Жүргізу о қулық


Тегіс білікті өздігінен жүретін каткалардың құрамдас  бөліктері мен жиналмалы бірліктерін жасау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

1.3.5. Тегіс білікті өздігінен жүретін каткалардың құрамдас 
бөліктері мен жиналмалы бірліктерін жасау ерекшеліктері 
 
Тегіс білікті өздігінен жүретін каткалар жол жөндеуде, басқа да 
жерді игеру жұмыстары кезінде топырақты, асфальтбетонды, қиыршық 
тасты құмды материалдардан жасалған негіздер мен жабындарды 
нығыздауға арналған.
Өздігінен жүретін каткаларды жасау мен олардың атқаратын 
қызметтерінің ортақ белгілер:

нығыздау сапасы бойынша ақырғы нәтижеге жету үшін бір жолмен
бірнеше рет жүріп өту;


2
1.5-
сурет. Статикалық (а), тербелісті (б), құрамдастырылған (в) әрекетті тегіс білікті өздігінен 
жүретін каткалар:
1 - 
жетекші емес статикалық білік; 2, 9, 22, 24, 31, 37 - қырғыштар; 3, 8, 30, 39 - су бактер; 4, 
38 - 
шамдар; 5, 23, 27 - отын бактері; 6, 18, 28 - кабина; 7, 14, 29 - гидробактер; 10, 25, 32 - 
гидрожабдық; 11, 21 - жетекші статикалық білік; 12, 15, 34 - күш қондырғысы; 13, 35 - рама; 
16 - 
тұтқалық басқару; 17 - машинистің орны; 19 - сұйықтықты араластыруға арналған бак; 20 
— 
асфальт жиегін кесу тетігі; 26, 33 - жетекші тербелісті білік; 36 — пневмодөңгелекті 
статикалық білік


2

двигательдердің (білікті жүріс бөлігі) аз жылдамдықпен (10 км/сағ.)
және тегістейтін негізге үстемеленген радиальды жүктемемен
жұмыс жасауы;

реверсивтердің (20 мин дейін) көбейтілген саны кезінде алға және
артқа біркелкі жылдамдықпен қозғалу.
Двигатель, күш берілісі және жұмыс органы техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеуге жататын құрамдас бөліктерді құрайды. 
Өздігінен 
жүретін 
каткалардың 
жұмыс 
органдарының 
(двигательдердің) қызметін жүріс бөлігінің біліктері (жүріс 
құрылғысы) орындайды.
Тегістейтін бетке әсері тұрғысынан каткалар (1.5-сурет) мынадай 
нығыздаушы машиналарға бөлінеді:

статикалық әрекет ететін;

тербелісті (динамикалық) әрекет ететін;

құрамдастырылған әрекет ететін.
Статикалық әрекет ететін тығыздағыштар (1.5, а-сурет) топырақты
өз салмағымен тығыздайды. Тербелісті каткалар (1.5, б-сурет) өздері 
қозғалатын жер бетін вибратордың (белдік тербелісін баланстық емес 
қозғаушы) тербелісінен туындайтын мәжбүрлі күштің әрекетімен 
тығыздайды. 
Құрамдастырылған каткалар (1.5, в-сурет) жол беттерінің 
жабындары мен жоғары қабаттарын тербелісті тегіс және статикалық 
пневматикалық-машиналық белдіктермен тығыздайды.
Жер игеру жұмыстарында тығыздаудың статикалық, тербелісті 
және құрамдастырылған тәсілдердің бәріне ортақ әрекет – 
тығыздаудың ақырғы нәтижесіне жету үшін бір жолмен бірнеше рет 
жүріп өту.
Тығыздаушы органның (жүріс құрылғысының) типіне қарай 
өздігінен жүретін каткалар тегіс білікті, пневматикалық-машиналық, 
құрамдастырылған жүріс құрылғылы болады. Тегіс біліктердің басты 
белгісі – жер қабатын тұтас тығыздауы. Пневматикалық-машиналық 
(пневмодөңгелекті) тығыздағыш яғни, катка – жұмыс органдары 
пневматикалық дөңгелек түріндегі тегістеуіш. Құрамдастырылған 
катка – тығыздаушы органдары әртүрлі болып келетін катка. 
Өздігінен жүретін каткаларға екі әріптен ДУ және екі саннан 
тұратын индекс беріледі. ДУ әріптері каткалар топырақты тығыздау 
үшін қолданылатын жол машиналарының тобына жататындығын 
білдіреді. Сан зауыттық үлгінің реттік нөмірі мен кезекті 
жаңғыртылуды белгілейді. Мысалы, ДУ-97 индексі былай оқылады: 
ДУ — топырақты тығыздауға арналған жол машинасы, 97 — зауыттық 
үлгінің нөмірі. Өздігінен жүретін каткалардың техникалық 
сипаттамасы 1.7-кестеде көрсетілген.


1.7-кесте. Құрамдастырылған, пневмодөңгелекті, жартылай тіркелетін өздігінен жүретін 
каткалардың техникалық сипаттамасы
Тығыздағыш
Көрсеткіш
құрамдастырылған
пневмодөңгелекті
жартылай тіркелетін
ДУ-97
ДУ-99
ДУ-65
ДУ-100
ДУ-111
ДУ-74
ДУ-85
ДУ-16В
Салмағы, т
7,6
10,5
12
14
7
8,5
13
14,5
Тығыздайтын жолақтың ені
1500
1700
1700
2000
1700
1700
2000
2 600
Двигатель қуаты, кВт
44
57,4
57,4
57,4
57,4
57,4
110
115
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ
СО
О
0...7
СО
О
СО
О
0... 6,5
0... 7
0... 5,5
0... 15
Габариттік өлшемі, мм: ұзындығы
4050
3920
4760
4800
5000
5200
6000
10100
ені
1850
2200
2040
2200
2000
1900
2400
2920
высота
3050
3500
3450
3500
2700
2900
3200
2800




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет