Үйсіндер тарихы (б з. д. ІІІ – б з. Y ғғ.) МазмұНЫ: кіріспе ежелгі үйсіндердің шығу тегі, орналасуы, КӨрші елдермен қарым-қатынастары



бет2/9
Дата13.03.2024
өлшемі364 Kb.
#495359
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-Үйсіндер-тарихы-б.з.д.-ІІІ-–-б.з.Y-ғғ. 8

Бітіру жұмысының зерттелуі Жазба деректер бойынша үйсін тайпалары туралы алғаш тарихи жазбалар немесе ғылымға таныс етушілер Н.В. Кюнер мен Н.Я. Бичурин болды /1,2/. Олар қытай тілін өте жақсы меңгергендіктен, олардың аудармаларын және басқа деректерді пайдалана отырып В.В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихы очеркі» атты еңбегінде үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жазды /3/. Сол сияқты қытай маманы Ю.А. Зуев та үйсін тайпасы туралы жаңа деректер тобын пайдалана отырып, қазақстан тарихын жазуда үйсіндер жайлы өз үлесін қосты /4/.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек сіңірген ғалымдар академик Ә. Марғұлан мен М. Бернштам болды /5/. Іле өзенінің орталық ағысының оң жақ жағалауында үйсін ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізіп, алынған материалдар бойынша олардың өмір сүрген мезгілін дәуірлерге бөліп, даму кезеңдерін бір жүйеге келтірген А.Г. Кушаев болды 6/.
Сол сияқты сақ, үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ уақыт айналысқан К.А. Акишев болды. Ол үйсін тайпаларының қоғамдық құрлысы мен әлеуметтік-экономикалық жақтарын бір жүйеге келтіріп, үйсін тайпаларының мемлекеттік дәрежеде – таптық құрлыста өмір сүргендігі туралы жазды /7/.
Ал қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов болса қазақ арасынан жинаған шежірелік жинақтарына қарай отырып, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы екендігін мәлімдеген болатын /8/
Сол сияқты әйгілі ғалым Е.С. Малов үйсін атауының 8 ғасырдағы Орхон-Енисей жазбаларында кездесіп, олардың сақ тайпаларымен туыс болғагдығын атап өтеді /9/.
Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады десе, ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /10/.
Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /11/.
Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты, В.В. Восторовты атауға болады.
Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдесе, ал зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зерттеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарастырып өзіндік пікір ұстанады /12/. Сол сияқты В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді /13/.
Сонымен тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. Кушаев, Ю.А. Зуев, А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. авторлар үйсін тарихы мәселесін зерттеуде үлкен үлес қосары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет