-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
-
Оба анықтамасын, этиологиясын, эпидемиологиясын
-
Клиникасын
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
Ақпараттық-дидактикалық блок
Оба – антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен, өте айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Патогенезі. Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтың токсикалық және септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы ағзаға енген болса, онда енген жерінде пустула, карбункул сияқты қабынулар, яғни 3-4% жағдай да ғана кездеседі. Жиі қоздырғыш, енген жерінде терілік өзгерістерді тудырмай, лимфа тамырлары арқылы аймақтық лимфа бездерге өтеді, ол жерлерде геморрагиялық некротикалық қабыну – бубон пайда болады.
Біріншілік және екіншілік бубондарды ажыратады. Біріншілік деген қоздырғыштың енген жерінің маңайындағы бездерде, ал екіншілік бубондар өте көп және қан арқылы пайда болады, қоздырғыштың енген жерімен байланыссыз. Егер қоздырғыш енген жерінен бірден қанға өтсе, онда екіншілік бубондар түзіліп –мұны септикалық түрі деп атаймыз.
Күтім ерекшеліктері. Обамен ауырған науқастардың күтіміндегі маңызды мәселе өте қатал эпидемияға қарсы шараларды сақтау болып табылады. Барлық медицина қызметкерлері науқасты бақылаған, науқас ауруханадан шығып кеткеннен кейін 6 күн өткен мерзімде ғана босатылады. Обамен ауырған немесе күдік туған науқаспен, обаға қарсы киімді қолданбай тікелей қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлерін барлық жасырын кезеңі уақытына оқшауландырып, антибактериалды ем тағайындайды.
Науқас жатқан бокста терезелер, есіктер және желдендіргіш люктар желімдеп бекітілуі керек. Бөлмені терезе ашып желдендіруге мүлдем тиым салынады. Науқасқа күтім және бақылау жасап отырған медицина қызметкері міндетті түрде обаға қарсы костюмде болуы тиіс және барлық науқастың бөліністері шелекке жиналып, дезерітінділермен өңделеді. Бөлмеде тианақта түрде ағымды дезинфекция жасалынады.
Обаның ауыр ағымымен ауырған науқастар үнемі төсектік режимде болады, себебі бұл ауруда жиі жүрек қан-тамыр жүйесі зақымдалады. Сондықтанда мұндай науқастарда (бірден төсек орыннан немесе қимыл жасағанда) жүрек тоқтауы немесе жүрек қан-тамыр жүйесінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Және де бірден-бір науқас өлімінің себебі болуы да ықтимал. Науқастарда сандырақтау, галлюцинациялар болғандықтан медбике үнемі бақылап, оларға активті қозғалысына тиым салып отырады. Өкпе зақымдалған нәтижесінде науқаста ентігу үнемі қосарланып жүреді, сондықтан ылғалды оттегі беріледі. Бубонды түрімен ауырған науқастарға ауырсыну сезімін басу үшін құрғақ және жылы компрестер қойылады.
Емі. Обаны емдеу барысында маңызды орын антибактериалды препараттарға беріледі. Этиотропты ем ретінде стрептомицин (0,5-10 г. күніне 3 рет), левомицетин (6-8 г. тәулігіне), тетрациклин тобындағы, аминогликозидтер, дене қызуының қалыптасқаннан кейін де 5-6 күн қабылдайды. Антибактериялық дәрілердің мөлшері аурудың түріне және ауырлық дәрежесіне байланысты.
Дезинтоксикация мақсатында коллоидты (альбумин, плазма, реополиглюкин, гемодез) және кристоллоидты (полиионды қосылыстар, 5% глюкоза) ерітінділер қолданылады. Және де жүрек қан-тамыр жүйесін жақсартатын (жүрек гликозидтері), тыныс алуды ( тыныс алу аналептиктері) және зәр айдайтын (диуретиктер) дәрілер, міндетті түрде витаминдер (аскорбин қышқылы, В1,В6, В12 топтағы), дене қызуын түсіретін және симтоматикалық препараттар тағайындалады.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)
24 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Туляремия
2. Сағат саны: 1 сағ. 100 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: туляремия анықтамасын, этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, диагностикасын, алдын алу шараларын үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
-
Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.
-
Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.
-
Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.
Қосымша (Қ)
-
Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.
-
Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.
-
ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.
-
Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.
Достарыңызбен бөлісу: |