Жүректің қағуы. - Жүректің қағуы.
- Оның екі категориясы бар:
- а) субъективті категориясы – науқас өзі жүрегінің қағып кеткенін сезінеді;
- б) объективті – дәрігер тыңдағанда анықтайды.
-
- Ісіну.
- Егер науқас жүрсе, ісіну аяғынан басталады, ал егер де төсек тартып жатса, бел аймағынан басталады және ісіну кешке байқалып, таңертең жойылады.
Жөтел, қан түкіру. - Жөтел, қан түкіру.
- Жүрек демікпесінде болады, жөтел көбінесе түнде байқалады. Науқасьың тынысы тарылып, төсектен тұрып отырады, біраздан кейін жөтел басылуы мүмкін, өйткені жүрекке қуысты венадан (аяқ-қолдардан) қан келуі азайып, соның салдарынан жүрекке түсетін күш төмендейді де, оның жұмысы жеңілдейді. Жүрек демікпесіндегі жөтел мен тұншығуды бронх демікпесінен айыра білу қажет.
- Жалпы қарау
- Мәжбүр қалып – ортопноэ – науқастың бас жағы биік (бірнеше жастық салып жатады), аяқ жағы төмен болады.
- Акрацианоз – науқастың ерні, бет ұштары, тырнақтарының ұшы, мұрны мен құлақтарының ұштары кезеріп көкшілденеді. Бұл қан айналым жүйесінде қан іркіліп, гемоглобиннің құрамында СО2 көбеюінен болады.
- Егер терісі түгел көкшіл тартса, онда жайылма цианоз деп аталады.
Қарт адамда жүрек жұмысының декомпенсациясы кезіндегі ісіну - Қарт адамда жүрек жұмысының декомпенсациясы кезіндегі ісіну
Веналық тромбоз - Варикоздық ауру салдарынан ісінулер және трофикалық өзгерістер
Ісінумен қатар, ауыр жағдайларда анасарка болуы мүмкін – бұл дененің толық ісінуі. - Ісінумен қатар, ауыр жағдайларда анасарка болуы мүмкін – бұл дененің толық ісінуі.
- Мойын тамырлары (веналары) білеуленуі мүмкін, ұйқы артериясының қатты соғуы (пульсациясы) көрінуі мүмкін. Веналардың білеуленуі - қанның іркілуінен болады. Ұйқы артериясының көзге көрінерліктей қатты әрі тез соғуы “каротидтер биі” деп аталады, ол қолқа қақпағының жетіспеушілігінде болады. Науқастың басы тамыр соғуымен сәйкес теңселуі Мюссе белгісі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |