16
8.4.
сақтау қажет. Еңіске қарай бульдозер бірінші жылдамдықпен
қозғалады, ал тоқтау кезінде машинаны тежеу қажет.
Жер ғимараттарының қазылған орындарын көму алдында
машинист ол жердегі адамдардың, жабдықтардың, материалдардың
жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.
Жер ғимараттарының қазылған жерлерін көму барысында
бульдозер қайырмасының құлама шетінен шығуына жол беруге рұқсат
етілмейді. Қазаншұңқыр жарларының құлау шегінде және өзге
машиналардың жұмыс аймағында бульдозердің қозғалысына тыйым
салынады. Объектідегі машинаның қозғалыс тәртібі жұмыстардың
өндіріс жобасында көрсетілген.
Қайырманы тазарту қажеттілігі туса машинист оны жерге түсіріп,
қозғалтқышты өшіреді. Жұмыс аяқталған соң машина тұраққа
қойылады,
берілісті ауыстыру тұтқасы
бейтарап қалпына қойылады.
Тежегішті қосу, қозғалтқышты өшіруді ұмытпаған жөн. Кабина
кілтпен құлыптанады, ал бұзылулар туралы деректер вахта журналына
жазылады.
СКРЕПЕРЛЕРДІ МАҚСАТҚА САЙ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Құқықтық актілердің нормативтік-техникалық талаптары бойынша
және «
ТИ
РО-033-2003 скреперлер машинистерінің еңбегін қорғау
жөніндегі типтік нұсқаулыққа» сәйкес скреперлерді қолдану кезіндегі
қауіпті және зиянды өндірістік факторларға келесілер жатқызылады:
шу, вибрация, жұмыс аймағы ауасындағы шаң мен өндірілген
заттардың жоғары құрамы. Жұмысты бастамастан бұрын машинист өз
еңбегінің ерекшеліктері ескерілген тапсырманы алады.
Алынған тапсырмада топырақ қалай алынатыны, оның
тасымалдануы, шөміштің топырақтан босатылуы және жұмыс циклін
қайталау үшін бос шөмішпен скрепердің кері жүрісі көрсетілген.
Тапсырмада айтылған топырақты жүктеу қажеттілігіне топырақтың
кесілуі мен шөміштің толтырылуынан тұрады. Шөміш
кенжар
бойынша пышақтары тереңдетілген машинаның түзу сызықты
қозғалысы кезінде кесілетін топырақ қалыңдығына байланысты 2...4
км/сағ қозғалыс жылдамдығында топырақпен толтырылады.
Топырақтың тасымалдануы циклдің негізгі уақытын алады
(шамамен, 80 ... 90%). Тасымалдау операциясының ұзақтығы жолдағы
қозғалыс жылдамдығымен анықталады. Көбінесе жылдамдыққа
жолдың түрі әсер етеді. Топырақты тасымалдау үшін скреперлерді
|