Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата26.05.2022
өлшемі0.9 Mb.
#458660
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Картамен жұмыс.
 
Тарихи оқиға қай жерде, қалай болғанын 
анықтауда картаның маңызы зор. Кез келген тарихи оқиға белгілі 
бір кеңістікте жҥзеге асатындықтан тарихи картасыз біз оқиға
кӛтерілістің қай облыстың қай жағында болғанын біле алмаймыз. 
Тарихи карталар гоеграфиялық негізде жасалады және тарихи 
оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі 
шартты кӛрінісін танытады. Ол кӛріністе нысанның кеністікте 
орналасуы белгілі бір масштабқа тҥсіріледі. Қарталарды тарихи 


31 
оқиғалар мен қҧбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы 
шартты 
тҥрде 
беріледі. 
Ең 
ежелгі 
карталар 
б.д.д.
III-I мыңжылдықтарға Вавилон мен Египетте жасалса, арнайы 
оқу карталары Ресейде XVIII ғасырдың соңында дҥниеге келді.
 
Тарихи және гоеграфиялық карталардың бір бірінен 
айырмашылықтары 
бар. 
Гоеграфиялық 
карталардағы 
ҥйреншілікті тҥс тарихи картада басқа мағына береді. Тарихи 
картаның тағы бір ерекшелігі- онда оқиғалар мен процессердің
қозғалысы ашылады. Географиялық картада тҧрақты болып 
кӛрінген нысандар тарихи картадан ӛзгермелі сипат алады, 
мысалы, мемлекеттердің қалыптасуы мен олардың аумағынын 
ӛзгеруі, әскердің, сауда керуендерінің қозғалыстары. Картада 
тарихи қозалыстар мынадай шартты белгілер тілінде сӛйлейді: 
әскери соққы- жебе, шайқас алаңы- айқасқан қылыш, кӛтеріліс 
ошақтары-алау. 
Тарихи карталар аумақтарды қамтуы (әлемнің, қҧрлықтың, 
мемлекеттің картасы); мазмҧны (жинақтаушы және тақырыптық); 
масштабы (ірі, орта, ҧсақ масштабты) бойынша ерекшеленеді. 
Жинақтаушы картада мемлекеттік стандарт пен мемлекеттік оқу 
бағдарламасы бӛлімінда қарастырылған негізгі оқиғалар мен 
қҧбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. 
Жинақтаушы карталар: «б.д.д. III-Iғ. «Рим мемлекетінің ӛсуі»;
IX-XIIғ.ғ «Ежелге Русь». 
Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан әрі 
нақтыландыра тҥседі. Оқу тақырыбының оқиғалары мен 
қҧбылыстарын қамтығандықтан ол карталар тақырыптық деп 
аталады. Ол карталарда тақырыпқа қатысты жоқ белгілер 
бейнеленбейді. Оларда жинақтаушы карталардың маңызды 
оқиғалары мен қҧбылыстарының фрагменттері бойынша егжей 
тегжейліғ айқын және әсерлі етіп беріледі. Тақырыптық карталар: 
«XIIғ. орыс князьдықтары», «1812 жылғы Отан соғысы». Әдетте, 
тақырыптық карталар жинақтаушы карталардың аясында 
қолданылып, бірін бірі толықтырып отырады. Мысалы; 
1812жылы Отан соғысы тақырыбында «XІ ғасырдың басынан 
1861 жылға дейінгі Ресей империясы» және «1700жылдан 1914 
жылға дейінгі Ресей империясының аумағының ӛсуі» атты 
жинақтаушы карталарды қосарлай пайдалануға болады. 
Тарихта кеңістіктік- уақыттық байланыстар белгілі бір 
оқиғаның белгілі бір мемлекеттің белгілі бір жерінде белгілі бір 


32 
уақыт аралығында ӛтуін танытады. Осыған орай оқиғаны нақты 
кеңістікке теліп, оның ӛткен жерінің географиялық бейнелеуін 
оқшаулау деп атаймыз. Мысалы, Ежелгі Ресейде ӛзендердің 
қатынас қҧралы ретіндегі маңызын оқущылар Шығыс Европа 
жазығы ну орман, ми батпақ екендігін тҥсінген соң аңғарады. 
Тарихи оқиғаларды оқшаулап оқып ҥйренуде сҧлбалық 
қҧралдар- жергілікті жердің жоспары, карта сҧлбасы кеңінен 
қолданылады. Олардың бәрі тарихи оқиғалардың байланыстарын, 
мәні мен даму қозғалысын анықтау ҥшін пайдаланылады. 
Сҧлбалық қҧралдар тарихи білім кӛзі және оны жҥйелеу қҧралы 
ретінде қолданылады. 
Оқушылардың кеңістік туралы тҥсінігін қалыптастыру, 
картамен жҧмыс істеудің алғашқы дағдыларын оқушылар 
бастауыш сыныптарда меңгерілді. Олар кӛлбеу жазықтықта 
шартты тҥрде және масштабпен елді мекендер картаға 
тҥсірілгенің біледі. Жер жағдайының рельефі, тау, ӛзен, кӛлдің 
шартты белгілерін және олармен жҧмыс істеудің бастапқы 
дағдыларын игереді. Елді мекендерді кӛрсетіп,мемлекеттердің 
шекарасын ажырата алған оқушылар да тарихи және 
географиялық карталардың айырмашылығы туралы тҥсініктер 
қалыптаса бастайды. Сонымен бірге олар картамен бағдарлау 
(оңтҥстік, солтҥстік, батыс, шығыс) дағдыларын да меңгеріп 
шығады. Негізгі мектепте осы білімдерді одан әрі дамыту және 
тереңдеу талап етіледі. 
Негізгі мектептің алғашқы сабақтарында оқушылардың 
картографиялық ептілігі мен дағдылары, ең алдымен картанын 
шартты белгілерін пайдалана алу, нысандарды бағдарлай білу 
анықталады. 
Мҧғалім картадан шартты белгіні кӛрсетіп, оның мазмҧнын 
анықтауды сҧрайды. Немесе сабақты тҥсіндіру барысында 
картадағы шартты белгілер жиынына оқушылардың назарын 
аударады. Тарихи картаны оқу барысында кабырғалық карта 
және ҥйлестірме материал тҥріндегі оның кішірейтілген
кӛшірмесі бір мезгілде қолданылады. 
Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте 
болады. Сондықтан тарихи картаны пайдалануды меңгеру аясы 
тар мақсат емес, ол тарихи оқиғалар мен қҧбылыстарды барынша 
терен ҧғынудың қҧралы болу керек. Ол ҥшін тарих кабинетінде 
сонымен бірге дәлізде де тарихи картаның ҥнемі болуы шарт. 


33 
Сабақтан тыс уақытта да картаны пайдалана алу мҥмкіндігі 
оқушылардың ондағы белгілерді игеруіне кӛмектеседі. Сабақ 
ҥстіндегі мҧғалімнің әнгімесі немесе тарихи оқиғаны суреттеуі 
әркез картадан кӛрсетуімен бірге жҥруі тиіс. 
Оқушыларға жана тарихи картаны таныстырғанда карта 
қҧрлықтың қай бӛлігін қамтығандығын, онда тарихтың қандай 
хронологиялық кезеңі кӛрініс тапқандығын, ауа райының 
географиялық ендікке тәуелділігін тҥсіндіру керек. Сонымен 
бірге мҧғалім картадан географиялық бағдарларды, маңызды 
нысандарды кӛрсетіп, сол кезеңдегі шекаранын ерекшеліктерін 
айқындап, тарихи география бойынша нысандардың сол кездегі 
және қазіргі атауларымен таныстырады, картаның шартты 
белгілерін тҥсіндіреді. 
Бір картадан екінші картаға ауысқанда сабақтастық сақталуы 
тиіс. Егер картада тҥрлі аймақтар белгіленсе олардың кеңістіктегі 
ӛзара байланысы анықталуы тиіс. Сонан сон барып карталардағы 
тарихи оқиғалардың синхрондығы немесе әртҥрлі уақытта 
болғандығы айқындалады. Курс аралық байланыс міндетін шешу 
ҥшін мынадай синхронды карталарды пайдалануға болады: 
«1939-1945 жылдардағы екінші дҥниежҥзілік соғыс» және « 1942-
1945 жылдардағы Ҧлы Отан соғысы». Бір мезгілде бірнеше 
картамен жҧмыс істеу оқушыны тарихи географиялық нысанды 
картаның кӛлемі, масштабы және қамтыған аумағына қарамастан 
жаңылыспай табуға ҥйретеді. 
Сабақ тақырыбындағы мемлекеттің Жер шары картасында 
орналасқан орны мен кеңістігі туралы барынша кең тҥсінік 
қалыптастыру ҥшін бір мезгілде тарихи және географиялық, 
тақырыптық және жалпы карталарды қолдануға болады. Бір 
нысан олардың әрқайсысында әр тҥрлі масштабта бейнеленеді. 
Осындай проблемалық ахуал оқушы терең танымдық ізденістерге 
жетелейді. 
Оқушылардың кеңістік туралы ҧғымдарын дамытуда оқу 
карталары мен картиналары бір мезгілде қолданылады. 
Картиналар картадағы шартты белгілердің мәнің ашып, белгілі 
бір жер мен кеңістік туралы нақты ҧғым қалыптастыруға 
кӛмектеседі. Маңызды деректердің географиялық бағдарын есте 
сақтауға ҥйрету ҥшін негізгі мектеп оқушыларына физикалық 
карта бойынша баст ытарихи оқиғаларды кӛрсетуге тапсырма 
беруге болады. Бҧл тәсіл оқушылардың тҥрлі картадан бір 


34 
нысанды жанамалай табу дағдысын қалыптастырады. Осы жерде 
әскери мамандардың картаны есте сақтау әдісімен таныстыру 
орынды. 
Жоғарғы кластарда ӛзгермелі және тҧрақты ҧғымдардың
арақатынасын ажырата біу ҥшін оқушыларға бір масштаб, бір 
аумақта, бірақ әр тҥрлі тарихи жағдайда берілген бірнеше 
картаны салыстыруына мҥмкіндік береді. Оқушылардың тарихи 
оқиғаларды 
бейнелейтін 
картографиялық 
әдіс- 
тәсілдің 
болатындығына кӛзі жетуі керек. Карталар белгілі бір адамдар 
тобының немесе тҧтас халықтардың, мемлекеттердің тарихқа 
деген кӛзқарасын білдіреді. 
Оқу нысанын жақсы есте сақтап, тез тауып алу ҥшін ірі жер 
массивтерінің географиялық кескінін ҧқсас бейнелермен 
салыстыру 
тиімді. 
Шындығында, 
Апенин 
тҥбегі-етікті, 
Скандинавия- созылып жатқан арыстанды, Пириней-кҥлпәрә 
киген бастың кескіні, сицилия- ҥш бҧрыш, Қара теңіз-бҧршақты, 
ал Қазақстан шекарасының кескіні- алтын балықты еске тҥсіреді. 
Карталармен жҧмыс жасау барысында тарихи географиялық 
білім қалыптасады. Тарих сабағында картадан Ежелгі Шығыс 
елдерін кӛрсету барысында ол елдердің батыс еуропаға қарағанда 
Шығыста 
орналасқандықтан 
Шығыс 
деп 
аталғандығы 
тҥсіндіріледі. Сол сияқты Азияның басқа елдеріне қарағанда 
Еуропаға жақын орналасқандықтан Қос ӛзеннің оңтҥстігі 
алдынғы Азия деп аталғанын біледі. Осындай тәсілмен Еуропа 
мен Азияның шекарасын кӛрсетуге болады. Ол шартты тҥрде 
Орал тауынан Жем ӛзені арқылы Каспий теңізіне, одан Кума, 
Маныч ӛзендерінен Донға дейін, одан Азов, Қара, Мрамор, Эгей 
теңіздері арқылы ӛтеді. Осы маршрут арқылы «Картаны тірілту» 
оқушылардың қызығушылығын оятады. 
Географиялық атауларды тҥсіндіру ҥшін сабақ барысында 
олардың мәні аталуы керек. Мысалы, Лена ӛзенінің атауы эвен 
тілінде Енэ-Элюенэ- «Ҥлкен ӛзен» дегенді білдіреді. Байкал-Бай 
кӛл, Ангара-Аңғар, Саратов-Сарытау деген тҥпкілік мазмҧнын 
ашу арқылы тҥсіндіріледі. 
Негізгі мектепте мҧғалім оқушылардың масштаб туралы 
білімін кеңейтеді. Масштаб туралы оқушылардың білімін 
терендету ҥшін мынадай арнайы тапсырма беруге болады. 
Мысалы, бірнеше қабырғалық картаны пайдаланып, Алматы-


35 
Астананың ара қашықтығын айқындау; Қытай мен Ҥндістанның
қайсысы ҥлкен? 
Тақырыпқа сәйкес карта болмаса, оның орнына басқа 
картаны қолдануға болмайды. Ондай жағдайда оқушыларды 
тарихи қҧбылыстар туралы қате тҥсініктер қалыптасады. Аса 
қажет болған жағдайда мемлекеттердің шекарасы белгіленбейтін 
физикалық картаны, атласты, оқулықта берілген картаны 
пайдаланған орынды. Картамен жҧмыс жасаудың негізгі 
ережелері сақтаулы тиіс. Мҧғалім тарихи оқиғаны картадан 
кӛрсетудің алдында оқиға ӛткен жердің географиялық 
сипаттамасын баяндайды. Бҧл тәсіл де оқушының тарихи нысан 
бағдарын тез табу дағдысын игеруіне кӛмектеседі. 
Мҧғалім оқушылардың назарын аударып, «Картаға қарандар» 
дейді де нысанның орналасқан бағдарын ауызша баяндап, 
картадан кӛрсетеді, сонынан оның атын тақтаға жазады. 
Оқушылар ол нысанды оқулықтағы картадан іздеп табу керек. 
Жалпы қабырғаға ілінген картамен жҧмыс жасағанда кӛрсетілетін 
нысанға кӛленке тҥспейтіндей болу тиіс. Сыныпқа қарап тҧрып 
нысанды кӛсеркіш таяқша немесе автоқаламмен кӛрсету керек. 
Таяқша картаға жақын тҧрған қолға ҧсталады. 
Оқыту әдістемесі бір мезгілде қабырғадағы және шағын 
карталармен бірдей жҧмыс жасауды қажет етеді. Бастапқы 
кезенде оқушы шағын карталармен жҧмыс жасап, мҧғалінің 
әрекетін қайталайды. Одан әрі жҧмыс кҥрделене береді: 
мҧғалімнің ауызша баяндауымен нысанды шағын картадан, 
сосын қабырғалық картадан табады; тапсырманы шағын картада 
орындап, нәтижесін қабырғалық картадан кӛрсетеді; мҧғалм 
нысанды қабырғалық картадан кӛрсетеді, ал оқушылар оның 
атын шағын карта арқылы анықтайды. 
Жоғаарғы сыныптарда картаның білім кӛзі реіндегі рӛлі арта 
тҥседі. 
Кӛтерілістердің 
ауақтарын 
білген 
оқушы оған 
қатысушылардың қҧрамын анықтайды; әртҥрлі кезеңдегі 
карталарды салыстыра отырып, аумақтық ӛзгерістерді белгілейді. 
АҚШтағы азамат соғысы қарсанындағы солтҥстікпен оңтҥстіктің 
эканомикалық жағдайына сипаттама береді. 
Тарихи картамен жҧмыс істеген оқушы мынадай білімдер 
мен дағдыларды игеруі тиіс: а) білуі керек-картаның аты, оның 
тақырыбын және негізгі мазмҧның білдіретіндігін; онда әр тҥрлі 
кезеңдердегі оқиғалар бейнеленуі мҥмкіндігін; ӛзара ауысып 


36 
тҧратын оқиғалар уақыт бойынша бірізідлікпен кеңістік бойынша 
кӛршілестікпен бір картада берілуі мҥмкін екендігін; картаның 
масштабы болатындығын; шартты белгілердің сыры картаның 
ауызы бойынша шешілетіндігін ә) жасай алуы тиіс- картада 
бейнеленген географиялық кеңістікті танып және атай алуы; 
картада бейнеленген оқиғаның уақытын және бірізділігін 
анықтай алуы; картада бейнеленген ақиқатты дҧрыс оқып, сӛзбен 
айтып бере алуы; сӛзбен айтып бере алуы; карта мазмҧнын 
кескіндемелік қҧралдармен бере білуі; картадағы қҧбылыстарды, 
аумақтардың кӛлемін салыстыра алуы; шағын картада 
бейнеленген аумақты ҥлкен кеністікті қамтыған картадан таба 
білуі: бірнеше картаның мәліметтерін салыстырып, жҥйелей алу; 
әртҥрлі масштабтағы бірнеше карталар мен жоспарларды 
салыстыра алу. 
Картосҧлбалар оқытылатын оқиғалар мен қҧбылыстардың 
ішкі байланыстарын ашуға кӛмектеседі. Ол әлдебір оқиға немесе 
қҧбылыстың оңайлатылған, жинақталған тҥрде физикалық 
кескіндемелік негізде сҧлбамен берілген картасы. Мысалы, 
мектеп оқулықтарындағы «1812ж Бородино шайқасы», «1853ж 
Синоп шайқасы» деген картасҧлбаларды қолдануға болады. 
Жергілікті жердің жоспары (немесе оқшаулау жоспары) мазмҧны 
жағынан картосхемаға жақын. Жоспардың негізіне нақты елді 
мекеннің картографиялық бейнесі алынады. Жоспарды пленкаға 
кӛшіріп, кодоскоп кӛмегімен кӛрсету тиімді. 
Кескін карталар- білімді игеріп және бекітуге, тарихи 
картамен жҧмыс істеудің жаңа дағдыларын қалыптастыруға 
мҥмкіндік береді. Бҧл тарихты оқытудың, оқушыларыдың 
танымдық әрекетін дамытудың маңызды практикалық қҧралы. 
Кескін картамен жҧмыс мақсатты және жҥйелі тҥрде 
жҥргізілгенде ғана нәтижелі болады. 
Мҧғалім кескін картаны таныстырғанда тарихи картаны 
тҥсіндіргендегі сияқты онда бейнеленген хронологиялық кезенге 
мән береді. Оқыту бірнеше тәсілден қҧралады. Оқушылар 
алдымен шағын карта кӛмегімен кескін картаны толтырады, 
кейін қабырға картасын қолданады, сонымен есте сақталғаны 
бойынша толтырады. Мҧғалімнің материалды баяндауы бойынша 
шарты белгілерді тҥсіру ҥлкен дайындыҧты талап етеді. 
Оқыту 
ең 
қарапайым 
тапсырмалардан 
басталады; 
мемлекеттін шекарасын белгілеу, атын жазу,қалаларды белгілеу, 


37 
негізгі деректердің мерзімін кӛрсету. Одан соңғы кезекте 
оқушылар шағын кескін карталарды салыстырады., картанын 
масштабына қарамастан қҧрлық пен теңіздердің кескіндерін 
ажыратып ҥйренеді. Біртіндеп тапсырма кҥрделене береді. 
Картографиялық бағдар туралы білідер негізінде кескін картаға 
бағдарлар мен шекаралар белгіленеді. 
Кескін картаны тапсыруда оқуға қажетті талаптар сақталуы 
керек. Бірінші кезекте кескін картада жыртылған, бҥктелген, 
кірлеген парақ сияқты ҧқыпсыздық болмауы тиіс. Жазулар аңық, 
қатесіз ӛзге ақпартты оқуға кедергі жасамайтын бос жерге 
жазылғаны жӛн. Аумақ, шекаралық айнық, ҧқыпты боялуы керек. 
Кскін картаны линолиум сияқты материалдан қолдан жасап алуға 
болады. Оған майлы бояумен физикалық географиялық негіз 
жасалып, кескін сызықтар бормен немесе фломастермен 
тҥсіндіріледі. Ескі карталардың негізінде дайындалған шаблондар 
картографиялық кӛмекші қҧралдардың орнын толтыра алады. 
Ҥлгілер арқылы оқушылардың картографиялық білімдері мен 
дағдыларын да тексеруге болады. 
Тарихи картамен жҧмыс жасағанда ойынды қолдануға 
болады. «Ҥндемес» ойыны кезінде оқушы картадағы нысанды 
ҥнсіз кӛрсетеді, екінші оқушы қолын кӛтеріп, тақтаға шығып, 
нысанның атын жазады. Байқамай сӛйлеп қалған оқушы ойыннан 
шығады. 
Оқушылардың кеністіктегі бағдарын қалыптастыру ҥшін 
«Батыстан шығысқа, солтҥстіктен оңтҥстікке қарай орналастыр» 
типіндегі тапсырмалар беруге болады. Оқушылар нысанның 
аттарын қағазға тҥсіріп алады да тапсырма бойынша
бірізділікпен 
орналастыра 
бастайды. 
Соңынан 
картадан 
қалаларды кӛрсетіп, оларға байланысты оқиғаларды еске тҥсіреді. 
Картографиялық білімдерді нығайтуда тарихи тақырыптағы 
чайнворд, 
сӛзжҧмбақ, 
анограмма 
сияқты 
ойындар 
да 
оқушылардың танымдылық белсенділігін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет