-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабақ қа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)
-
Тұмау этиологиясын, эпидемиологиясын
-
Патогенез, алдын алу шараларын
-
Емдеу, арнайы профилактикаларын
-
Эпид.ерекшеліктерін
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
-
ЖРВИ, аденовирусты инфекцияның этиологияларын, эпидемиологияларын
-
Патогенез, алдын алу шараларын
-
Емдеу, арнайы профилактикаларын
-
Эпид.ерекшеліктерін
Ақпараттық-дидактикалық блок
Паратұмау – жалпы улану белгілерімен мұрынның және көмейдің шырышты қабаттарының көбірек зақымдалуымен сипатталатын, тыныс алу жолының жедел жұқпалы ауруы.
Этиологиясы. Паратұмау қоздырғышы парамиксовирустар тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ-ы бар, сыртқы ортада тұрақсыз вирустар. Паратұмау вирусының 5 түрі белгілі, барлығы гемагглютинирлеуші белсенділікке ие, барлығында нейроаминидаза табылған.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі науқас адам. Берілу механизмі аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы.
Патогенезі. Паратұмау вирусы жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатына еніп, эпителиалды жасушаларға шоғырланып, осы жерде көбейіп, қабыну үдерістерін тудырады. Паратұмау вирусы әсіресе мұрын және кеңірдектің кілегей қабатына төзімді болғандықтан, бұл жерде қабыну үдерісі айқын болып, гиперемия және ісінумен сипатталады. Кейіннен эпителиалды клеткалардың қалдық заттары қанға түсіп, айқын емес улану белгілері байқалады.
Клиникасы. Жасырын кезеңі 2-7 күн, орташа есеппен 3-4 күн. Ауру біртіндеп басталады. Алғашта бастың ауырсынуы, әлсіздік. Дене қызуы субфебрилды немесе аздап көтерілуі мүмкін. Катаралды белгілер паратұмауда аурудың бірінші күндерінен бастап айқын білінеді. Дөрекі құрғақ жөтел, тамағы ауырсынады, мұрыннан су ағады, мұрыны бітеді. Мұрыннан алдымен шырышты бөлініс болады, сосын шырышты-іріңді бөлініс. Аңқаны қарағанда, иіндердің, жұмсақ таңтайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, шырышты қабаттары, қызарады, ісінеді кейде лакуналарда іріңді экссудутивті бөлініс болуы мүмкін. Паратұмаудың асқынуы көмейдің тарылуына (стеноз) алып келеді.
Күтім ерекшеліктері. (Тұмауды қара).
Емі.
1. Режим (барлық қызба кезеңінде төсектік).
2.Тұмаумен ауырған науқастарға өте көп мөлшерде сұйықтық (шай, шырындар, морс), № 4 үстел диетасын барлық қызба кезеңінде сақтау керек, және де витаминдерге бай жеміс-жидектер ұсынылады.
3. Этиотропты ем: вирусқа қарсы препараттар - ремантадин арнайы схемамен беріледі, 1-ші күні 100 мг-нан күніне 3 рет, 2-3-ші күні 100 мг-нан күніне 2рет, 4-5-ші күні 100 мг-нан күніне 1 рет. Айқын интоксикация болған кезде тұмауға қарсы гамма-глобулин немесе қалыпты адам иммуноглобулині ( б.е 5,0 мл-ден 3-5 күн бойы)
4. Патогенетикалық. Ауыр ағымында дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Көрсеткіштер бойынша гемодез, реополиглюкин, альбумин ерітінділері.
5. Симптоматикалық ем. Қызба болған кезде қызбаны түсіруші препараттар парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин тағайындалады.
Аденовирусты инфекция – жоғарғы тыныс жолдарының, көздің, ішектің кілегей қабаттарын және лимфоидты тіндердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Құрамында ДНҚ-ы бар вирус. Қазіргі кезде адамнан аденовирустың 32 серотипі бөлінген. Көбінесе ауру аденовирустың 3,4,7,14 және 21 серотиптерімен шақырылады. Кейбір аденовирустың серотиптері гасторэнтеритті тудырады. Аденовирустар сыртқы ортаға төзімсіз, бірақ бөлме температурасында 2 аптаға дейін сақталына алады. Дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам. Берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолдары ауа-тамшылы. Аденовирустар бөлме температурасында 2 аптаға дейін сақталғандықтан тұмыстық заттар арқылы берілу мүмкін. Маусымдылығы күз-қыс айлары.
Патогенезі. Аденовирустар адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді. Вирус лимфоидты ткандерге жоғары тропты әсер етіп, аңқада олар көбейіп, қабыну процесі туады. Кейіннен вирус қанға өтіп, бүкіл ағзаға жайылып интоксикацияға алып келеді. Аденовирустар лимфоидты ткандерді зақымдау нәтижесінде иммунды жүйені бәсеңдетіп, екінші бактериалды асқынулардың туындауына ықпал етеді.
Клиникасы. Ауру жедел басталады, бірақ симптомдары бір мезгілде пайда болмайды, біртіндеп алғашқы белгілері дене қызуының жоғарлауы, катаралды белгілер көрінеді. Жалпы улану белгілері паратұмауға қарағанда айқынырақ білінеді. Дене қызуы 2-3 күн қатты жоғарлайды. Аденовирусты инфекцияға тән белгі – мұрыннан көптеп серозды бөліністердің бөлінуі, мұрынның шырышты қабатының ісінуі салдарынан мұрыннан дем алу қиындайды. Аңқада шырышты қабаттар ісінген, қызарған. Бадамшалар зақымдалған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы гранулезді фарингит түрінде өзгерген. Аденовирусты инфекциямен ауырған науқастың түрі бозарған, беті ісінген, көзі қызарған, қабықты конъюнктивит, алдымен бір көз зақымдалады, кейіннен екінші көз зақымдалады. Регионалды лимфа түйіндері, бауыр, көк бауыр ұлғайады, кейде диспепсиялық өзгерістер болады.
Күтім ерекшеліктері. (Тұмауды қара)
Емі. Арнайы емдеу әдістері өңделмеген. Науқасқа көрсеткіштер бойынша патогенетикалық және симптоматикалық емдер тағайындалады. Конъюнктивит дамыған кезде көзді 2% бор қышқылымен, 20 -30 % сульфацил-натрий ерітіндісімен және құрамында антибиотик қосарланған майлармен өңдейді. Екіншілік бактериалды асқынулар болған жағдайда антибиотиктер тағайындалу қажет.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)
13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)
17 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Менингококты инфекциялар.
2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: ауа тамшы инфекцияларының эпидемиологиялық ерекшеліктерін үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
-
Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.
-
Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.
-
Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.
Қосымша (Қ)
-
Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.
-
Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.
-
ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.
-
Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.
Достарыңызбен бөлісу: |