Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет16/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
 
Нормативтік-техникалық 
құжаттама 
талаптарына 
сәйкес 
орындалатын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жол және 
құрылыс машиналарын қолдану сапасының негізі болып табылады. 
Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету мен 
жөндеу жүргізу кезінде бекітілген стандарттар, қолданыстағы 
ережелер, типтік нұсқаулықтар, машина және құрамдас бөліктерді 
(сатып алынған бұйымдар) қолдану жөніндегі нұсқамалар басшылыққа 
алынады. 
Машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесіне 
жататын стандарттар ішінен негізге алынатындары мыналар:
■ 
МС 2.601—2013* «КҚБЖ. Эксплуатациялық құжаттар»;
■ 
МС 2.602—95* «КҚБЖ. Жөндеу құжаттары»;
■ 
МС 24408—80* «Құрылыс машиналарына техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеу жүйесі. Машиналар мен олардың құрамдас 
бөліктерін күрделі жөндеуге тапсыру және күрделі жөндеуден 
шығару ережелері. Негізгі ережелер».
Осы топқа, сондай-ақ, МС 18322—78* «Техникалық қызмет 
көрсету және техниканы жөндеу жүйесі. Терминдер мен анықтамалар», 
МС 25646—95 «Құрылыс машиналарын қолдану. Жалпы талаптар» 
және МС 28.001—83 «Техникалық қызмет көрсету және техниканы 
жөндеу жүйесі. Негізгі ережелер» де кіреді. Жол және құрылыс 
машиналары үшін база ретінде қолданылатын жүріс құрылғылары МС 
18524—
85 бойынша, трактор типіндегі дизельді двигательдер МС 
18523—
79 бойынша жөндеуге тапсырылады және жөндеуден 
шығарылады.


Машиналардың эксплуатациялық және жөндеу технологиялық 
көрсеткіштері МС Р 51033—97 «Құрылыс машиналарының 
эксплуатациялық және жөндеу технологиялық көрсеткіштері» 
стандартына сәйкес анықталады. Машиналарға диагностика жасау 
үшін МС 20911—89 «Техникалық диагностика. Терминдер мен 
анықтамалар»; МС 27518—87 «Бұйымдарды диагностикалау. Жалпы 
талаптар»; МС 25044—81 «Техникалық диагностика. Автокөліктерді, 
тракторларды, ауылшаруашылық, құрылыс және жол машиналарын 
диагностикалау. Негізгі ережелер» стандарттарын басшылыққа алу 
керек.
МС 25646—95 талаптарына сәйкес әзірленетін Эксплуатация 
жөніндегі басшылықтың «Техникалық қызмет көрсету» тарауында 
техникалық қызметтің түрлері мен кезеңділігі, техникалық қызметтің 
түрлерін жүзеге асыру барысындағы жұмыстардың тізбесі, жекелеген 
оперцияларды орындау тәртібі, жанар-жағармай материалдары мен 
жұмыс сұйықтықтарының жағатын жері көрсетіле отырып, маркалары 
және ауыстыру мерзімдері, мүмкін болатын ақаулықтар мен оларды 
жою туралы мәліметтер берілген.
«Ағымдық жөндеу» тарауына атқарылатын жұмыстар тізбесі, 
оларды жүргізу әдістері мен тәртібі, құрамдас бөліктерді жинау мен 
реттеу, машинаны сынау тәсілдері енгізілген. Бұл жағдайда жөндеу 
құжаттамасы МС 2.604—2000 «КҚБЖ. Жөндеу сызбалары. Жалпы 
талаптар» ережелеріне сай әзірленеді. 
Жөндеу сызбалары — жөндеу өндірісін, жөндеуді және жөндеуден 
кейін бұйымды бақылауды дайындауға арналған сызба. Жөндеу 
сызбаларында жөндеу жүргізу және одан кейін бұйымды бақылау үшін 
қажетті сызбалар ғана болады. 
Кескіндеменің масштабы — сызбада бейнесі бұрмалаусыз 
орындалған зат көлемінің оның нақты мәніне қатысы.
Нормативтік-техникалық құжаттамалар ішінде кәсіпорындардың 
стандарттары (КСТ) жеке-дара және маңызды құжат болып саналады. 
2002 ж. 27 желтоқсандағы № 184-ФЗ «Техникалық құжаттандыру 
туралы» (13, 17-баптар) Федеральдық заңына сәйкес КСТ-ны 
кәсіпорындар (ұйымдар) орындалатын жұмыстардың ғылыми-
техникалық дамуын қамтамасыз ету және бәсекелестікті арттыру 
мақсатындағы қажеттіліктеріне қарай әзірлеп, қолданысқа енгізеді. Бұл 
салалық кәсіпорындар (ұйымдар) үшін өте маңызды, олардың КСТ жол 
және құрылыс машиналары әзірленген орнына қарамастан, басқа 
елдерде қолданыла алады. Кәсіпорын (ұйым) паркіндегі машина 
түрлерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, КСТ стандарттары 
машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жүйесін 
қолдану тәртібін, жұмыс сапасын басқару әдістерін, жұмысты 
орындаушылардың техникалық жарақтандырылуы мен кәсіби 


біліктілік сипаттамасын бекітеді.
Жұмысты орындаушы жалпы құзыреттіліктерге ие болып қана 
қоймай, машинаның жөнделетін бөліктерін ұрып көріп, ақаулықтарын 
анықтау үшін есту қабілеті де жоғары болуы керек.
Студенттер өлшем бірліктерін білуі тиіс. Кейбіреулерін келтірейік:
1 километр (км) = 1 000 метр (м), 1 декаметр (дкм) = 10 м;
1 метр (м) = 10 дециметр = 100 сантиметр;
1 дециметр (дм) = 0,1 метр = 10 сантиметр = 100 миллиметр;
1 сантиметр (см) = 0,01 м = 10 миллиметр (мм);
1 миллиметр (мм) = 100 микрон;
1 дюйм = 2,54 см;

шаршы километр (км
2
) = 1 000 000 м
2
= 100 гектар;
1 м
2
= 10 000 см
2
;
1 дм
2
= 0,01 м
2
= 100 см
2
;
1 см
2
= 100 мм
2
;
1 мм
2
= 0,01 см
2
;

шаршы дюйм = 6,45 см
2
;
1 тонна (т) = 1 000 килограмм (кг);
2.1-кесте. Рим цифрлары мен араб цифрларының сәйкестігі
 
Рим цифрлары
I
1
XI
11
XXI
21
II
2
XII
12
XXX
30
III
3
XIII
13
XL
40
IV
4
XIV
14
L
50
V
5
XV
15
LX
60
VI
6
XVI
16
LXX
70
VII
7
XVII
17
LXXX
80
VIII
8
XVIII
18
XL
90
IX
9
XIX
19
C
100
X
10
XX
20
CL
150




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет