Жүректің дамуы. Жүректің камералары, олардың құрылысы



бет1/4
Дата24.12.2023
өлшемі69.5 Kb.
#487803
  1   2   3   4
Жүрек анатомия


ДӘРІС №2
Тақырыбы: Жүректің функциональдық анатомиясы. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Перикард
Жоспары:

  1. Жүректің дамуы.

  2. Жүректің камералары, олардың құрылысы.

  3. Жүректің тамырлары, қан айналым шеңберлері.

  4. Жүрек қабырғасының құрылысы.

  5. Жүректің жұмысы.

  6. Жүректің өткізгіш жүйесі.

  7. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі.

  8. Жүректің нервтенуі.

Жүрек екі симметриялы мойын аймағында орналасқан бастамадан дамиды, кейін олар бір түтікке айналады.


Түтіктің ұзындығының тез өсуіне байланысты ол S-тәрізді пішін түзеді. S-тәрізді жүрек ілмегінде алдыңғы бөлік артериальды немес қарыншалық болады, кейін ол артериальды сабауға жалғасып, екі алғашқы аортаға бөлінеді.
Екінші бөлігі-артқы венозды немесе жүрекшелік, оған сары уыз-шажырқайлық веналар ашылады.
Жүрек әлі бір қуысты, оның оң және сол жақ бөлімдерінің пайда болуы аралықтың дамуына байланысты.
Кейін фронтальді аралық артериальді сабауды екі бөлікке (қолқа мен өкпе сабауы) бөледі. Бұл аралық жүректің қуысына жалғасып, қарынша аралыққа қарсы өсіп, қарыншалардың бөлінуін тоқтады. Ал жүрекшелердің аралығының ортасында тесік foramen ovale орналасады, ол арқылы ұрықта қан оң жүрекшеден сол жүрекшеге өтеді. Нәрестелерде бұл тесік 1 жасқа дейін бекітілуі керек. 30% бұл тесік өмір бойы сақталуы мүмкін.


Даму ақаулары.Даму ақауларының ішінен үшінші жүрекше немесе созылған тәждік синус, немесе оң жүрекше жеке бөлігі. Академик А.Н.Бакулев бойынша келесі ақаулар тобын ажыратады:

  1. Жүректің меншікті камераларының ақаулары.

  2. Магистральды тамырлардың ақаулары.

  3. Жүректің меншікті камералары мен магистральды тамырлардың ақаулары.

  4. Саны бойынша ақаулар.

  5. Орналасуы бойынша ақаулар

2. Жүректің камералары, олардың құрылысы.
Адамдардың жүрегі төрт камералы, екі жүрекшеден оң және сол, екі қарыншадан тұрады. Оң және сол жүрекшелер бір-бірінен аралықпен, қарыншалар да аралықпен бөлінген.
Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасында оң жүрекше-қарынша тесігі болады. Ол тесік үш перделі клапанмен (трикуспидальді клапан) толықтырылған. Клапан перделері: алдыңғы, артқы, аралық, перделердің бос жиектері төмен түсірілген. Сол жүрекше мен сол қарыншаның арасында сол жүрекше-қарынша тесігі бар, ол екі перделі клапанмен (бикуспидальді немесе митральді клапанмен) толықтырылған Клапан перделері: алдыңғы, артқы.

А. Клапан аппараты, оның құрамы;



  1. фиброздық сақина;

  2. жүрекшенің сәйкес қабырғасы;

  3. перделері;

  4. сіңірлі талшықтар;

  5. еміздікше бұлшықеттер;

  6. қарыншаның сәйкес қабырғасы.

Б. Жүрекшелердің ішкі беткейі тегіс, тек құлақшаларда тегіс емес. Жүрекше аралықтың ортасында сопақша шұңқыр орналасқан (бекітілген сопақша тесіктің орны. Қарыншалардың беткейі көлденең-сызылған, еміздікше бұлшықеттердің болуына байланысты, олар бір шетімен жүректің (қарыншалардың) қабырғасына, екінші шетімен сіңірлі талшыққа жалғасып, клапан перделеріне бекиді. Сонымен қатар, қарыншалар қабырғасында трабекулалар немесе бұлшықеттік перекладины орналасқан. Олар үш қатар орналасып, қарыншалардың жиырылуына әсер етеді.
В. Жүректің құлақшалары: Жүрекшелерде екі құлақша оң және сол бар. Әрбір құлақша жүрекшелердегі жалпы қан мөлшерінің 15%-ін сыйғызады. Олар жүрекшелер жиырылған кезде жүрекшелерде алғашқы кернеу туғызады. Оң құлақша қолқа негізінде, сол құлақша өкпе сабауы негізінде орналасады.
ҚҰЛАҚШАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ:

  1. рефлексоген ролі;

  2. атриовентрикулярлық тесіктің жабылуына әскр етеді;

  3. жүректің сору қызметін реттеу.

  4. қосымша резервуар болып табылады-биологиялық амортизатор ретінде.

  5. бұлшықеттік қабатта алғашқы кернеу.

В.А. Шидловский жүректі-алты камералы дейді:

    • құлақшалар қанды жүрекшелерге айдайды.

    • Жүрекшелер қарыншалардың толық қанмен толығуын қамтамасыз етеді.

    • қарыншалар жиырылып, тамырлардағы перифериялық кернеуді баяулатады.

3. Жүрек қабырғаларының құрылысы:


Жүрек қабырғасы үш қабықтан тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет