Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет22/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

5
 
3-
тарау
 
АҚАУЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖОЮ
ӘДІСТЕРІ
 
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНЫҢ
 
АҚАУЛЫҚТАРЫ
 
Машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын 
жүргізу ондағы ақаулықтарды тауып, жою үдерісімен қатар жүреді. 
Машина нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық 
құжаттама талаптарының ең болмаса біреуіне сәйке келмей қалған 
жағдайы ақаулық деп аталады. 
Жол және құрылыс машиналары жұмыс циклі кезеңінде физикалық 
және табиғи ескіру үдерісіне ұшырауы мүмкін, нәтижесінде жекелеген 
құрамдас бөліктердің беткі қабатының формасы, детальдардың 
өлшемдері өзгереді, күйе мен қақ тұрады, бұзылу белгілері пайда 
болады, жиналмалы бірліктердің жұмыс жасау қабілеті жойылады.
3.1.1. Жол және құрылыс машиналары 
ақаулықтарының түрлері мен пайда болу себептері
 
Құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктердің сапасыз жасалуы, 
машинаны қолдану ережелерінің сақталмауы, басқа жұмыс орнына 
жеткізу және қолдану нысандарында жұмыс операцияларын орындау 
кезінде детальдарға шамадан артық жүк түсіру, сондай-ақ, 
машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі 
жұмыстардың кезеңділігі мен көлемін сақтамау, жанар-жағармай мен 
жұмыс сұйықтықтарын таңдау кезіндегі қателіктер – ақаулықтар пайда 
болуының басты себептері. Осылардың нәтижесінде детальдардың 
жұмыс жағдайы нашарлайды, олар тез ескіреді, детальдар арасындағы 


саңылаулар кеңейеді, динамикалық жүктемелер артады, машина 
детальдары, жиналмалы бірліктер уақытынан бұрын істен шығады
техниканың жұмыс жасау қабілеті бұзылады.
Машиналарды мақсатқа сай қолдану барысындағы орын ауыстыру 
кезінде ескіруден, реттеудің бұзылуынан, серіппелерлің әлсіреуінен, 
гидрожүйеге ауа кіріп кетуінен әртүрлі ақаулықтар пайда болуы 
мүмкін.
Ақаулықтардың алдын-алу үшін машина детальдарын қалпына 
келтірудің прогрессивті әдістерін қолданудың маңызы зор. Қазіргі 
кезде, нарық жағдайында жол және құрылыс машиналарының 
құрамдас бөліктері мен жиналмалы бірліктерінде қолданылатын 
детальдарды қалпына келтіру үшін техникалық деңгейі жоғары 
технологиялық жабдықтар (бағдарламалық түрде басқарылатын 
жоғары жиіліктегі станоктар, детальдарды қалпына келтіру үдерістерін 
автоматтандыру) мен қаптамаларды сырлау үшін сапалы материалдар 
пайдаланылады. Бұл кезде есептен шығарылған машиналардың 
детальдары мен жарамсыз деп танылған қосалқы бөлшектер 
пайдаланылуы мүмкін. Құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктер 
детальдарын қалпына келтіру әдісін пайдалана отырып, импортталған 
жол және құрылыс машиналарының жұмысқа қабілеттілігін арттырып, 
қосалқы бөлшектерге кететін шығынды азайтуға болады. Осыған 
байланысты детальдарды (әсіресе, бағасы қымбат) қалпына келтірудің 
заманауи технологияларына үлкен назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет