Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет73/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

7.9.2. Компрессорларды жөндеу
 
Қазіргі нарықта ПКС типті компрессорлық стансалар (1.8-кесте) 
ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді. Осы компрессор стансаларын 
шығару көлемі еш төмендемей, керісінше, жоғарылап отырғанын 
ескерсек, 
шаруашылықтар 
осыған 
ұқсас 
машиналармен 
салыстырғанда, аталған машина түрін жиі пайдаланатындығын көруге 
болады. Олай болса, оларды жөндеуге деген сұраныс та төмендемейді. 
Жөндеу дегеніміз — машинаның ақаусыздығын немесе жұмысқа 
қабілеттілігін арттыруға арналған жұмыстар кешені. Жылжымалы 
компрессорларға қатысты айтатын болсақ, оларға ағымдық та, күрделі 
де жөндеу жүргізіледі.
Ағымдық жөндеу құралдары және қорлары бар эксплуатациялық 
базаларда жүргізіледі. Күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті құралдар 
мен алаң қажет, сондықтан бұл жөндеу кез келген меншік түріндегі 
мамандандырылған жөндеу кәсіпорындарында орындалады. Жөндеу 
сапасы жобалық құжаттама талаптарын сақтаумен, жөндеу жүргізудің 
заманауи құралдарының болуымен, сондай-ақ іштен жанатын 
қозғалтқышы бар жылжымалы компрессорды жөндеумен айналысатын 
жұмысшылардың шеберлік біліктілігімен тікелей байланысты екенін 
білу керек.
Жөндеумен айналысатын персонал әрекеттерінің жиынтығына 
жөндеуді жүзеге асыру әдісін таңдау кіреді. Компрессорлық 
стансалардың ағымдық жөндеуін мына үш әдістің біреуі бойынша 


ұйымдастырады:
1)
жеке-дара;
2)
агрегаттық;
3)
аралас.
Саны аз біртипті компрессорларға жеке-дара әдісті қолданады, ол
кезде жиналмалы бірліктер машинадан алынады, жөнделеді де, орнына 
қайта орналастырылады, нәтижесінде, өзінің құрамдас бөліктеріне 
қатыстылығы сақталады. 
Компрессорлық стансаларды (7.3-сурет) агрегаттық әдіспен де 
жөндеуге болады: ақаулы құрамдас бөліктерді жаңа немесе алдын-
ала жөнделген жиналмалы бірліктермен ауыстырады. Агрегаттық 
әдіспен жөндеу жүргізу үшін жөндеу кәсіпорны әзірлеуші зауыттан 
алатын ақаусыз детальдардың айналмалы қоры болуы тиіс.
Жол шаруашылықтарының шағын машина паркі мен детальдар 
және жиналмалы бірліктердің айналмалы қоры болса, жөндеудің 
аралас әдісін қолдануға болады, ол кезде, қоры бірдей жиналмалы 
бірліктерді зауыттарда жөндеу жиынтықтарына топтастырып, 
эксплуатациялық базаларға әкеледі де, ақаулығына байланысты 
бракталған жиналмалы бірліктердің орнына қояды.
Күрделі жөндеу құжаттама бойынша ақаулықтар мен қорды 
қалпына келтіру үшін орындалған жұмыстар кешенін құрайды, осы 
арқылы бөлшектеу, детальдарды ауыстыру, кейін жинау мен реттеу 
7.3-сурет. ПКС типті компрессорлық стансаның жөнделетін жиналмалы 
бірліктерінің орналасу сызбасы:
1 — 
капот; 2 — қозғалтқыш; 3, 14 — муфта; 4 — басқару қалқаны; 5 — беріліс қорабының 
басқару тұтқасы; 6 — ілінісу муфтасының тұтқасы; 7 — ауатазартқыш; 8 — компрессор; 9 
— 
желдеткіщ; 10тоңазытқыш; 11 — бак; 12 — ауажинағыш; 13 — арба; 15 — 
аккумулятор батареясы; 16 — оқ ағаш


арқылы ақаулықты жою жүргізіледі.
Мына көрсеткіштер бойынша машинаның шекті техникалық 
жағдайы анықталуы оны күрделі жөндеуге жіберу үшін негіз болып 
саналады:

ескірген жарықтар;

деформациялар;

люфтілер;

металл құрылымының майысуы.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. Бульдозерлерге техникалық қызмет көрсету қанша уақыт аралығында
жүргізіледі?
2. Бульдозерлер жұмыс жабдығы металл құрылымының қандай ақаулықтарын 
кезекті техникалық қызмет көрсетуді күтпей-ақ жөндейді?
3. ТҚ-1 кезінде бульдозер қайырмасын соңына дейін көтеріп не істейді?
4. Скрепердің жұмыс ауысымы басталғанға дейін және ауысым аяқталғаннан
кейін қандай КҚ операцияларын жүргізеді?
5. Скрепердің ТҚ-1 және ТҚ-2 операцияларының құрамы қандай?
6. Скрепер шөміші мен оның отыру-ілінісу құрылғысына техникалық қызмет
көрсетудің ерекшелігі неде?
7. Автогрейдерді қолданысқа енгізу алдында, КҚ үдерісі кезінде, ТҚ-1 және ТҚ-2 
кезіндегі, АҚ орындау кезіндегі техникалық қызмет көрсету жөніндегі 
жұмыстардың құрамын айтып беріңіз.
8. Экскаватордың жұмыс құрылғысы жүріске көлденең орнатылған кезде оған
техникалық қызмет көрсетудің қандай операциялары жүргізіледі?
9. Тегіс білікті өздігінен жүретін каткаға техникалық қызмет көрсетуге кіріспес
бұрын не істеу керек?
10. Құбыр жүргізуші кранды қолдану жөніндегі басшылық қандай нормативтік 
құжаттың негізінде әзірленеді және бұл құжатта қандай ережелер көрсетілген?
11. Құбыр жүргізуші кран машинистерін дайындау мен аттестациялау тәртібі 
қандай?
12. Құбыр жүргізуші кранға жоспарлы техникалық қызмет көрсету (КҚ, ТҚ-1,
ТҚ-2, ТҚ-3, АҚ) кезінде орындалатын операциялардың ерекшеліктерін 
айтыңыз.
13. Құбыр жүргізуші кранның ағымдық жөндеуі туралы не білу керек?
14. Құбыр жүргізуші крандарға күрделі жөндеу жүргізу кезінде қандай 
ерекшеліктер мен шарттарды ұстану керектігін түсіндіріңіз.
15. Іштен жанатын қозғалтқышы бар жылжымалы компрессорлардың КҚ, ТҚ-1, 
ТҚ-2, АҚ кезінде қандай жұмыстар атқарылады?
16. Компрессорлардың ағымдық жөндеуін белгілі әдістердің қайсысын қолданып 
жүргізуге болады? Әдістер бір-бірінен несімен ажыратылады?
17. Компрессорды күрделі жөндеуге жіберу үшін не нәрсе негізге алынады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет