікстан,Өзбекстан – 10% дауыс

С) Ресей – 50% дауыс,Белоруссия,Қазақстан – 15% дауыс, Қырғызстан,Тәжікстан, Өзбекстан – 5% дауыс

D) Ресей – 40% дауыс,Белоруссия,Қазақстан – 20% дауыс, Қырғызстан,Тәжікстан,Өзбекстан – 10% дауыс

Е) Ресей – 30% дауыс,Белоруссия,Қазақстан – 30% дауыс, Қырғызстан,Тәжікстан,Өзбекстан – 20% дауыс




  1. ЕврАзЭС тің құрамына соңғы кірген мемлекет және қашан?

А) Қазақстан Республикасы (2006)

В) Түркіменстан Республикасы (2006)

С) Өзбекстан Республикасы (2006)

D) Беларусь Республикасы (2006)

Е) Қырғызстан Республикасы (2006)


Глоссарий
Интеграция -(латынша «қайта қалпына келу») қандай да бір бөлшектердің бір бүтінге бірігуі.

Демократизация- билік көзіне халықты жақындату

Федерация (лат. foederatio одақ,топ) мемлекеттік басқару формасы

Кризис- ( грекше «шешім») саяси,қаржылық,экономикалық және т.б әлеуметтік процестер тұрақтылығының бұзылуы.

Тариф жоспарлы бағамдар (төлемдер) жүйесі

Посткеңестік кеңістік КСРОның құрамында болған,қазір тәуелсіз мемлекеттер.

Концепция- (латынша «қабылдау») қандай да бір мәселеге байланысты көз-қарастар жүйесі

Стратегия ұзақ мерзімді жоспар

Унификация ортақ, бір стандартты жүйеге негізделу


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Интернет желісіндегі ақпараттар: www//google.ru, www//rambler.ru

ЕврАзЭСтің жеке сайты www//minsk.ru, www//kiev.ru

ТМДның жеке сайты

Келісімдер негізінің нұсқалары

Ескелді ауданы

Қарабұлақ орта мектебі
Р е ф е р а т

Тақырыбы:



Еуразиялық Экономикалық Бірлестік

Орындаған:

Тексерген:

Қарабұлақ кенті 2008
Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет