Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау. Жүректің оң жақ шегін анықтау


Құрсақ ағзаларына пальпация ережелері



бет3/8
Дата30.10.2022
өлшемі359.42 Kb.
#463646
1   2   3   4   5   6   7   8
пропед навыки

Құрсақ ағзаларына пальпация ережелері:
*Науқас шалқасынан, аяқтарын, қолдарын созып жатады.
*Науқастың басы төменірек орналасуы керек, бастың жоғарырақ тұруы құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қатаюына әкеліп, пальпацияға кедергі жасайды.
*Науқас аузымен терең дем алуы керек, мүмкіндік болса іш бұлшықеттері тыныс алуға қатысуы керек-осымен де алдынға құрсақ қабырғасының босаңсуы болады.
*Дәрігер науқастың оң жағында орналасуы керек.
*Дәрігердің қолдары жылы болу керек, себебі суық қолдардан құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің рефлекторлы жиырылуы болады.
Іштің беткей бағдар пальпациясы мына мәліметтерді анықтауға көмектеседі:
*Құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің жергілікті және жалпы қатаюын.
*Алдынғы құрсақ қабырғасының жергілікті және жалпы ауырсынуын.
*Іштің тік бұлшықеттерінің ыдырауын (орысша расхождения прямых мышц), ақ сызық және кіндік сақинасының жарықтарын.
*Құрсақ қуысы бұлшықеттерінің біршама ұлғаюының беткей орналасқан ісіктерді, т. б. анықтау


Терең сипау.
Терең сипау В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско тәсілімен жүргізіледі. Зерттеуші бүгілген, қосылған, төрт саусағымен, іштің терісін жоғары қарай ығыстырып тыныс шығарғанда ептілікпен іш қуысына артқы қабырғаға жеткенше кіреді. Іш қуысының артқы қабырғасына жаншылып тұрған асқазан саусақтар астында жылжып, астынан сырғып шығады
Асқазанға терең пальпация жасау әдісі

1.Пациенттің аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз.


2. Оң қолыңыздың төрт саусағын жартылай бүгіп, кіндіктен жоғарылау жерге іштің алдыңғы орта сызығына қойыңыз.


3. Іш терісін жоғарыға тартыңыз.


4.Науқас тыныс шығарғанда саусақтарыңызды ішіне қаттырақ батырыңыз.


5.Тыныс шығару соңында саусақтарыңызды асқазан бойымен төмен қарай жылжытыңыз.


Қалыпты жағдайда асқазан қисығы кіндіктен 2-3 см жоғарылау іштің орта сызығының екі жағында орналасқан. Ол тегіс, ауырмайтын валик түрінде байқалады.


14.3. Стандарт: «Соқыр ішекке пальпация жасау әдісі»
1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.

2. Дәрігер оң қолының жартылай бүгілген саусақтарын оң мықын аймағына кіндікпен оң мықын сүйек қыры арақашықтығының 1/3 бөлігіне орналастырады.


3. Тері қатпарларының пайда болуы тиіс.


4. Пациент тыныс шығарғанда ішінің бұлшық еттері босайды, соны пайдалана отырып, саусақтарыңызды ішіне барынша батырыңыз.


5. Саусақтарыңызды оң мықынжағына жылжытқанда, соқыр ішек туралы пальпаторлымәліметбілінеді.


Қалыпты жағдайда соқыр ішектің төменгі бөлігі сәл кеңейгенцилиндр тәріздес, түбі майысқанкернеуліекендігі байқалады. Соқыр ішектің төменгі жағы ер адамдарда сүйек аралығы сызықтан 0,5 см жоғары, әйелдерде 1-1,5 см төмен орналасқан.


14.4. Стандарт: «Тоқ ішекке пальпация жасау әдісі»
I. Өрлемелітоқ ішекке пальпация жасау.

1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.


2. Сол қолыңыздың саусақтарын пациент белінің оң жағына қойыңыз, ал жартылай бүгілген оң қолыңыздың саусақтарын – ішінің оң жағына, тоқ ішектің өрлемелі бөлігіне тігінен қойыңыз.


3. Теріні кіндікке қарай жылжытыңыз.


4. Тыныс шығару барысында оң қолыңызды пациенттің ішіне қаттырақ батырыңыз, лажы болса сол қолыңызбен түйістіріңіз.


5. Қолыңызды ішектің сыртына қарай жылжытыңыз.


II. Көлденең тоқ ішекке пальпация жасау


1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.

2. Асқазанның төменгі шекарасын анықтаңыз.


3. Екі қолыңыздың төрт бүгілген саусақтарын асқазанның табылған шекарасынан 2-3 см төмен және ортаңғы сызықтан 4-5 см оңға және солға тігінен қойыңыз.


4. Теріні жоғарыға жылжытыңыз.


5. Тыныс шығару барысында қолдарыңызды пациенттің ішіне баяу батырыңыз.


6. Саусақтарыңызды төмен жылжытыңыз.


III. Төмендеушітоқ ішекке пальпация жасау.


1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.


2. Сол қолыңызды пациент белінің сол жағына, ал жартылай бүгілген оң қол саусақтарын – іштің сол жағына тоқ ішектің төменгібөлігіне тігінен қойыңыз.


3. Теріні кіндікке қарай жылжытыңыз.


4. Тыныс шығару барысында оң қолыңызды пациенттің ішіне қаттырақ батырыңыз, лажы болса сол қолыңызбен түйістіріңіз.


5. Саусақтарыңызды төмен жылжытыңыз.


Қалыпты жағдайда тоқ ішек қалыңдығы 2-2,5 см цилиндр түрінде байқалады, сәл қаттылау, тез қозғалады, ауырмайды.


14.5. Стандарт: «Сигма тәріздес ішекке пальпация жасау әдісі»
a) Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз, аяқтарын тізе мен жамбас буындарында сәл бүгіп, арқасымен жатқызыңыз, қолдарын кеудесіне қойыңыз.

b) Оң қолыңызды болжалданған ішек тұрған жерге тігінен қойыңыз. Жартылай бүгілген саусақтарыңыздың ұшы кіндік-мықын сызығының шекарасының сол жақ мықынында болуы тиіс.


c) Теріні кіндікке қарай жылжыта отырып, тері қатпарларын жасаңыз.


d) Науқастың тыныс шығаруы барысында қолыңызды іш кеңістігіне қатты батырыңыз, мүмкін болса артқы қабырғасына жеткізіңіз.


e)Қолдарыңызды сыртқа және төменге жылжыта отырып, саусақтарыңыздың ұшымен сигма тәріздес ішекті ұстап байқаңыз.


Қалыпты жағдайдасигма тәріздесішек20-25 см дейін тегіс қаттылау қалыңдығы 1-1,5 см цилиндр түрінде байқалады, пальпациялағанда ауырмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет