Жүргізу о қулық


■  құрамдас бөліктері мен олардың жиналмалы бірліктері жиынтығын  тексеру



Pdf көрінісі
бет34/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
■ 
құрамдас бөліктері мен олардың жиналмалы бірліктері жиынтығын 
тексеру;
 
■ 
машинаның қоректендіру жүйесінің герметикалығын тексеру мен 
оны қамтамасыз ету. 
 
Бұған қоса, АСҚ операцияларына двигательді салқындату мен 
майлау жүйесін, жиналмалы бірліктердегі детальдардың бекітілуін 
тексеру, сондай-ақ отын багіндегі жанармай мен двигатель картеріндегі 
май деңгейін орнату, гидрожүйе гидробагінде жұмыс сұйықтығының 
және двигательді салқындату жүйесінде сұйықтықтың болуын тексеру, 
машинаға (керек болса) жанармай құю, құрамдас бөліктердің 
жиналмалы бірліктері детальдарын майлау кіреді.
 
Бекіткіштерді тарту, жанармай, май, жұмыс және салқындатқыш 
сұйықтықтардың ағып кетуін уақытылы жөндеу қажеттілігіне назар 
аудару керек. АСҚ-ны жүргізуді машинаны басқару жүйесінің 
дұрыстығын, машинист кабинасындағы аспаптар қалқаншасындағы 
бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, сигнал беру мен 
жарықтандыруды тексерумен аяқтайды.
 
Техникалық қызметтің № 1 (ТҚ-1) түрінде АСҚ жұмыстарын 
орындайды; бұдан басқа машинаның сыртын жуады, жиналмалы 
бірліктерді бекітетін детальдардың бұрандасы мен пневмодөңгелекті 
жүріс құрылғысының шиналарындағы қысымды, аккумулятор 
батареяларындағы электролит деңгейі мен қысқыштардың қалпын 
тексереді, бактен жанармайдың механикалық қосындылары қалдығын 
төгеді, пневможүйе баллондарын конденсаттан тазартады, машинаның 
құрамдас бөліктерін майлау кестесіне сәйкес майлайды. 
Бұл кесте 
жуылып кетпейтіндей етіп жазылып, әдетте, машинист көзіне түсетін 
жерде, есіктің сыртқы және ішкі жақтарында орналастырылады

ТҚ-1 жұмыстарын толық көлемде орындаған соң, №2 техникалық 
қызметке (ТҚ-2) көшеді. ТҚ-2 үдерісінде ТҚ-1 операцияларын 
қамтиды, кейін двигательді, ажыратқышты, тежегішті, фрикциондарды 


81 
реттейді. 
Бұдан 
басқа 
шынжыр 
таспаларын 
тарту, 
пневмодөңгелектердің үйлесімін тексеру операцияларын орындайды, 
гидрожүйе мен пневможүйе элементтері жұмысының сенімділігіне көз 
жеткізеді, аккумулятор электролитінің тығыздығын тексереді, керек 
болса, оларды қуаттайды, двигатель картеріндегі майды ауыстырады, 
гидрожүйе 
сүзгілерін 
тазартады, 
жиналмалы 
бірліктердегі 
детальдардың бекіткіштерін тартады, машинаның құрамдас бөліктерін 
майлау кестесіне сәйкес майлайды.
 
№ 3 техникалық қызметте (ТҚ-3) ТҚ-2 жұмыстарын орындайды, 
сонымен қатар операциялардың келесі түрлерін рет-ретімен 
орындайды: двигательдің іске қосу құрылғысын тексереді, қажет 
болса, реттейді, жетекші дөңгелектердің мойынтіректері мен шынжыр 
табанды жүріс құрылғысының тірек тегістеуіштерін тексереді
жанармай багінің сүзгі-тұндырғышын жуып, тазартады.
 
Ауысымдық қызмет (АҚ) кезіндегі машинаны мақсатқа сай 
пайдаланудың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау барысында двигательдің 
салқындату жүйесіне ауаның төмен температурасында қатпайтын 
салқындатқыш сұйықтық құяды; двигательді іске қосу алдында 
жылыта отырып, жұмысқа дайындығын тексереді; жылытатын 
қаптамалар қаптайды; жұмыс сұйықтығын қысқы түріне ауыстырады.
 
Машинаны көктемгі-жазғы қолдану кезеңіне дайындау барысында 
жылытатын қаптамаларды шешеді, двигатель мен гидрожүйені майлау 
жүйесінің радиаторларын қосады, реле-реттеуіштің ауысымдық 
реттегіш бұрамасын «П» қалпына ауыстырады, аккумулятор 
батареясындағы электролит тығыздығын жол және құрылыс 
машиналарын мақсатқа сай қолданудың көктемгі-жазғы нормасына 
дейін келтіреді, май мен жұмыс сұйықтығын көктемгі-жазғы түрлеріне 
ауыстырады, қажет болса, двигательді салқындату жүйесін қақтан 
тазартады және жуады.
 
АСҚ, ТҚ-1, ТҚ-2 және АҚ жұмыс түрлерінің нақты тізбесін жол 
және құрылыс машиналарын мақсатқа сай қолданатын ұйымдарда 
болатын эксплуатация бойынша басшылықтың тиісті тарауларымен 
танысып, білуге болады.
 
Эксплуатация бойынша басшылықтың тарауларымен танысу 
арқылы машина жағдайының рұқсат етілген және шекті 
көрсеткіштерінің мәні анықталады. Рұқсат етілген мән жаңа немесе 
жөндеуден өткен машинаның жағдайын көрсетеді, ал шекті мән 
машинаның өз қызметін эксплуатациялық қасиеттерінің берілген 
шегінде орындай алатын техникалық қалпына сәйкес келеді. 
Машинаны берілген қасиеттерінің шегінен тыс қолдану өзін-өзі 
ақтамайды, техника бұзылуы, тіпті, апатқа ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет