Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин



бет9/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • А, Е вирусты гепатиттер этиологияларын, инфекция көздерін

  • Берілу механизмдерін, патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • В, С, Д вирусты гепатиттер этиологияларын, инфекция көздерін

  • Берілу механизмдерін, патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Гепатит А (ГА) –бауырдың зақымдалуымен жүретін және қатерсіз ағыммен сипатталып, толық айығып кететін , РНК-құрамды вируспен шақырылатын жедел инфекциялық ауру.



Этиологиясы. ВГА (НАV) - бұл көлемі 26-28 нм болып келетін майда қабығы жоқ бөлік, электронды микроскоппен зерттегенде “бос” немесе “толық “ болып келеді. РНК-геном- бұл сызықтық , біреулік дөңгеленген молекула .

Вирустың жұқпалылығы 20 градус температурада жылдар бойы сақталады. Эфирге, қышқылдарға тұрақты. 1атм. (119-120 гр.) 20 мин. ішінде суда қайнатқанда, құрғақ ыстықта 180 С 1сағ. ішінде жойылады және 1мин. ішінде УФ –сәулесімен, 3 тәулік ішінде формалинмен (1:4000), 30 мин. ішінде 370С-та хлормен жойылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адам және вирустасымалдаушы. Жұғу механизмі фекалді-оралді, берілу жолдары алиментарлы, тұрмыстық қарым-қатынас. Плацента арқылы вирус өте алмайды.

ГА – жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Таралу дәрежесі бойынша ЖРВИ және жедел ішектік инфекциялық аурулардан кейін үшінші орын алады. Балалардың ауру жұқтыру саны 60% - ке жеткендіктен ГА балалар инфекциясы болып саналады. Көбінесе 3 – 7 жас аралығындағы балалар ауырады. Бір жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың қанында анасынан қалған трансплацентарлы антиденелер болады.

Аурудың өршу кезеңі күзгі – қысқы маусым. ГА – мен ауырып, айыққаннан кейін өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі.Тағаммен немесе сумен ВГА (НАV) асқазан-ішек трактіне түседі, жіңішке ішектің қабығын қамтып қанға өтеді, одан кейін гепатоциттерге фиксирленеді.Осының әсерінен клетка мембраналарымен араласып,(НАV) липидтердің тотығу процестерінің активациясын иницирлейді.Бұл биомембраналардың гидрофобты қабатындағы липидтердің дезорганизациясына алып келеді, яғни липид қабаттарында тесіктер пайда болып олардың өткізгіштігі жоғарылап кетеді.Цитолиз нәтижесінде қан сарысуында әр түрлі бауыр-клеткалы ферменттер пайда болып , зат алмасу процестері бұзылады; альбумин синтездеу қабілеті, ұю факторы, байланысқан билирубинді экскрепциялау бұзылады (“клеткалық регургитация” синдромы).

Биомембраналардың өзгергіштігінің нәтижесінде K – Na насосысының функциясы бұзылады, клеткаішілік ацидоз дамуы мүмкін. Гепатоцит мембраналарының құрылысы бұзылысынан, клеткаішілік рН қышқыл ортаға жылжуы қышқыл гидролазалардың пайда болуына алып келеді. Осының әсерінен некрозға ұшыраған бауыр клеткалары гидролизденеді, нәтижесінде ақуыздық комплекс ажырайды да, ауто – антиген ретінде гепатотропты вируспен бірге қызмет атқарады.

ГА патоморфологиялық өзгерістері бауырдың барлық ұлпалық компоненттерінде көрінеді: паренхима, дәнекер тінді строма, ретикулоэндотелий, өт шығару жолдары. Органның зақымдану дәрежесі ұлпаның эпителиалді бөлігіндегі дистрофиялық және некротикалық өзгерістерге байланысты болады.

Клиникасы. ГА типтік ағымының бес кезеңі бар: 1. Инкубациялық 10 – 45 күн. 2. Продромалды 2 – 6 күн. 3. Өршу 7 – 14 күн. 4. Сарғаюдан кейін. 5. Реконвалесценция 2 – 3 ай.

Продромалды кезеңніің клиникалық көрінісі:



  • Дене температурасы субфебрильді немесе фебрильді (38 – 390С)

  • Жалпы жағадайы нашарлайды (бас ауру, тәбеттің төмендеуі, сандырақ)

  • Жүрек айну, құсу, іш ауру (оң жақ қабырға аралықта немесе белгісіз локализациямен)

Сонымен қатар қысқа диспепсиялық өзгерістер көріністер береді: метеоризм, іш қату, іш өту. Жеңіл катаральді құбылыстар : мұрын бітелуі, жұтқыншақ гиперимиясы.

Ауру басталғаннан бір – үш күннен кейін температура төмендейді. Бірақ, жалпы әлсіздік, іш аймағындағы ауырсынулар, диспепсиялық симптомдар сақталады. Осы кезде гепатомегалия байқалады. Пальпация кезінде бауыр ауырсынады. Продромалды кезеңінің соңында несеп түсі қараяды, ал нәжіс түссізденеді.

Диагностикалық тексеру тәсілдері:


  • Бауыр - клеткалық ферменттің активтілігі – АлАТ және АсАТ жоғарылайды.

  • Тимол сынамасы жоғарылайды

  • β – липпротеид жоғарылайды

  • уробилин, содан кейін өт пигменттері

Типтік ағымдағы ГА сарғаю кезеңдерінің симптомдары. ГА сарғаю кезеңінің ерекшелігі болып науқаста сарғаюдың пайда болып, оның жағдайының жақсаруы болып саналады, яғни интоксикация симптомы төмендейді, тәбеті жақсарады, қозғалу активтілігі артады. Сарғаю кезеңінде бауыр өлшемдері максимальді үлкейеді, оның шекарасы қатайған, дөңгеленген, пальпацияда – ауырсыну. Ахолия және холурия байқалады.
Күтімі.

Науқасты толық емдеу мақсатында барлық қолайлы жағдай жасалуы қажет. Вирусты гепатитпен ауырған науқастың жағдайы оның этиологиясына байланысты емес. Және де ең маңыздысы емдік-қорғау режимі – науқастардың активтілігі максималды түрде азаюы керек. Өйткені бұл кезде бауырдың тіндерінің репарациясы әлде қайда жылдамырақ жүреді. Науқастар аурудың жеңіл түрінде – жартылай төсектік, ал ауыр түрінде – төсектік режим сақтау керек.

Вирусты гепатитпен ауырған науқастардың клиникалық көрінісінің диапозоны өте кең болғандықтан медбике оны есепке алуы қажет. Бұл кезде науқаста кешкі және түнгі уақытта тері қышынуы мүмкін, көбінесе вирусты гепатиттердің холестатикалық түрінде байқалады. Қышынуды азайту мақсатында 1-2% ментол ерітіндісі және камфорлы спирт, 3% тағамдық уксус ерітіндісі қолданылады. Вирусты гепатитпен ауырған науқастарда сонымен қатар геморрагиялық синдром байқалуы мүмкін, бұл теріде қан құюлулар мен мұрыннан және басқа да қан кетулермен байқалады. Инъекция жасалған жерлерде геморрагиялар өте жиі кездеседі. Мұны болдырмау үшін күре тамырға инъекция жасау барысында өте мұқият болып, бір тамырға бірнеше рет жасамау керек. Гепатитті бөлімшеде жұмыс атқаратын медбикелер күнделікті ағымды дезинфекция жасауы қажет және санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы керек.
Ауруханадан шығару ережелері

ВГА-мен ауырған науқастарды сарғаю белгілері жоғалғаннан кейін, пигментті алмасулардың көрсеткіштерінің қалыптасуынан кейін және бауыр көлемінің кішіреуінен кейін ауруханадан шығарылады.



Алдын-алу шаралары

ВГА-ның алдын-алу мақсатында бірнеше шаралар қолданылады. ВГА созылмалы вирустасымалдаушылық болмағандықтан ауру көзі типті және атипті түрімен ауыратын науқастар болып табылады.



Диспансерлік бақылауды стационарлы гепатологиялық кабинетте өткізу қажет. Осындай кабинетті ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда учаскелік дәрігер бақылау жүргізеді.

Ауруханадан шықаннан кейін алғаш рет 15-30 күннен кейін қарайды, қайталап 3 айдан кейін, қалдық көрсеткіштері жоқ болғанда реконвалесцент диспансерлік есептен шығарылады. Қатаң клиникалық көрсеткіш бойынша арнайы санаторияларға жіберіледі.

Гепатит Е (ГЕ) – РНҚ - құрамдас вируспен шақырылатын, фекальді –оральді механизммен берілетін (инфицирленген су арқылы) және клиникалық көрінісімен, ГА сәйкес сипатталатын жедел инфекциялық ауру.

Этиологиясы. Вирусты гепатит Е (HEV) – вирус тәрізді бөлік, салыстырмалы түрде үлкен емес, диаметрі 26-34 нм сфералық формалы бір спиральді РНҚ құрайды, HАV – пен антигенді байланысы жоқ. Қазіргі кезде вирус Е калицинтәрізді вирустар қатарына жатқызылады.

Эпидемиологиясы. ГЕ берілу механизмі фекальді-оральді антропонозды инфекцияларға жатады.

Инфекция көзі – ауру адам болып саналады. Берілудің негізгі жолы –сулы. Сонымен қатар, инфицирленген тағамды қолдану кезінде жұғуы мүмкін. Контактты заттар арқылы жұғу жолы ГЕ-ге жатпайды, себебі аурудың нәжісінде вирустың концентрациясы айтарлықтай төмен, ГА-мен ауыратын науқаспен салыстырғанда.

ГЕ ауруының ең жоғарғы саны Оңтүстік – Шығыс және Орталық Азияда, Индияда, Орталық Америкада тіркеледі. Тропикалық елдерде аурудың жоғарылауы жауын-шашынға сәйкес келеді, Орталық Азияда – күз-қыс кезеңінде күшейеді. Ресей аумағының Европалық бөлігінде ГЕ спорадикалық түрде байқалады.

15-30 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады. ГЕ ауруының 5-10 жас тобындағыларда болмауы HEV инфекциондылығы өте төмен және инфицирлеуші мөлшердің кіреберісінде өте жоғары болуымен түсіндіріледі.

ГЕ-ден кейінгі иммунитет өмірлік болып қалмайды, сол себепті бірнеше жылдан кейін ауру қайталануы мүмкін.
ГЕ жаңа классификациясы қандай?

Қазіргі уақытта жедел ГЕ-нің бірегей жалпы қабылданған классификациясы жоқ, сол себепті диагноз толтырар кезде Колтыпин принциптерін қолданған дұрыс, онда типін, ауырлық түрін және аурудың ағымдық сипатын көрсету керек.


ГЕ патогенезінде жаңа көзқарастар қандай?

ГЕ патогенезі толық зерттелмеген. ГА- дан айырмашылығы жоқ деген пікірлер бар.

НЕV ішек-қарын трактісінен портальді қан арқылы гепатоциттерге енеді. Осыған байланысты тікелей вирусты цитолиз дамиды, ал иммунопатологиялық механизм ешқандай роль атқармайды. Қалыптасқан антиденелер вирустың бөліктерін байланыстырады және инфекционды процесті тежейді.

Қазіргі уақытқа дейін жүктілердегі ГЕ-нің ауыр және өте ауыр формасының даму механизмдері түсініксіз болып қалды. Ерекше вирулентті НЕV мутантының даму мүмкіндігі беріледі, ол жүкті әйелдерде иммунды жауапқа қарсылық туындауы нәтижесінде.


ВГЕ кезінде бауырда қандай патормофологиялық өзгерістер анықталады?

ГЕ ауыратын науқастардың бауырының биоптатын морфологиялық зерттегенде өзгерістер анықталмайтыны куәландырады. Шартты түрде ешқандай патологиялық ГА-ға ұқсас гепатоциттердің негізгі массасы зақымдалмағанда, фекальды немесе бауырдың дақты некрозының дамуында некробиотикалық процесс шектеледі. Жүктілерде фульминантты формасы жалпыланған мосттәрізді, субмассивті немесе бауырдың массивті некрозымен сипатталады.


ГЕ-нің негізгі клиникалық кезеңдерінің ұзақтығы қандай?

ГЕ-нің инкубациялық кезеңі 10-нан 50 күнге дейін созылады.

Сарғаю алды кезеңінің ұзақтығы 3-7 күнді құрайды.

Сарғаю кезеңі қысқа және 1-2 аптадан аспайды.

Клиникалық сауығу 2-3 аптадан кейін басталады.

Бауырдың құрылысы мен функциясының толығымен қалпына келуі 2-3 айдан кейін жүреді.


ГЕ-нің клиникалық көрінісінің ерекшелігі қандай?

Аурулардың көпшілігінде ГЕ клиникалық ағымы басқа вирусты гепатиттермен салыстырғанда ерекше сипаттамалары жоқ. Аурудың басталуы жедел және біртіндеп жүреді, сарғаю және сарғаюсыз формалары тіркелген.

Сарғаю алды кезеңі анық көрініс береді, бірақ болмауы да мүмкін. Ереже бойынша диспепсиялық тип түрінде өтеді, бірақ артралгия, диарея болуы мүмкін. Қызба тұрақты емес. Сарғаюдың пайда болуы кезінде гепатомегалия, ахолия, холурия дамиды.

Сарғаю кезеңі қысқа. Тері мен склераның сарғаюы анық емес. Аурудың холестатикалық формасы дамуы мүмкін. Жалпы инфекциялық симптомдары қысқа уақытты және әлсіз көрінеді.

Параклиникалық тексеру кезінде анықталады:

● АлАТ және АсАТ белсенділігінің жоғарылауы;

● Тимол пробасының жоғарылауы;

● Зәрде өт пигменттері.

ГЕ циклдік ағыммен сипатталады, процестің созылмалығы анықталмайды, жазылумен аяқталады.

Жүкті әйелдерде, сонымен қатар, аурудың ерекше ауыр ағымы анықталады, әсіресе жүктіліктің соңғы уақытында. Бауырдың массивті некрозының дамуымен және гепатоцеребральді жеткіліксіздіктің нәтижесінде, ауру фульминантты тип бойынша өтеді. Соңғысы өте күшті интоксикацияның жоғарылаумен, команың тез дамуымен, ДВС-синдромының айқын белгісімен манифесттеледі. Дамып жатқан жүкті әйелдердің организміндегі патологиялық өзгерістер, сирек жағдайда, жүктілікті өзіндік үзуге алып келеді. Балалардың ішінде, әсіресе тірі туылғандар, жартысынан көбі өмірінің бірінші айында өледі.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

13 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Бруцеллез.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: бруцеллез ироз этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет