Жүргізу о қулық


Машиналарға техникалық қызмет көрсету мен  жөндеу жүргізуге арналған эксплуатациялық базалардың  қорын бағалау



Pdf көрінісі
бет19/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

2.5.2. Машиналарға техникалық қызмет көрсету мен 
жөндеу жүргізуге арналған эксплуатациялық базалардың 
қорын бағалау
 
Эксплуатациялық база ретінде мыналар түсініледі (МС 25646—95):
■ 
ғимараттар мен құрылымдар кешені;
■ 
ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) қоймасы;
■ 
тазарту құрылғылары;
■ 
стандартты бұйымдарға арналған орынжай;
■ 
машина мен жұмыс жабдығын монтаждау мен бұзуға арналған 
алаңдар мен шатырлар;
■ 
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктер бөлімі;
■ 
тұрақтар;
■ 
тұрмыстық орынжайлар.
Стандартты бұйымдар дегеніміз — заттардың құрылымын, сапа 
көрсеткіштерін, бақылау тәсілдерін, қабылдау мен жеткізу ережелерін 
анықтайтын, мемлекеттік, салалық немесе республикалық стандарт 
бойынша қолданылатын бұйымдар.


Өндірістік корпуста сыртта жуу, техникалық қызмет, жөндеу 
учаскелері, сондай-ақ слесарлық-механикалық, дәнекерлеу-ұсталық
жылу аппаратурасын, гидро және электр жабдықтарын жөндеу, бояу 
бөлімдері болады. Барлық бөлімше талап бойынша құрал-жабдықтар 
тарату қоймасын, қосалқы бөлшектер қоймасын, түсіргіштер және 
гайкаайналдырғыштарды, диагностикалау құралдарын, станоктарды, 
солидол құйғыштарды пайдалана алады.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары машиналарды 
жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұру және нысанда мақсатқа сай 
пайдалану үшін үнемді дайындықты қамтамасыз ету үшін 
жүргізілетіндіктен, 
эксплуатациялық 
база 
жол 
қолдану 
шаруашылықтары мен құрылыс ұйымдарының қызметінде маңызды 
орын алады. Эксплуатациялық базалар жер қазушы-тасушы 
машиналарға (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер), жер қазғыш 
техникаға (біршөмішті толық айналатын экскаваторлар), тегістеуіш 
құралдарға (тегіс білікті өздігінен жүретін каткалар), құбыр тартқыш 
крандарға, іштен жанатын двигателі бар жылжымалы компрессорларға 
қызмет көрсету үшін құрылады.
Эксплуатациялық базаның машина пайдаланылатын нысаннан 
қашықтығы олардың мобильдік сапасын, жолдардың жағдайын, 
шаруашылықтар мен ұйымдарда жөндеу және жылжымалы 
шеберханалардың болуын есепке ала отырып, анықталады.
Эксплуатациялық базада машиналарға техникалық қызмет көрсету 
мен жөндеу жүргізу қорына жұмыс орны да кіреді. Ол кәсіпорын 
құрылымының өндірістік бірлігі ретінде сипатталады. Жұмыс орны 
жұмысты орындаушыларды, еңбек қызметі құралдарын (станоктарды, 
стенділерді және т.б.), жұмыс құралдарын (бұйымдар, жиналмалы 
бірліктер) біріктіреді. Машинистің жұмыс орны машинада болады. 
Бір орындағы қызметінің ұзақтығына қарай базалар стационарлық 
және нысандық болып бөлінеді. Стационарлық базалар жол және 
құрылыс машиналарын қолданатын нысандар көп орналасқан 
жерлерде құрылады. Техникалық қызмет көрсетілетін және жөнделетін 
машиналар бұл базаларға өздігінен келеді немесе жүк жеткізу 
құралдарымен жеткізіледі. Нысандық базалар жылжымалы, нысан 
құрылысы аяқталғаннан кейін оларды машиналар паркімен бірге жаңа 
жұмыс орнына ауыстырады.
Стационарлық 
және 
мобильді 
базаларға 
жылжымалы 
шеберханалар, жағар-жанармай құйғыштар, қозғалтқышты бұзудың 
айналмалы-жылжымалы стенділері беріледі. 


2.6.
 
Жылжымалы шеберхана жанындағы бригада құрамы мынадай 
болуы мүмкін:
■ 
қызмет көрсетілетін немесе жөнделетін машинаның машинисі;
■ 
слесарь-жөндеуші міндеті бар жүргізуші;
■ 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі слесарь;
■ 
электр-газ дәнекерлеуші;
■ 
слесарь-гидравлик (гидрожабдық жөніндегі слесарь).
МАШИНАЛАРҒА СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ 
ФИРМАЛЫҚ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет