Үйсіндер тарихы (б з. д. ІІІ – б з. Y ғғ.) МазмұНЫ: кіріспе ежелгі үйсіндердің шығу тегі, орналасуы, КӨрші елдермен қарым-қатынастары



бет4/9
Дата13.03.2024
өлшемі364 Kb.
#495359
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дип.-Үйсіндер-тарихы-б.з.д.-ІІІ-–-б.з.Y-ғғ. 8

Жұмыстың методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен үйсін тайпаларын қарастыруда өркениеттік тұрғы басты назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында этноцентристік, ұлтшылдық және этнониглистік көзқарастардан бас тартып, оларды айқындауға мүмкіндік береді және әртүрлі тайпалар мен мәдениеттердің, өркениеттердің, теңдігі мен әлем дамуының полимәдени және көпұлттық құндылықтарын оның дамуының негізгі шарты ретінде қабылдау туралы сананы қалыптастырады. Сондай-ақ бітіру жұмысында тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра талдау, жүйелілік т.б. басшылыққа алынды.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жұмыс б.з.д. ІІІ – б.з.Y ғасырлары аралығында тарих төсіне шығып, кейін түркі тайпаларының құрамына еніп, қазіргі қазақтың Ұлы жүзінің құрамына енген үйсін тайпаларының осы уақыт аралығындағы территориясы, саяси тарихы және көрші мемлекеттерімен мәдени байланыстары туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді талдауға арналған.
Бітіру жұмысының құрылымы бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.


1. ЕЖЕЛГІ ҮЙСІНДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ, ОРНАЛАСУЫ, КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ


1.1 Мәселенің тарихнамасы және деректері
Б..б. ІІ ғасырда қытай жазба деректерінің хабарларына қарағанда Жетісу аймағында атақты үйсін тайпаларының өмір сүргендігі туралы мәліммметтер кездеседі. Үйсін тайпалары кейіннен сол атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына сіңген ру. Үйсін этносы қазақ халқының тарихында ерекше орны бар тарихи тақырып болғандықтан зерттеуді көп қажет етеді.
Мәселенің тарихнамалық қарына келер болсақ, зерттеуші Н.Я. Бичурин аударған қатай деректерінде үйсіндердің зерттелу тарихының негізгі деректік қорлары кездеседі. Үйсіндер тарихын зерттеген ғалымдар Н.Я. Бичурин, Н.В. Кюнер, В.С. Таскин, Ю.А. Зуев, Н. Мыңжан үйсіндер тарихына мол үлес қосқан. Бұл ғалымдардың еңбектері үйсіндердің зертттелу тарихнамасын толықтыра түседі.
Деректік мәліметтер бойынша Іле өзенінің оңтүстігіндегі Іле Алатауын қытай елінің б.д.д. жазба дерегінде Үйсін тауы беп атаған. Халқымыздың тарихына ерекше мән беріп, оны алғаш тарихшы ретінде жазған атақты ғалым А.И. Левшин өзінің еңбегінде бұл Қытай жеріне кіріп жатқан Алатау ма немесе Үйсін Алатауы ма деген сауалға нақты ешнәрсе айта алмайтындығын жазған /14/. Ал археологиялық зерттеулер бойынша Іле өзенінінің оң жағы болсын сол жағы болсын б.д.д. ІІІ ғасырларда ежелгі үйсін тайпаларының өмір сүргендігі толығымен дәлелденген. Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик В.В. Бартольд үйсін атауына үлкен мән берген. Ғалым халқымыздың тарихына байланысты алғаш рет «Жетісу очеркі» атты көлемді еңбегін жазды. В.В. Бартольдтің пікірі бойынша Ыстық көлдің оңтүстік жағындағы Ферғана, Күшпен Шершинге дейінгі Қытай Түркістаны аралықтағы Манглай Сүбе облысының жері де Жетісудың бір бөлігіне жатқан. Ғалым бұл жерлер түріктенген моғол тайпаларының бірі дулаттардың жері деп көрсетеді /15/. В.В. Бартольд дулаттардың жері Жетісу аймағы деп көрсетеді.
Ал зерттеуші Н.А. Аристов өзінің пікірі бойынша дулу тайпасы шығыстан хундармен бірге Батысқа қарай жылжыр қоныстанғанын атап өтеді /16/.
С. Аманжолов болса «Менің ойымша бүгінгі дулаттар ертедегі орхон-енисей түріктерінің тура ұрпақтары (Y-YІІІ ғғ.) деп көрсетеді /17/. Ертедегі үйсін, қаңлы, дулат және т.б. тайпалар қазіргі қазақ халқының құрамына сол атауман енген Ұлы жұздің рулары екендігі айқын.
Тарихшы Н. Мыңжанұлы Қытай елінің б.д.д. деректерінде кездесетін «Большой Ючежы», «Малый Ючежы» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады дейді. Бұл тайпалар шығыста көршілес өмір сүріп ақыр аяғында олардан теперіш көріп, Жетісу жеріне келіп, мұнда сақ тайпасын ығыстырып, үйсін тайпасымен араласса керек //. Ғалым С. Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін Ұлы жүз деген сөзді қытай тілінде «Ючежи» деп атаған болар, ал оның өзі (ючеждер) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы Ұлы жүз сөзі жанданған деген ой туғызады дейді /18/.
Жетісу жерінде судың молдығына байланысты бұл өлкенің құрғақ табиғатына қарамастан отырықшылық күй кешкен. Бұл процесс турасында академик Ә.Х. Марғұлан Жетісу өңірін мекендеген тайпалардың тұрақты қоныс-жайларының даму тарихын сонау көне дәуірден бастап, архитектуралық қоныс жүйесінің бүгінге дейінгі өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетеді /19/. Бұл кезеңде Жетісу аймағында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген археолог-тарихшы А.Н. Бернштамның қазақ халқының тарихына сіңірген еңбегі өте зор. А.Н. Бернштам Жетісудың оңтүстік және оңтүстік батыс аудандарына жүргізген зерттеу жұмыстарының арқасында археологиялық ескерткіштерді дәуірлерге бөліп, олардың этникалық жағына баса назар аударады /20/. Ғалым ескерткіштердің материалдық жағына сүйене отырып, ежелгі үйсіндердің шығыстан яғни Қытайдың Гонсу провинсиясынан келмегендігін олардың таза Жетісуды мекен еткен үйсіндер болғандығын дәлелдей отырып, қытай дерегінің негізсіз екендігін жазады.
1946 жылы қазақстанда ғылыми академия ашылады. Соған орай үйсіндер тарихын зерттеу мәселесі кеңейе түседі. Жетісу аймағына жүргізілген зерттеулердің барысында болған К.А. Акишев Жетісу жерін мекендеген сақ-үйсіндердің материалдық жағын зерттей отырып, олардың мәдениетінің өзара ұқсас болғандығын атап өтеді. Сондай-ақ үйсін тайпалары сақ тайпаларының заңды жалғасыт ұрпағы болғандығын да атап өтеді. Зерттеуші Алматы облысының Кеген ауданының Ақтас қыстағынан алынған материалдарға сүйене отырып, үйсін тайпаларының негізінен үш мезгілді баснан өткізгендерін дәлелдейді. Яғни, бірінші кезеңінде б.з. І-ІІІғасырында, екінші – ІY-YІ ғасырларында және үшінші кезеңі – ХYІІІ ғасырында қазақ халқының өмір кешкен кезеңі. Бұл кезеңдер қазба жұмыстарының кезінде табылған үйсіндердің тұтынған бұйымдарынан белгілі болған. Археолог ғалым Г.А. Кушаев Іле бойындағы сақ-үйсіндердің б.д.д. Y -ІY ғасыры мен б.д. ІІІ-ІY ғасырларына дейін тайпалық одақтар ғұмыр кешсе, ал одан кейін таптық жіктелулер болғандығын атап өтеді. Сол сияқты ғалымдар Г.А. Кушаев пен К.А. Акишев өз еңбектерінде үйсіндердің әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты зираттардан алынған материалдарға талдау жасай отырып, үйсін тайпаларындағы салт-сана, әдет-ғұрыптардың қазақ халықнда да кездесетіндігін де дәлелдейді. Мәселен үйсін тайпаларының көкке (көк тәңірге), жерге (жер анаға), суға (су анаға), отқа (от анаға), күнге, айға және т.б. аспан дененлеріне сиыну салтының сақталғандығын жазады /21/.
Іле өзенінің сол жақ жағалауына зерттеу жұмысын жүргізген археолог Е.И. Агеева мен А.Г. Максимова зираттарға жұмыстар жүргізіп, жерлеу әдет-ғұрыптарының әртүрлі тәсілдерде болғандығын, сондай-ақ қорған оның шетін таспен қоршайды, осы тасқа дейін келеді ары қарай баруға болмайды, яғни үйінділерге ата-баба аруағына табынушылықтың болғандығын айтады /22/. Бұл қазақ халқына тән діни наным-сенімдер болып табылады. Яғни, қазақ халық ерте кезде қайтыс болған ата-баба аруақтарына сыйынған, ол аруақтар өзінің ұрпақтарын руластарын қолдайды деп сенген. Сондықтан соғы шайқасына кірген кезде немесе атй бәйгеге шапқанда қазақтың ру-тайпалары өзінің ата-бабаларын яки сол рудан шыққан батырлардың атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен. Жетісу аймағ ынан табылған обалар ежелгі сақ-үйсін тарихының туындысы. Ғалым К.А. Ақышевтың Қазақстанның басқа жеріне қарағанда, әсіресе Жетісудағы қысаулар тұрақты болған деп дәлелдеген. Жетісу жерін мекен еткен тайпалардың әдет-ғұрпы, салт-санасы және мал шаруашылығымен қатар сондай-ақ этникалық құрамында ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарынан тыс қалмағаын.
Үйсін тайпаларның этникалық құрамы турасында зерттеушілерің екінші тобына Қазан төңкерісінен кейінгі Ю.А. Зуевты, С. Аманжоловты, В.В. Восторовты атауға болады.
Зерттеуші Ю.А. Зуев өз кезегінде үйсін титуылының есімін лингвистикалық жолмен анализ жасап, үйсіндердің түркі тілдес болғанын дәлелдейді. Ал зерттеуші С. Аманжолов болса тайпалардың түркі тілдестігі жайлы зертеуінде үйсін, дулат тайпаларының тілі туралы дау-таласты қарачстырып өзіндік пікір ұстанады /23/. Ал академик В.В. Бартольд дәне Н.А. Аристовтың еңбектерінде қаңлы, қыпшақ тайпаларынан басқа тайпалардың барлығы түркі тілдес емес деген қате пікірді дәлелдеген. Ғалым өз кезегінде түркі, қытай дерегі және қазақ шежіресіне сүйене отырып дәлелдер келтірген. Ғылыми жағынан күнбилердің есімдеріне, жер-су аттарына сұрыптама жасап, көз жеткізген. Сол сияқты В. Востровтың Ұлы жүз тайпаларын Жетісу аймағына XІХ ғасырдың аяғында келіп қоныстана бастаған деген пікірі ешқандай шындық тұрғысына келмейді.
Жетісу аймағын мекен еткен тайпалардың антропологиялық жағынан зерттелу жұмыстары да ғалымдар назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ұлттық Ғылым академиясының короспондент мүшесі профессор О. Исмағұлов өзінің монографиясында көне дәуір мен жаңа дәуірдегі қазақтардың яғни 500-600 жылдарға жуық аралықта олардың антропологиялық жағыанан онша өзгеріске түсе қоймағандығын дәлелдеп, ежелгі этникалық топтармен соңғы кездегі қазақ халқының арасында генетикалық байланыстың үш мың жылға созылған ұзақтығына қарамастан арада өте тығыз ұқсастық бар екендігін айтады /24/. Қытай деректерінде үйсін тайпаларының көздері көк делінсе, ал археологиялық деректер үйсіндердің европойдтық рассаға жататындығын дәлелдеп отыр /25/. Іле өзенінің бойында орналасқан обадан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44 –і европейдтық болса, қалғаны монголойдтық аралас типте болғанын зерттеуші О. Исмағұлов дәлелдеп көрсетеді. Бұдан біз бүгінгі осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болғандығын көреміз. Жетісу қазақтарының көптеген рулары үйсін антропологиялық типтің нәсілері екендігі айқын. Қытай жазба деректерінде Жетісу жерінде мемлекеттік дәрежеде Қытай өкіметімен терезесі тең дәрежеде саяси қарым-қатынаста болған үйсіндер туралы деректер біршама жақсы жазылған Осы деректерге сүйене отырып, үйсіндердің қай тілдік семьяға жататындығы туралы мәселе XІХ ғасырдан бері қарай көтеріліп келеді. Осы уақыт аралығында үйсіндердің тілін иран, түркі тілдеріне жатқызды. Сондай-ақ үйсін тілі орыс қазан тілдес деп айтатындар да болды. Жапондық ғалым Сиратори «Ханзуша» ми деген әріп хан әулеті тұсында «би» деп атап келген. Ертедегі үйсіндер қазақ тілінде сөйлеген деп дәлелдеді. Зерттеушінің бұл пікірімен келісуге болады. Себебі қазақ халқының тарихында Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Бисенбі би және тағы да басқа билер болған. Бұл мәселеден ежелгі үйсіндердің қазіргі қазақ халқының арғы атасы болғандығын айқындайды /26/.
XІХ ғасырдың аяғында Жетісу аймағында өмір сүрген ру-тайпалардың этникалық құрамы және олардың көшіп-қону бағыттары туралы жарық көрген Н.А. Аристовтың еңбектері болды. Ғалым өз еңбегінде ежелгі үйсіндердің қазақ халқындағы Ұлы жүз құрамына кіргендігін атап көрсетеді. Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қарақ жүз, мың жүз, бақтиярдан: үйсін мен ойсыл, үйсіннен ақсақал (абақ), абақтан қараша, қарашадан бәйдібек, бәйдібектен: албан, дулат, суан, сары үйсін тарайды //.
Н.А. Аристовтың еңбегін өзінің ғылыми жұмыстарына пайдаланған этнолог ғалымымыз В.В. Востров Жетісу өлкесінің ру-тайпаларының этникалық құрамы туралы жазған /27/. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан уәлиханов қазақ халықының арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде үйсін, ұлы жүз қазақтарының түп-тамыры немесе түп атасы болған деп көрсетеді. Онда Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр, мекірелі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпаларынының өрбігенін көрсетеді.
Алайда В.В. Востров Жетісу аймағында қазақтар ХYІІІ ғасырдың екінші жартысында қоныстана бастады деген қате пікір айтады. Сол сияқты қазіргі қазақ шежірелерінде үйсін тайпаларының таңбалары ту және ағын су формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысынның арғы тегімен өсіп-өрбуін баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер қазақтың Ұлы жүзін құрайтын ұлыс. Еліміздегі қазақтар арасында албан, суан, жалайыр, шанышқылы және тағы да басқа тайпалар осы ұлы жүз «Үйсіннен» тарайды. Мәселен, ежелгі үйсіндердің ата-мекенінінң орталығы болған Млнғолкүре ауданынынң аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі қытай дерегінде үйсіндерді «усун» деп жазған.
Әйгілі ғалым Е. Малов «үйсін» деген ел атының YІІІ ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде бар екендігін дәлелдейді /28/. Осыған сүұйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екендігін айтады. Ал зерттеуші Ә. Хасенов «Юбан және Чубан кім?» деген мақаласында: «Үйсін, дулат, қыпшақ, найман және т.б. қазақ халқының елдігін құрағанкөне түркі тілдес тайпалар « деп өз пікірін білдіреді /29/.
Соңғы кезеңде Қытай тарихшысы Су Бейхэйдің еңбегінде «усундердің іс қимылары Іле алқабында өтті. Бірақ бұл олардың ата-мекені емес» деп жазды /30/. Қытай ғалымдары ертедегі қытай деректеріне сүйене отырып, үйсіндерді шығыстан келген деп өздеріне жақын тартуға тырысқан пікір білдіреді.
Сонымен қорыта келгенде, тарихнамамызда, оның ішінде ғалымдарымыз Ш. Уәлиханов, А.И. Левшин, А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, К.Г. кушаев, Ю.А. Зуев, А.Г. Максимова, С. Аманжолов және т.б. үйсін тайпалары ешқайдан келмеген, Жетісу жерінде ежелден өмір сүріп, сан атаумен қазақ халқының Ұлы жүз құрамына енген түркі тілдес тайпалары деп дәлелдейді. Сол себепті де ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ертедегі үйсін тайпаларын соңғы кездегі үйсіндердің аарасында белгілі бір байланыстары болған түркі тілдес тайпалар деп көрсетуімізге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет