Эпикард –сыртқы қабық-эпикардтың қабығы-серозды қабық, ішперде мен плевраға ұқсас. Эпикардтың кейбір жерлерінде специфиялық тесіктер «сору тесіктері», бар, олар перикардиальді сұйықтықты реттейді.
Миокард-ортаңғы қабық, жүрек қабырғасы қалыңдығының 7/10 бөлігін құрайды, миокард көлденең-жолақты мускулатурадан-миокардиоциттерден тұрады. Клеткаларда ядро ортасында орналасқан, ал көлденең –жолақты мускулатурадан ерекшелігі, онда ядро орталықтан тысқары орналасады. Бұлшықет жұмыс атқару үшін, фиксация нүктелері болуы керек. Жүректің үш фиксация нүктелері бар:
Ірі тамырлар негізі.
Қарыншалар мен жүрекшелер арасындағы фиброзды сақина.
Жүрек ұшындағы ілмек.
Жүрекшелердің мускулатурасы қарыншалардың мускулатурасынан ерекше:
Жүрекшелердің мускулатурасы екі қабаттан тұрады:
сыртқы, ұзына бойлық жалпы жүрекшелерге.
ішкі, циркулярлық-бөлек екі жүрекшеге, бұл жерде;
сақиналық будалар;
ілмек тәрізді будалар;
Қарыншалардың мускулатурасы үш қабаттан тұрады:
сыртқы, ұзына бойлық-қарыншаларға жалпы, жүрек ұшында ілмек түзіп, ішкіге өтеді.
ортаңғы циркулярлық-екі қарыншаға жек меншікті.
ішкі, ұзына бойлық жалпы сыртқы сияқты.
Сурет №
Эндокард-ішкі қабық. Бұл қабық қарыншалар мен құлақшаларда жіңішке. Эндокард эндотелий мен ішкі дәнекер ұлпалы қабаттан, бұлшықет-эластикалық және сыртқы дәнекер ұлпалы қабаттан құралған.
Жүректің тамырлары, қан айналым шеңберлері:
Жүректен шығатын тамырлар: сол қарыншадан-қолқа, оң қарыншадан-өкпе сабауы шығады.
Жүрекке кіретін тамырлар: оң жүрекшеге-жоғарғы және төменгі қуыс веналары, жүректің меншікті веналары ашылады, сол жүрекшеге оң және сол 4 өкпе веналары ашылады.
Сурет №
Қан айналым шеңберлерін 1628 жылы ағылшын ғалымы Вильям Гарвей ашқан.
Үлкен қан айналым шеңбері, денелік, жүректен мүшелерге, мүшелерден жүрекке.
Сол қарынша-----------------------оң жүрекше.
Кіші қан айналым, өкпелік, оң құлақша -----------сол жүрекше.
Кіші қан айналымының қызметі:
Қан айналым шеңберлерінің ерекшеліктері:
Достарыңызбен бөлісу: |