Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау. Жүректің оң жақ шегін анықтау


Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының аймақтары және мүшелердің аймақтарда орналасуы



бет4/8
Дата30.10.2022
өлшемі359.42 Kb.
#463646
1   2   3   4   5   6   7   8
пропед навыки

Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының аймақтары және мүшелердің аймақтарда орналасуы.





Аймақтар

Мүшелер

1.

Эпигастрий

Көлденең тоқ ішек

2.

Оң жақ қабырға асты аймағы

Бауыр

3.

Сол жақ қабырға асты аймағы

Талақ

4.

Кіндік аймағы

Асқазан, аш ішек

5.

Оң жақ бүйір

Тоқ ішектің өрлеу бөлімі

6.

Сол жақ бүйір

Тоқ ішектің төменгі бөлігі

7.

Қасаға үсті аймағы

Толы кезде қуық, жатыр

8.

Оң жақ мықын аймағы

Аппендикс, соқыр ішек

9.

Сол жақ мықын аймағы

Сигма тәрізді тоқ ішек


4. Курлов бойынша бауыр перкуссиясы.
5. ЭКГ
6. Жүректі тыңдау (аускультация).
Жүректі тыңдағанда ескерілетін жайлар:
1. Науқастың қалпы. Науқасты тұрғызып, жатқызып және сол жақ қырына жатқызып тыңдау қажет.
2. Мейірбикенің қалпы. Мейіргер науқастың оң жағында және жүректің барлық нүктелерін тыңдауға, фонендоскопты еркін қолдануға ыңғайлы жағдайда болуы керек. Тындау тікелей және тікелей емес болып бөлінеді. Тікелей емес тәсілмен стетоскоп арқылы, тікелей жай құлақпен тыңдау. Жүрек ырғағы бұзылған жағдайда екі әдісті де қолданылады. Дені сау адамдарда тыңдағанда екі тон да жақсы естіледі: бірінші тон – систола кезінде пайда болады систолалық тон деп аталады, диастола кезінде пайда болатын – диастолалық тон деп аталады. Бірінші тон жүрек соққысы тұсында айқын естіледі. Жүректің екінші тоны айшық қақпақшалардың диастола кезінде жабылуынан пайда болады. Сондықтан ол диастолалық тон немесе қақпақша тоны деп аталады. Екінші тон екінші және үшінші қабырғалар аралығында, төстің оң және сол жиектеріне жақын жерде жақсы естіледі.
Тыңдау нүктелері:
– митралды қақпақ – жүрек ұшы соққысы аймағында, сол жақта V қабырғааралыында бұғана орта сызығынан 1-2 см ішке
– аорта қақпақтары –ІІ қабырға аралықта төстің оң жақ қырында.
– өкпе артериясының қақпақтары – ІІ қабырға аралықта, төстің сол жақ қырында
– үшжармалы қақпақ – төстің төменгі шегі, төстің семсер тәрізді өсіндісі қосылған орны
Сонымен қатар, V тыңдау нүктесі де қолданылады.Бұл БоткинЭрба нүктесі ІІІ–ІV қабырғалар төс сүйегінің сол қырына бекитін нүктеде. Жүрек тоңдарының қалыпты сипаттамасы. Бірінші тон систола кезіндегі ұзақ үзілістен кейін пайда болады. Ол жүрек ұшында жақсы естіледі және екінші тон мен салыстырғанда оның үні ұзақ,төмен. ІІ тон қысқа үзілістен кейін қарынша диастоласы кезінде пайда болады. Бүл тон жүректің негізінде жақсы естіледі және оның үні қысқа, биік.



7. Лабораториялық диагностика: Жалпы қан анализі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет