Жоспары: Көне Египет мәдениеті



бет2/5
Дата27.09.2023
өлшемі28.38 Kb.
#478799
түріСабақ
1   2   3   4   5
№2. Көне Египет мәдениеті, көне Шығыс мәдениеті, Антика мәдениеті

Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылғаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды. Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлармен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу-Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болаған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты, кейіннен яғни Чжоу династиясы кезеңінде Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы аспан астындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бұл атақ пен қытай елінің бұл аты ХХ ғасырға дейін сақталып отыр. Чжоу дәуірінен бастап- Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық, және т.б.ұғымдар аспаннның космостық күштерінен қуат алған, онымен ұдайы байланыста болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушісінің бойындағы ізгі қасиеттермен байланыстырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеуші ғана өз елін, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттері бойында жоқ адамдар ел басқару құқынан айырылады. Ежелгі қытайлықтар өмірдің мәнін адамдардың космос кеңістігімен дұрыс қарым-қатынастар орната біліуімен байланыстырылады. Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында және т.б. діни этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тиізбей қойған жоқ.
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамнаң іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік көңіл-күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен, баяндап тұрмын» және таға басқа. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтжесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық діни үштікті құрады. Үнді –будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдыретті мәдениеттердің бірі –Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдениет дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді жеріне келген арийлар өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі-Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалер дегеніміз- діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері » деп өте жоғары бағалаған болатын.
Үнді –Будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да оның көптеген жақтаушылары бар. ХІХ ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Виваканада, ал ХХ ғ. Р.Тагор Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп ол өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.
Санкхья» материалды дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ ешнәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжерлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшілік тер жойылады. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады.
«Ньяя» логика заңдарына сүйенеді, оны ұғынып-білу-адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі-вайшешикаға жақын болып келеді.
«Вайшешика»- адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрын көрсетеді. Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және ол мәңгілік болып сналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан тұрғанымен, оның басты қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.
Б.з.б. ҮІ ғасырда үнді елінде, кейінен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Буддизмнің негізін қалаушы Сидхартха Гаутама Будда болатын. Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның нагізін қалаушы - Махавира болатын. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде-аскетизмді насихаттайды.
Индуизм - бір-бірінен тәуілсіз бірнеше наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. Оның негізінде-брахманға, Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осыладың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі үстем болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет