Жұқпалы аурулар


Эпидемиология – аурудың көзі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.09.2024
өлшемі276.93 Kb.
#503517
1   2   3   4   5   6
каз.-УМК-No.1-Безгек-

Эпидемиология – аурудың көзі 
Ауруды жұқтыратын безгекпен ауырған науқыс немесе безгектің қоздырушысын ағзада 
сақтаған адам. Ауру адамды (Анофелес – Anopheles) маса шағып, соңынан сау адамды 
шаққанда жұқтырады немесе ауырған адамның қанын басқаға құйғанда жұғады және ауру 
аяғы ауыр әйелден іштегі балаға да немесе жаңа туғанда нәрестеге де жұға береді. 
Патогенезі – аурудың дамуы 
Безгектің барлық түрлерінде тіндік шизогония жасырын кезеңге сай келеді, сондықтан 
аурудың белгілері біліне бермейді; 
Жасырын кезеңінің соңында эритроциттік шизогония басталып, аурудың белгілері 
байқалады; 
Шизогонияның ұзақтығы безгек ұстамасының кезеңдерін анықтайды. Мысалы: 
тропикалық, үшкүндік, овале түрінде 48 сағатқа, ал төрткүндікте 72 сағатқа созылады; 
Безгектің ұстамасы (пароксизм), эритроциттердің зақымдануында пирогендік белокқа 
берген жауабы; 
Ұстама кезінде биологиялық белсенді заттар бөлінеді және олар қан тамырларының 
өткізгіштігіне әкеледі; 
Қан қоюланып, қан ұйыйды (тромб); 
Плазмодилер гемоглобинді ыдыратып, пигмент пайда болады, сондықтан ағзалар мен 
тіндерді бояйды; 


Эритроциттердің (гемолизі) – қанның қызыл түйіршіктерінен гемоглобиннің бөлінуі 
анемияға әкеледі (тропикалық безгекте); 
Асқынулар – кома, ИТШ (шок) және БЖЖ (ОПН); 
Қарапайымдар ішкі ағзалар мен мидың капиллярларында өседі (паразитемия); 
Қанның қызыл түйіршіктері бір – біріне жабысып, қан тамырларының соңғы бөлігін 
бітейді, сондықтан науқастың миы ісінеді, ал бүйректің жедел жетіспеушілігі (ОПН), 
бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіне әкеледі. 
Клиникалық белгілері 
Қоздырғыштың 4 түріне байланысты безгек ауруының 4 түрі кездеседі: үшкүндік, 
төрткүндік, тропикалық және овале түрі. Ауру бірнеше даму кезеңдерімен сипатталады. 
Жасырын кезеңі үш күндік, овале безгегінде 10 – 16 күн, төрткүндік безгекте 20-25 күн, 
тропикалық безгекте 8 – 10 күн уақытты қамтиды. Аурудың алғашқы кезеңінде сырқат 
адамның денесі қалтырап, басы ауырады, денесі құрысып сәл дене қызуы көтеріледі. 
Аурудың өрістеу кезеңі негізгі үш белгіден тұрады. Олар: «қалтырау», «қызба», «терлеу» 
белгілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет