94
1 —
вибробілік мойынтірегі;
2 — редуктор корпусы;
3 — борттық беріліс;
4 —
тежегіш
тұтқасының осі;
5, 22 — кардан білігі;
6 — реверс муфтасының орамы;
7 — гидрожүйе багі;
8
—
жанармай сорғысы;
9 — двигатель картері;
10 — бағыттаушы білік мойынтірегі;
11 — аша
тірегі;
12 — кіндік темір мойынтірегі;
13 — ауа тазартқыш;
14 — ілінісу муфтасының орамы;
15 —
беріліс қорабының картері;
16 — реверс тұтқасының тірегі;
17 — реверс тұтқасының
фиксаторы;
18 — реверс тұтқасының осі;
19 — мойынтірек;
20 — жетек;
21 — вибратор;
23
—
жетектеуші білік мойынтірегі
Машинаға жанармай құю дегеніміз – техникалық қызмет көрсету
мен жөндеу кезінде тиісті ыдыстарды (бактер) жұмыс сұйықтығы және
жанармаймен, двигатель радиаторын салқындатқыш сұйықтықпен
толтыру. Жол-құрылыс машиналарының гидрожабдықтарын толтыруға
арналған жұмыс сұйықтығы ретінде мына гидравликалық майлар (4.4-
кесте) қолданылады: МГ-15-В (с) (барлық ауысым үшін ВМГЗ), МГ-
22А (ұршықтық АУ), МГ-46-В (МГ-30У) — немесе индустриалды И-
30А (МС 20799—88).
Гидравликалық майлардың МС 17479.3—85 «Гидравликалық
майлар. Жіктелімі және белгіленуі»
бойынша белгіленуі таңбалар
тобынан тұрады, олардың біріншісі МГ (гидравликалық май)
әріптерімен белгіленеді; екіншісі цифрлармен белгіленеді, ол кинема-
тикалық тұтқырлық дәрежесін көрсетеді; үшіншісі әріптермен
белгіленіп, майдың эксплуатациялық қасиеттері
бойынша қай топқа
жататындығын көрсетеді.
Жұмыс
сұйықтығының
эксплуатациялық
қасиеттері
тұтқырлығымен, тығыздығымен және қолдану температурасымен
анықталады. Тұтқырлық температураның барлық диапазонында жұмыс
жасауы кезіндегі гидрожүйенің ішкі үйкеліс күшін сипаттайды.
Температура көтерілсе, тұтқырлық төмендейді,
нәтижесінде
гидрожабдық элементтерінің қозғалысқа қарсылық көрсетуі азаяды,
осылайша жұмыс сұйықтығының ішкі ағып кетулері артады.
6
5
4
3
2
1
4.2-сурет. Тегіс білікті вибрациялық каткалы майлау сызбасы:
95
Температура төмендеген кезде жұмыс сұйықтығының тұтқырлығы
артады, бұл оның ағысын нашарлатады. Жұмыс сұйықтығының
тығыздығы оның майлау қасиеттерін көрсетеді.
Қолайлы тығыздық кезінде жұмыс сұйықтығында тұтас май қабаты
түзіледі, қажалуға, тозуға
әкелетін тұнбалар жойылады, гидрожабдық
элементтері арасындағы қажалу азаяды.
Жұмыс сұйықтығы эксплуатациялық қасиеттері көрсеткіштерінің
ішіндегі ең маңыздысы – сұйықтық қолданатын кездегі ауаның
температурасы (4.3-сурет). Температура
диапазоны гидрожабдықтың
түрлі климаттық өңірлердегі жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуі
тиіс. Жұмыс сұйықтығының қату температурасы дегеніміз — май
құйылған түтікті 45° қисайтқан кезде сұйықтық деңгейі 1 минут уақыт
аралығында өзгеріссіз болатын температура.
Гидрожүйені
толтыруға
арналған
жұмыс
сұйықтығын
пломбыланған таза ыдысқа құйылған күйінде алады да, жабық,
жылытылатын орында сақтайды немесе құяр алдында құбырды
жылытқыштармен жылытады. Техникалық қызмет көрсету үдерісі
кезінде жұмыс
сұйықтығын бидонға, канистрге немесе банкіге құйып
немесе механикаландырылған қондырғылармен әкеледі. Жұмыс
сұйықтығын гидравликалық сүзгіге түбіне екі қабат бәтес салынған
құйғыш арқылы құяды. Толтыру кезінде
толтырылатын учаскелердің
ең жоғары нүктелеріндегі штуцерлерді бұрап, гидрожүйеден ауаны
шығарады. Гидрожүйені толтырғаннан кейін гидробакке жұмыс
сұйықтығын құяды.