Сывороткалар (сарысулар).Құрамы антителаға бай, жылқы немесе адам қанынан алынады, емдік және профилактикалық мақсатпен қолданылады,
сақтау мерзімі 2-100С,сыртқы түрі тұнық, қолданар алдында 36-370С жылыту керек және шығару мерзіміне көңіл аудару қажет.
.
Вирусты гепатиттерге қарсы вакциналар.
ҚР- да жыл сайын шамамен 40 мыңға дейін ауру тіркеледі. Қазіргі кезде ВГА, ВГС, ВГЕ, ВГG, ТТV – вирус түрлері бар, иммунизациялау гепатиттң В түрінен сақтаудың әдісінің бірі болып саналады. Егу құрамында НВs антигені бар вакцина енгізу арқылы жүргізіледі.
Жаңа туған нәрестелерге:
1- ші рет туғаннан кейін 24 сағат ішінде
2- ші рет АКДС –пен бірге 8 аптада (2 айда)
3- ші рет АКДС –пен бірге 16 аптада (4 айда).
Үлкендерге:
1- ші инъекция – біріншілік егу
2- ші инъекция – біріншіден кейін бір ай өткен соң
3- ші инъекция – екіншіден кейін 5 айдан кейін
Гепатиттің В түріне вакцинаны БЦЖ, АКДС, полиомелитке қарсы вакциналармен бірге енгізуге болады. Вакцинаны салқын жерде (00- ден +80С- қа) сақтау керек, мұздатуға болмайды.
Жұқпалы ауруларды емдеу .
Жұқпалы ауруларды емдеу кең көлемде жан-жақты жүргізіледі.Тағайындалған ем науқастың жасына, ауру кезеңіне,организімінің жеке ерекшелігіне және қосымша ауруларын ескере жасалғанда нәтижелі саналады.
Жұқпалы аурулар стационар жағдайында науқастарды күтіп, ережемен қамтамассыз ету маңызды, өйткені күтім науқастарды физикалық және психологиялық жағдай мен бірге аурудың асқынуын болдырмауға себепкер болады. Ауруханалық ережелер тәртібі: қатаң төсек ережесі, жартылай төсек тәртібі, жалпы тәртіп ережесі.Сырқаттарға ауруханада күтім ережесін дұрыс жүргізідің маңызы зор, сол себептен медицина қызметкерлеріне шыдамдылық, ұқыптылықты талап қойылады. Жұқпалы аурулардағы негізгі ем ретінде арнайы ем (этиотропиялық), қоздырғышқа тікелей әсер ету, яғни антибиотиктер- қоздырғыштардың өсіп –өнуін тежеуге: Пенициллин тобы, Цефалосприндер; ( цефазолин, Цеф III, ЦЕФ IY,Цефтриоксон т.б),Тетрациклиндер, Левомицетин, Антибиотиктер-аминогликозидтер, Антибиотиктер-макролидтер, Полимиксиндер.Саңырауқұлақтарға қарсы әсер дәрілер; Вирусқа қарсы дәрілер; Қарапайымдарға қарсы дәрілер; Нитрофуран топтары; Паразиттерге қарсы дәрілер; Емдік сарысулар; Гамма-глобулиндер; вакцинамен емдеу.т.б
Достарыңызбен бөлісу: |