Жүргізу о қулық


МАШИНАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  МЕН ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ҚОРЛАР



Pdf көрінісі
бет18/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
МАШИНАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
МЕН ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ҚОРЛАР
 
 
2.5.1. Жол және құрылыс машиналарына 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді 
жүзеге асыруға арналған қорлардың көлемі мен 
ассортиментін анықтау әдістері 
 
Талап етілетін көлемдегі қорлар мен ассортименттің болуы 
машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді табысты және 
сапалы жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеу жүргізудің бекітілген жылдық жоспары, сондай-ақ 
жол және құрылыс машиналары мақсатқа сай қолданылатын 
эксплуатациялық база паркіндегі машина түрлері көлем мен 
ассортиментті анықтау үшін негіз болып саналады.
Қолданылатын машинаның түріне қарамастан, оларға техникалық 
қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу үшін мынадай қорлар қажет:
■ 
қатты (металл және т.б.) және жанар-жағармай материалдар;
■ 
эксплуатациялық базалар мен жөндеу-механикалық зауыттардың 
жабдықтары және жарақтандырылуы;
■ 
кәсіпорындар 
мен 
фирмалық 
жөндеу 
орындарының 
жарақтандырылу құралдары;
■ 
орындаушылардың салааралық ұжымдары мен орта топ мамандары 
компьютерлік технологияларды меңгеруіне арналған аспаптар. 
Қорларды жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеу жүргізу үшін қолданылатын бастапқы еңбек 
құралы ретінде қабылдауға болады. 
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу 
пайдаланылатын материалдардың сипаты мен қолданылуын, оларды 
үнемді қолдану жолдарын білуді, сондай-ақ машинаның берілген 
уақыт аралығында қолданылуын қамтамасыз ететін материал және оны 
өңдеу технологиясын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін материалтану 
туралы білімнің болуын талап етеді.
Қолданылатын материалдардың сипатын зерттеу кезінде 
детальдардың бұрандалы біріктірілімдерінде бұранданың үш түрі 
қолданыста бар екенін назарда ұстау керек:
1) 
метрикалық;
2) 
дюймдік;


3) 
құбырлық. 
Метрикалық бұранда профиль бұрышы 60° әржақты қабырғалы 
үшбұрыш түрінде болуымен және гайка мен болт орамдары жалпақ 
кесілген пішінімен ерекшеленеді. Сыртқы диаметрі мен айналымы 
миллиметрмен өлшенеді.
Дюймдік бұранда бұрышы 55° үшбұрыш және орамдары жалпақ 
кесілген пішінде болады. Мұндай бұранданың барлық өлшемі 
дюйммен есептеледі (бір дюйм 254 мм-ге тең).
Құбырлық цилиндрлік бұранда профилі дюймдік бұранда 
профилімен бірдей, айырмашылығы құбырлық бұранданың басы 
тегістелген. Құбырлық бұранда диаметрі дюйммен көрсетіледі (құбыр 
3/4").
Материалдардың сипаты, оларды өңдеу тәсілдері мен қолдану 
мақсаттары туралы негізгі мәліметті Ю. Ж. Виноградов, К. Б. Орлов, Л. 
А. Поповтың «Ішкі санитарлық-техникалық жүйе, жабдықтарды 
монтаждаушылар мен құрылыс машиналарының машинистеріне 
арналған материалтану» (М.: Высш. шк., 1987) кітабынан білуге 
болады. Жинақтаушы бұйымдар туралы мәліметтер «Жол және 
құрылыс машиналарына арналған жинақтаушы бұйымдар» («Машмир» 
АҚ, 1995) каталог-анықтағышында берілген.
Жинақтаушы бұйымдар дегеніміз — әзірлеуші кәсіпорын 
шығаратын жиналмалы бірліктің құрамдас бөлшегі ретінде 
қолданылатын әзірлеуші кәсіпорынның (жеткізушінің) бұйымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет