Жүрек ұшы соғуының биіктігі кеуденің шығыңқы жерінің пульсациялау амплитудасына байланысты - Қалыпты жағдайда ол 5-6 см шамасында
- Одан көп болса, жүрек ұшы соғысы биік
- Одан аз болса, жүрек ұшы соғысы төмен
- Патологиялық жағдайлардағы биік жүрек ұшы соғысы себептері жайылмалы жүрек ұшы соғысы себептерімен бірдей
Жүрек ұшы соғысының күші пальпациялаған қол саусақтары ұшы сезетін соққы күшімен анықталады - Жүрек ұшы соғысының күштілігі – сол қарыншаның гипертрофиясы белгісі
- Экстракардиальды себептер жоғарыда аталғандар
- Жүрек ұшы соғысының әлсіздігі – жүрек етінің әлсіз жиырылғанынан, гидро-пневкардиум-
перикардиттерден Қарағанда және пальпациялағанда жүрек аймағында анықталатын басқа пульсациялар: - Ретростернальды (төс басы асты) пульсация
- Қолқа аневризмасы – төс қырының оң жағында 2-і қабырға аралығында
- Өкпе артериясының аневризмасы – төстің сол қырында 2-і қабырға аралығында
- Сол қарынша аневризмасы – төстің сол қырында 3-4 қабырға аралығында
- Эпигастральды пульсация
«Мысық пырылы» симптомы – жүрек аймағында анықталады және пырылдап ұйықтап жатқан мысықты сипағандағы сезімге ұқсас. «Мысық пырылының» екі түрі бар: - Диастолалық мысық пырылы: митральды стенозға тән, жүрек ұшында анықталады
- Систолалық мысық пырылы: қолқа сағағы стенозына (төстің оң жағында 2-і қ/а), Боталлов өзегі бітіспеуіне (сол жақта 3-4 қ\а) тән
Достарыңызбен бөлісу: |