Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет42/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

10
 
Қалып қалған отынды жеке ыдысқа жинап, сүзгіден өткізгеннен 
кейін қайтадан машинаға құю үшін немесе детальдарды жуу үшін 
қолданады.
Дизельдерде қолданылатын мотор майлары МС 8581—78 
«
Автотрактор дизельдеріне арналған мотор майлары» стандартының 
талаптарына сай болуы тиіс (4.6-кесте).
Мотор майларының белгіленулерін МС 17479.1—85 «Мотор 
майлары. Жіктелімі және белгіленуі» бойынша орындайды: М әрпі 
мотор майы дегенді; одан кейінгі сан тұтқырлық дәрежесін; А, Б, В, Г 
әріптері эксплуатациялық қасиеттері бойынша тобын; 1 индексі 
майдың бензин қозғалтқыштар үшін, 2 индексі дизельдер үшін екенін 
білдіреді. Двигатель картерлері мен виброқоздырғыштар корпусын М-
10-
Г2 (жазғы) және М-8-Г2 (қысқы) мотор майларымен толтырады.
Импорттық мотормайлары минералдық, жартылай синтетикалық 
және синтетикалық болып бөлінеді. Минералды майлар қаптамасында 
4.6-кесте. Дизельге арналған түрлі маркідегі мотор майларының 
басты көрсеткіштері
Мотор майлары
Көрсеткіш
М
-8
-Б2
М
-1
0
-Б2
М
-8
-Г2
М
-1
0
-Г2
X,
СЧ
U
СО
2
СЧ
U
О
2
100 °С температура кезіндегі 
кинематикалық тұтқырлық, мм
2

8
11
8
11
8
11
Тұтқырлық индексі
90
90
90
90
90
90
Сілтілік сан, мг/г, кем емес
-
3,5
3,5
6
6
6
Температура, °С:
Тұтану
200
205
200
200
200
205
Қату
-25
-15
-25
-15
-30
-15
Механикалық қоспалар, %, артық емес
0,015
0,015
0,015
0,015
0,015
0,015
20 °С температура кезіндегі тығыздық
кг/м
3

артық емес
905
905
905
905
905
905
Ескерту.
Жалпы сілтілік сан ретінде барлық басты біріктіруді бейтараптандыруға 
жұмсалған тұз қышқылының санына баламалы, сыналатын майдың 1 г-де болатын калий 
гидроксидінің саны алынады, мг, 


SAE15W-30 
немесе 15W-40 маркілеулері болады. Жартылай 
синтетикалық майлар SAE10W-40 маркісімен таңбаланады. Бұл майлар 
айтарлықтай қатты аяз болатын өңірлерде қолданылады. Синтетикалық 
майлар SAE 5W-40 немесе SAE 5W-50 белгісімен маркіленеді. Бұлар – 
ең жоғары сапалы майлар, олар кез келген өңірде қолданылады.
Дизельді двигательдің мотор майын ауыстыру алдында двигательді 
қыздырып алады, бұл пайдаланылған майды барынша толық ағызып 
алу үшін жасалады. Бұдан кейін двигательдің май құятын өңешінің 
бітемесін ашып, картер табандығының май ағатын тесігіне дизельді 
двигательде қолданылған майды жинау үшін арнаулы ваннаны қояды, 
бітемені бұрап алып, оны керосинмен немесе дизель отынымен жуады. 
Қолданылған майды құйып алғаннан кейін бітемені орнына бұрап, 
дизельді двигательдің май жүйесіне қажетті маркідегі жаңа мотор 
майын құяды.
Трансмиссиялық майларды беріліс қораптарында, шеткі 
берілістерде, тарату қораптарында, редукторларды, бульдозерлер, 
скреперлер мен грейдерлердің рульдік басқару тетіктерінде қолданады. 
Трансмиссиялық майлардың басты көрсеткіштері 4.7-кестеде 
көрсетілген (МС 23652—79 «Механизмдерге арналған трансмиссиялық 
майлар. Техникалық жағдайлары»).
Трансмиссиялық майлардың белгіленулерін МС 17479.2—85* 
«
Трансмиссиялық майлар. Жіктелімі және белгіленуі» бойынша 
орындайды: таңбалардың бірінші тобы ТМ (трансмиссиялық майлар) 
әріптерімен; таңбалардың екінші тобы цифрлармен белгіленеді, 
майдың эксплуатациялық қасиеттерге қатыстылығын сипаттайды; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет