Жүргізу о қулық


  АВТОГРЕЙДЕРЛЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ



Pdf көрінісі
бет65/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

7.4. 
АВТОГРЕЙДЕРЛЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
 
Басқа да жер қазушы-тасушы машиналар сияқты автогрейдерлер 
(1.3-
сурет) үшін техникалық қызмет көрсету жұмыстарының түрлеріне 
қолданысқа енгізу алдындағы, сондай-ақ КҚ, ТҚ-1, ТҚ-2 ТҚ-3 және АҚ 
жұмыстары жатады.
Қолданысқа енгізу алдындағы техникалық қызмет көрсету 
жөніндегі жұмыстар құрамына жиналмалы бірліктер мен құрамдас 
бөліктер элементтерін майлау, гидробактегі жұмыс сұйықтығы мен 
қозғалтқыш картеріндегі май деңгейін тексеру, оны толтыру
аккумулятор батереялары көрсеткіштерін бақылау, жанармай багін 
толтыру, салқындату жүйесіне су немесе антифриз (тосол) толтыру, 
машина тежегіші жұмысының сенімділігін тексеру операциялары 
кіреді.
Автогрейдер КҚ жүзеге асыру үдерісінде мына жұмыстар 
орындалады:

жиналмалы бірліктердің жағдайы мен жиынтығын сыртқы қарау;

бұрандамалар мен гайкалар тартылуын тексеру;

тежегіш пен кардан берілісі элементтерінің жағдайын бақылау;

май мен салқындатқыш сұйықтықтың ағуын бақылау;

радиаторға сұйықтық құю;

дөңгелектердің жағдайын тексеру және шиналарды үрлеу;

қозғалтқышты іске қосу және оның жұмысын бос жүріс кезінде
тыңдау;

рульдік басқару мен беріліс қорабының дұрыстығын тексеру.
Машинаның КҚ жұмыстарын орындай отырып, барлық
бұрандамалы біріктірулер берік бекітіліп, тартылғандығына, ескірген 
детальдардың жоқтығына, жанар-жағармай материалдары мен 


136
136 
салқындатқыш сұйықтықтардың ағып тұрмағанына, дөңгелектер 
балшық пен реагенттерден тазартылғанына, шиналардағы қысым 
нормаға сай екеніне, тежегіштер барлық дөңгелекті бір мезетте 
тежейтініне, педаль кабина еденініне тіреліп қалмайтынына, берілістер 
тұрып қалмай, тұтқалардың тиісті қалыпта ауысатынына, автогрейдер 
қозғалысы кезінде тұтқалар өздігінен ажыратылып қалмайтындығына 
көз жеткізу керек.
Автогрейдердің ТҚ-1 жұмыстарына кіріспес бұрын КҚ 
операциялары қайталанады, кейін дөңгелектер мен күпшектердің 
бекітілуін, кардар білігін, мойынтіректердің фланец-қақпақтарын 
тексеру жүргізіледі. Одан әрі гидрожүйе багіндегі жұмыс 
сұйықтығының, артқы белдік пен қайырма бұрылысының 
редукторларындағы майдың, басты тежегіш цилиндрлеріндегі тежегіш 
сұйықтығының, аккумулятор батареяларындағы электролиттің деңгейі 
анықталады.
Жанармай багінің қақпағындағы тесікті тексеру, гидрожүйе багі 
сапунының қымтағышын жуу да назардан тыс қалмайды. Қажет болса, 
қозғалтқыш, беріліс қорабы, радиатор, алдыңғы және артқы белдік, 
кабина, жұмыс жабдығы бекітулерін тартып қойған дұрыс.
ТҚ-1 кезеңінде руль дөңгелегінің еркін жүрісін анықтайды, 
алдыңғы дөңгелектердің үйлесімділігін реттеуді жүргізеді. 
ТҚ-2 жұмыстарының құрамы:

машина мен қозғалтқыштың ТҚ-1 орындау;

Эксплуатация жөніндегі басшылық нұсқауларына сәйкес
шиналарды ауыстырып қою;

конустық мойынтіректерді 4 және 12 реттеу арқылы беріліс қорабы
мен артқы белдікке (7.2-сурет), реттегіш төсемдер 2 санын өзгерту
арқылы дөңгелек біліктеріне 15 техникалық қызмет көрсетуді
жүргізу.
ТҚ-3 кезінде:

ТҚ-2 жұмыстары қайталанады;

майлау материалын ауыстырғаннан кейін алдыңғы дөңгелек
күпшектерінің мойынтіректерін реттейді;

қайырма бұрылысы редукторының бұрамалы ілінісулерін тексереді.
ТҚ-3 жүргізу нәтижесінде алдыңғы белдіктің әрбір дөңгелегі жеңіл
айналуы тиіс; люфт пен жанындағы саңылау, қайырма бұрылысы 
редукторының бұрамалы дөңгелегінің осьтік ауысуы нормадағыдай 
қалады.
Машинаның АҚ үдерісіндегі қолданыстың күзгі-қысқы кезеңіне 
өту барысында автогрейдерге техникалық қызмет көрсетудің кезекті 
операцияларын орындау керек:

жанармай багінен жаздық жанармайды төгіп, қысқы жанармайды
құю;

майлау кестесіне сәйкес майды қысқы сұрыппен ауыстыру;


137 
A
к 
A
кумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын қысқы 
нормаға жеткізу;

радиатор пердесін көтеру;

кабина алдыңғы терезесін жуғыш бактен суды ағызу.
Эксплуатацияның көктемгі-жазғы кезеңіне өту кезінде:

жанармай багінен қысқы жанармайд 
ы төгіп, оны жаздық 
жанармаймен алмастыру;

майлау кестесіне сәйкес майды қысқыдан жазғыға ауыстыру;

электролит тығыздығын жазғы нормаға сәйкестендіру;

жуғыш бакті шайып, оған таза су құю.
БІРШӨМІШТІ ТОЛЫҚ АЙНАЛАТЫН ЭКСКАВАТОРҒА 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
 
Техникалық қызмет көрсету экскаваторды қолданысқа енгізу 
алдында, жүргізіп көру кезеңінде басталады. Жүргізіп көруге 
дайындық кезінде жиналмалы бірліктерді майлайды, гидробактегі 
жұмыс сұйықтығы мен қозғалтқыш картеріндегі май деңгейін 
тексереді, бакке май, салқындату жүйесіне су (тосол) құяды, тіректік-
айналмалы құрылғыны қарайды, негізгі және тоқтату тежегіштері 
жұмысының сенімділігін тексереді, жиналмалы бірліктерді тексереді. 
Сондай-ақ, басқару тұтқаларын қосу (жұмыс операцияларын жасамай) 
кезінде ақаулық жоқ екендігіне көз жеткізеді.
7.2-сурет. Автогрейдер артық белдігі балансирінің дөңгелектік тежегіші:
1 — 
корпус; 2, 20 — реттеуші төсемдер; 3 — қақпақ; 4, 8, 12 — конустық мойынтіректер; 5, 
6 — 
тістегершіктер; 7 — ось; 9 — серіппелі сақина; 10, 19 — тығыздаушы сақиналар; 11, 23 
— 
сақиналар; 13 — дөңгелектік тежегіш; 14 — тежегіш барабан; 15 — дөңгелектік білік; 16 
— 
гайка; 17 — шплинт; 18 — қақпақ; 21 — күпшек; 22 — манжет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет