Қалтырау (озноб)
Ол кенеттен басталады, науқастың тісі – тісіне тимейді, үстіне қанша киім жапса да
жылынбайды. Бұл белгілер 30 минуттан 2 сағатқа дейін созылады және науқастың дене
қызуы тез көтеріле бастайды.
Қызба (жар)
Қызу 39 – 40
0
С – қа жетеді, тіпті одан да жоғары көтерілуі мүмкін. Басы бұрыннан да
қатты ауырады, бұлшық еттері сүйектері ауырып сырқырайды, тілі кебеді және жүрегі
айнып құсады. Беті қызарып, кеуіп ысынады. Бірнеше сағаттан кейін қызба тез арада
төмендеп (кризис) 36
0
С – танда төменге дейін қызуы түседі де қара су болып терлейді.
Кейде төсек орнын, киімін ауыстыруға тура келеді. Науқастың бойында әлсіздік пайда
болып, ұйықтап кетеді. Жалпы безгектің ұстамасы үшкүндігінде 6 – 8 сағатты,
төрткүндікте 12 – 24 сағатты қамтиды. Тропикалық безгекте ұзақ уақытқа созылады.
Ұстаманың арасындағы уақыт үшкүндікте – 24 сағат, ал төрткүндікте – 48 сағат болады
және бұл аурудың ұстамасы қайталанып отырады. Науқасты қарағанда бетінде ұшық
бөртпе кездесуі мүмкін, терісі сарғыштау, бозғылт болады, қан аздықтан бауыр, көк бауыр
үлкейеді. Аурудың ең ауыр түрі – тропикалық безгек ауруы. Оның 98% - ы өлімге әкеліп
соғады.
Асқынуы
Безгек комасы (ессіз күй);
Жұқпалы уланудан қан айналымның төмендеуі (ШОК) – ИТШ;
Гемоглобулинуриндік қызба;
Жедел бүйректің жетіспеушілігі (ОПН);
Гипохромды анемия – қанның азаюы.
Диагноз қою
Эпидемиологиялық анамнезін жинау;
Клиникалық белгілерді қарау, көру;
Зертханалық нақтама зерттеу жүргізу. Микроскопиялық зерттеу, «қанның қалың
тамшысын» дайындау. Серологиялық зерттеу (РНИФ, ИФА) жүргізу.
Емдеу
Ауруханада жүргізіледі. Қоздырғышқа қарсы қолданылатын ем: делагил (хлорохин
дифосфат), примахин, хиноцид;
Антибиотик тетрациклин және сулфаниламид препараты;
Улану белгісіне қарсы науқас адам сұйықтар ішеді. Тропикалық безгекте хинин беріледі.
Гармондар тағайындалады. Симптомдық ем беріледі.
|