Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар


Иммунды сарысулар, иммундыглобулиндер



бет12/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
№7 лекция

Иммунды сарысулар, иммундыглобулиндер қолданғанда (яғни, енжар иммунизацияларда), вакиналарды пайдаланғанға қарағанда, иммунитет жылдам пайда болады, бірақ ұзаққа созылмайды.
Жұқпалы аурулардан иммунды әдіспен сақтану үшін қолданылатын препараттар үш топқа бөлінеді:

  1. Белсенді (активті) иммунитет қоздырушылар.

  2. Енжар (пассивті) иммунитет туғызушылар.

  3. микроб жұққан организмде қоздырғыштың өсіп - өнуін тоқтататындар.

Белсенді (активті) иммунитет жасау үшін қолданылатын препараттарға вакциналар мен анатоксиндер жатады.
Енжар (пассивті) қорғанысты сарысулар мен иммунды глобулиндер қамтамасыз етеді. Организмде қоздырғыштың көбеюін тоқтататын препараттарға интерферон жатады.
Вакциналардың құрамында қозырғыштардың антигендері болады
1. тірі вакицналар дегеніміз - вируленттілігі жойылған немесе әлсіздендірілген микроорганизмдер көбіне белсенді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микробтардың тірі штамдары болып табылады. Бұлардың тиімділігі жоғары болады.
2. Инактивацияланған вакциналарды химиялық немесе физикалық әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою, яғни өлтіру жолымен алады. Бұлардың иммуногенділігі төмендеу. Сондықтан оларды бірнеше қайтара енгізеді. Екі қайтара енгізу 3-4 аптада, ал 3 қайтара енгізу 7-10 күн аралығында жүргізіледі. Бұл топқа: іш сүзегі, құтыруға, лептоспирозға қарсы вакциналар кіреді.
3. Химиялық вакциналар – жұқпалы аурулар қоздырғыштарының клеткаларынан немесе олардың бөлшектерінен арнайы химиялық немесе ферменттік өңдеу жолымен бөлініп алынған, ерітілген антигендерден тұрады.
Анатоксиндер улы қасиетінен айырылған, бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған бактериялардың зарарсыздандырылған, экзотоксидері. Анатоксидерді бірнеше қайта енгізеді. Егер бірнеше микробтардың антигендері болса, оны қисындастырылған вакцина деп атайды. Оған адсорбцияланған дифтерия – сіреспе анатоксині (АДС) адсорбцияланған көкжөтел – дифтерия – сіреспе вакцинасы (АКДС) жатады. Вакцина енгізгеннен кейін иммунитет біраз уақыт өткеннен соң пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет