Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет13/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Nk = Ng 
• КПД,
формуласы бойынша есептеледі, мұнда Ng және КПД — двигательдің 
қуаты мен пайдалы әрекет коэффициенті. 
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНИКАСЫ ЖҮЙЕСІНІҢ 
БАЗАЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖҮРІС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН 
ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Техниканың жұмыс жабдығын орнататын немесе тіркейтін 
тракторлар мен біросьті тартқыштар техникалық қызмет көрсету мен 
жөндеу жүргізілетін жол және құрылыс техникасы жүйесінің базалық 
машиналарына жатады. 
Базалық машиналар жол-құрылыс жұмыстарын орындау және түрлі 
материалдар мен бұйымдарды мақсатқа сай пайдалану кезінде жұмыс 
жабдығының тарту күшін жасау мен беруді қамтамасыз ету үшін 
қолданылады. Бұған қоса, базалық машиналарда жұмыс циклі 


операцияларын орындау және көлік режимінде неғұрлым жоғары 
жылдамдықпен қозғалыс мүмкіндігі үшін басқару жүйесі де 
қарастырылған. 
Базалық тракторлар ауылшаруашылық және өндірістік қажетке сай, 
сондай-ақ, 
өндірістік 
модификациялар 
түрінде 
жасалады. 
Ауылшаруашылық тракторларына бульдозерлердің (1.1-сурет), 
скреперлердің (1.2-сурет), құбыр тартқыш крандардың (1.7-сурет) 
базалық машиналары ретінде қолданылатын шынжыр табанды және 
дөңгелекті тракторлар жатады. 
Өндірістік модификациялар бульдозер жабдығын іліп қою, 
скрепердің тіркемелі жұмыс органын тіркеу үшін трактор базасында 
жасалады. Өндірістік тракторлар жол және құрылыс машиналарымен 
жұмыс істеу үшін әдейі құрастырылған. 
Базалық тракторлар былайша бөлінеді:

жүріс жабдығының құрылымы бойынша — шынжыр табанды және
дөңгелекті;

қозғалтқыштың орналасуы бойынша — алдында және артында
орналасқан;

бұрылуды басқару жүйесі бойынша — басқарылатын дөңгелегі
алдыңғы және артқы болатын және шынжыр табаны бортпен бірге
айналатын;

жүрісті тарту жүйесі бойынша — алдыңғы не артқы дөңгелектері
жетекші болатын және барлық дөңгелегі жетекші болатын.
Біросьті тартқыштар өздігінен жүретін скреперлер мен жартылай
тіркеме тегістеуіштерге арналған базалық машиналар болып саналады. 
Тарту дәрежесі бойынша базалық машиналар былайша бөлінеді:

жеңіл — 1,4; 4 дәрежелі, қуаты 55 ... 70 кВт;

орта — 5; 6; 10; 15 дәрежелі, қуаты 96 ... 156 кВт;

ауыр — 50; 75; 100 дәрежелі, қуаты 610 ... 880 кВт.
Тракторлар мен біросьті тартқыштардың тарту дәрежесі, қуаты мен
мүмкін 
болатын 
жүктемесіне 
байланысты 
жол-құрылыс 
машиналарының басты көрсеткіштерін анықтайды. 
Базалық машиналар двигательден (күш құрылғысынан), 
трансмиссиядан, жүріс құрылғысынан (жүріс бөлігінен), машинистің 
жұмыс орнынан, гидрожүйеден және қосымша жабдықтан тұрады. 
Базалық машина двигательдің күш беру тетігі (трансмиссия) 
арқылы иінді білік айналыс пен айналыс күшін (айналдыру кезеңі) 
шынжыр табанға немесе двигательдің жетекші дөңгелектеріне (жүріс 
құрылғысына) беру арқылы қозғалады. Базалық машина двигателінің 
жолмен түйіскен жерінде тарту күші пайда болады. Бұл тарту күшінің 
шамасы шынжыр табанның немесе дөңгелектердің топырақпен 
ұстасқан кезінде шектеледі.
Двигателі алдыңғы жақта, жұмыс орны артқы жақта орналасқан 


базалық тракторлар үш артықшылығымен сипатталады:
1) 
энергия қозғалтқыштан жүріс бөлігінің жетекші элементтеріне аз 
ПӘК-пен, қысқа жолмен беріледі;
2) 
жұмыс орнынан арттағы жабдықтарды (қопсытушы, скрепер, 
грейдер) бақылауға болады;
3) 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізу үшін 
трактордың негізгі тетіктеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Двигательдің артында, кабинада жұмыс орны орналастырылған, 
кабинада машинистің орындығы, двигательді, ілінісу муфтасын, 
беріліс қорабын, бұрылуды және трактор тежегішін, сондай-ақ, 
гидротаратқышты басқару тұтқалары бар. Ілінген және тіркелген 
жабдықты басқару үшін базалық машинада гидрожетек қолданылады. 
Гидросорғылар айналысты алда орналасқан двигательден тікелей 
немесе арттағы қосымша редуктор арқылы алады. Жұмыс жабдығының 
алдыңғы, жанындағы және артындағы гидроцилиндрлері гидрожүйеге 
құбыр желілері арқылы қосылған. Артында немесе жанында, кейде 
кабина ішінде отын бактері орналастырылады. 
Базалық 
дөңгелекті 
тракторлар 
рамасыз 
конструкцияда 
шығарылады. Трактор алда алдыңғы, ұстап тұрушы немесе жетекші 
дөңгелекті белдікке сүйенеді. Алдыңғы белдік топсалы түрде жүріс 
бөлігін іліп қою үшін двигатель рамасының астына бекітіледі. Бұл 
барлық төрт дөңгелек негіздің жұмыс жасалатын жердің бетімен 
тұрақты түйісуіне мүмкіндік береді. Шынжыр табанды тракторларға 
қарағанда дөңгелекті базалық машиналар алдыңғы дөңгелектерге әсер 
ететін басқару тұтқасымен жабдықталған. Дөңгелектерді тұтқа шеңбері 
мен тұтқа тетігі көмегімен оңға, солға бұрып, машина қозғалысын 
басқарады. 
Базалық біросьті тартқыштардың жарақтандырылуы МоАЗ-6014 
тартқышының мысалында көрсетілген (1.4-кесте). Барлық негізгі 
жиналмалы бірліктер (двигатель, беріліс қорабы, жетекші белдік) 
жекелеген картерлерге салынып, рамаға бөлек орнатылған. Мұндай 
жабдықталу жөндеу кезінде бір жиналмалы бірліктерді басқаларына 
тиіспей ауыстыруға мүмкіндік береді. Двигатель машина жүрісінің оң 
жағына қарай ауыстырылып, тартқыштың алдыңғы бөлігінде 
орналасқан. Бұл двигательдің сол жағына, төменге машинистің жұмыс 
орнын орналастыру қажеттілігінен туындаған. Машинист орнының, 
басқару бағанасының, басқыш иінтіректерін басқарудың сол жақта 
орналасуы жолды жақсы көріп отыруға және тартқыш тетіктерін 
неғұрлым жинақы орналастыруға мүмкіндік береді. 
Беріліс қорабы тартқыш рамасының артқы жағында орналасқан, ал 
жетекші белдік ілмек арқылы раманың орта бөлігіне бекітілген. Бұл 
біросьті тартқыштың тұрақтылығын жақсартады. Отыру-тіркелу 
құрылғысы тартқышты скрепер жабдығымен біріктіреді, ол жетекші 


белдіктің үстінде орналасқан. 
Жүріс құрылғылары жұмыс жабдығының тіркемелі және жартылай 
тіркемелі осьтерімен біріктірілген базалық машиналардың (тракторлар 
мен тартқыштар) жүріс бөлігі түрінде немесе біршөмішті 
экскаваторлар шассиінің, өздігінен жүретін каткалардың, жылжымалы 
компрессорлардың өзіндік элементі ретінде көрінеді. Жүріс 
құрылғысы машинаны қозғалтуға, жүктемені машинадан негіз
тірелетін бетіне беруге, машинаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, 
тірек элементтер (двигательдер) арқылы тарту күшін жүзеге асыруға 
арналған. Каткаларда жүріс құрылғысы бір уақытта жүру құрылғысы 
да, жұмыс органы да болып саналады. 
Шынжыр табанды базалық машиналарда жүріс құрылғысы (жүріс 
бөлігі) тракторлардың, экскаваторлардың, құбыр жүргізуші 
крандардың жоғары өтімділігін қамтамасыз етеді; жол-құрылыс 
машинасының қозғалысы және оны мақсатқа сай пайдалану кезінде 
жүктеменің қабылдануын қамтамасыз ете отырып, машинаның тірек 
бөлігі ретінде қызмет етеді. Шынжыр табанды жүріс бөлігінің басты 
бөлігі – шынжыр, ол алмалы-салмалы немесе алынбайтын-
салынбайтын, топсалы түрде бекітілген тұйық тізбек түрінде болады. 
Шынжыр тізбек түрінде орындалған, оның буындарында түрлі 
формадағы топырақты ілетін тоспалар немесе бір-бірімен топсалы 
түрде тізілген трактар бекітілген. 
Шынжырлы жүріс бөліктер қатты азтіректі, қатты көптіректі, 
серіппелі теңдестірілген және созылғыш болуы мүмкін. Қатты 
шынжырлы жүріс бөліктерінің тіректі тегістеуіштерінің осі машина 
рамасына немесе шынжыр табанды тіркемелерге қозғалмайтындай етіп 
бекітілген, ал серіппелі шынжырлы жүріс бөліктері жер бетінің барлық 
кедір-бұдырларын қайталап қозғала алады, осылайша машинаның
топырақ бетімен түйісуін жақсартады. Созылмалы жүріс бөлігін ДТ-
75Н типті базалық шынжыр табанды тракторларда қолданады. Оны 
тартылу тетігінің серіппелері әсер ететін екі иінді ось топсалы түрде 
орнатылған рамаға монтаждайды. Ось мойынтіректерінде шынжырды 
керілген қалыпта тұратын бағыттаушы дөңгелектер еркін қозғалыста 
болады. Раманың екі жағына екі-екіден теңгермелі күймеше топсалы 
түрде орнатылады, базалық трактор олардың көмегімен шынжырлы 
тізбекке тіреледі.
Шынжыр тізбектер раманың сыртында орналасқан. Олардың 
әрқайсысы тұйықталған. Шынжыр тізбектің төменгі тармағы 
топыраққа кіреді де, онымен топырақілгіштер арқылы байланысады. 
Шынжырдың жоғарғы тармағы ұстап тұратын тегістеуіштерге
тіреледі.
Шынжыр табанды трактордың рамасын қатты етіп жасайды; ол 
алдыңғы және артқы қоссырықтар арқылы бір-бірімен берік 


байланысқан екі ұзынша лонжероннан тұрады. Трактор рамасы жүріс 
бөлігінің (жүріс құрылғысының) детальдары орналасқан біртұтас 
көлемді металл құрастырылым түрінде болады. 
Базалық трактордың шынжыр тізбекке сүйенуіне арналған 
теңгермелі күймеше ішкі және сыртқы күймешелерден тұрады, олар 
бір-бірімен ось арқылы шарнирмен байланыстырылған. Әрбір 
күймешенің басында тіреуіштер бар, олардың тесіктеріне тірек 
тегістеуіштерді орнатуға арналған осьтер тығыздалып салынған. Әрбір 
күймешенің төрт ребордасыз тегістеуіші бар, олар осьтерде 
орналасқан мойынтіректерде еркін айналады. Мойынтіректер 
орналасқан 
тегістеуіштер ішіне қоқыс кірмеуі үшін сыртынан резина 
қапталған. Шынжыр табан кедір-бұдыр жерлермен жүрген кезде 
күймешелер осьті айнала отырып, серіппелерді балансирлермен қыса 
отырып, соққыларды азайтады. Шынжыр табанды жүріс 
құрылғыларының кемшіліктері ретінде ауыр салмағын (
машинаның 
жалпы салмағының 40%-на дейін), қондырғының күрделілігін, тез 
тозатындығын, жылдамдығы аздығын (12 км/сағ.дейін), қазіргі 
заманғы жол жабындарын бұзатын болғандықтан, ол жолдармен жүру 
мүмкіндігінің жоқтығын айтуға болады. 
Базалық дөңгелекті тракторлар мен біросьті тартқыштар рамадан, 
ілмектен және дөңгелектен тұратын біртипті жүріс құрылғысымен 
(жүріс бөлігімен) жарақтандырылған. 
Біросьті тартқыштың рамасы үш ұзынша лонжерон мен 
лонжеронды тұйықтайтын үш көлденең байланыстан тұратын 
дәнекерленген құрылым түрінде болады. Алдыңғы байланыс біросьті 
тартқыштың бампері (басқаша айтқанда, буфер) ретінде қызмет етеді. 
Ортаңғы белдеу қораптық кесілген үлкен бөрене түрінде болады, 
бөренеде отыру-тіркеу құрылғысының ұзынша осі тістерін орнату үшін
тесіктер қарастырылған. Лонжерондарда кронштейндер мен двигатель, 
беріліс қорабы, ілмектер, сондай-ақ тартқыштың басқа да элементтерін 
бекітетін орындар қарастырылған. 
Ілмек жолдағы ауыр жағдайларда жұмыс жасайтын және жолдың 
ойлы-қырлылығынан тура тербелістер мен соққылар алатын өздігінен 
жүретін жол-құрылыс машиналарына орнатылады. Тербелістер мен 
соққылардың машиниске келтіретін зардабын азайту үшін созылмалы 
ілмек пайдаланылады. Дөңгелектер машинаның салмағын қабылдайды, 
тік жүктемелер тарту күшін жүзеге асыруды және тракторлар мен 
тартқыштардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Дөңгелектерді белдіктің 
күпшектеріне орнатады. Базалық дөңгелекті тракторлар төрт 
дөңгелекпен, біросьті тартқыштар екі дөңгелекпен жарақтандырылған. 
Базалық трактордың дөңгелектері жетекші және бағыттаушы 
(бұралатын) болуы мүмкін. Дөңгелектердің жалпы саны мен мақсаты 
базалық машинаның дөңгелектік формуласымен анықталады (1.3.3-


тараушаны қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет