Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы Жоспар



бет10/14
Дата26.03.2024
өлшемі46.79 Kb.
#496574
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
№7 лекция

Дезинфекция –жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын қоршаған ортада жою, зарарсыздандыру. Екі түрін ажыратады:
1. Ошақты дезинфекци, эпидемиологиялық ошақта, пәтерде, жатаханаларда,емдік профилактикалық мекемелерде жүргізіледі. Жүргізу ережелеріне байланысты: күнделікті және қорытынды дезинфекция түрін ажыратады.
Күнделікті немесе қатардағы дезинфекцияны ошақта қоздырғышты жою үшін көп қайтара жүргізеді. Бұл дезинфекция түрі науқас төсегінде қоздырғыш сақтаушылардың ортасына жүргізіледі. Ол үшін науқас қолданған заттар шығындылары дезинфекцияланады. Бұл дезинфекция әсіресе ішек ауруларында маңызды, себебі организмнен үнемі нәжіс және зәрмен қоздырғыш бөлінеді. Күнделікті дезинфекцияның мақсаты: патогенді микроорганизмдердің қоршаған ортадағы объектілерге таралуын азайту. Ауа тамшылары жолымен таратылатын жұқпалардың алдын алуда бөлмені желдету, ультрафиолет күлгін сәулесін қолдану маңыздылығы жоғары, сонымен қатар жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, тұмша тағу; ағзаны шынықтыру т.б шаралар кіреді.
Қорытынды дезинфекция ошақта немесе науқас бөлмесінде жазылып шыққанда, басқа бөлімшеге ауыстырылғанда бір рет жасалынады, арнайы дезинфекторлардың көмегімен жүргізіледі.
Профилактикалық дезинфекция, ауру болған – болмағанына қарамастан жүргізіледі. Мақсаты: аурудың пайда болуын және қоздырғыштың қоршаған ортаға таралуының алдын алу. Ол шараларға: бөлмені желдету, дымқыл жиыстыру, қолды тамақ алдында жуу, суды қайнату, тамақты термикалық өңдеу т.б. кіреді.»Аурып ем іздегенше-ауырмаудың жолын іздейік» деген халық даналығын есте ұстайық.
Дезинфекциялық әдістер: Физикалық әдіс: ең қарапайым түрі: қайнату (киімді, ыдыстарды, суды, тамақты, құралдарды). Механикалық жолмен тазалау (сілку, желдету). Бұл әдіс микробты толық жоймайды.Дезинфекция үшін ауа буы қолданылады, олар арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі. Күн сәуселсін тікелей түсіру арқылы да дезинфекция жүргізуге болады. Өте жоғары температура әсері де қолданылады. 70- 800С 30 минутта жылыту (пастеризация) қоздырғыштың спорасын жоймайды, тек қана вегетативті формасын жояды. Үй жағдайында киімді ыстық үтікпен үтіктеу қолданылады.
Химиялық әдіс. Түрлі химиялық заттарды объектілер бетінен қоздырғыштарды жою үшін қолданылады. Химиялық дезинфекциялық заттарды қолдану қоздырғыш қасиетіне, түріне байланысты. Көбіне құрамында хлоры бар заттар:хлорлы әк, хлорамин, гипохлорид кальций, активті хлорамин, карбол қышқылы, лизол, формалин сияқты заттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет