Журналының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата22.09.2023
өлшемі473.02 Kb.
#478328
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
--------

Key words: education system, values, skills, Kazakh literature, axiology, axiological analysis, universal 
and national values.
The article was written as part of the dissertation «Modern education system: new methodological models 
of teaching the Kazakh language and literature».
Кіріспе. Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың бойындағы құндылықтар мен дағдылар-
дың қалыптасуына ерекше мән беріледі. Олай болатын себебі: құндылықтар адам мен адамның, адам 


181
ISSN 1991-3494
1. 2022
мен қоғамның, қоғам мен қоғамның үйлесімі пен интеграциялануына тікелей әсер етеді, ал, дағдылар 
әрбір адамның өмірден өз жолын табуына, кәсіби дамуына негіз болады. Әрбір адам, әрбір ұлт, әрбір 
мемлекет үшін мәдени әлемінің мазмұнын құраушы құндылықтар болмаса, біз хаоста тіршілік етер 
едік. Ал, дағдылар бізді өз ісіміздің майталман маманы болуға жетелейді. Шәкәрім Құдайбердіұлы: 
«Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың» - деп 
жазады. Терең ой, тағылымды пікір! Бұл мысалды неге келтіріп отырмыз? Біріншіден, ойшыл айтып 
отырған «әдет» ұғымы өзінің мазмұндық, мағыналық ауқымы жағынан белгілі бір деңгейде «дағды» 
ұғымымен байланысады. Себебі, дағды да, әдет те үнемі қайталанып отыру сипатына ие. Екіншіден, 
өмірлік және кәсіби дағдылар адам туралы түсінік, пайым қалыптастырады. Соған қарап, сіздің кім 
екеніңізді байыптайды. Яғни, біздің құндылықтарымыз бен дағдыларымыз – қоғамдағы орнымыз бен 
мән-маңызымызды айқындайтын негізгі мәдени өлшемдер.
Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу материалы – қазақ әдебиетіндегі құндылықтар. Жалпы 
білім беретін мектептер жаңартылған білім беру мазмұнына көшкелі бері оқытудың мақсаты мен жүйесі 
де өзгерді. Бұл үдеріс қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының да өзгеруіне негіз болды. Нәтижесінде 
қазақ әдебиеті пәні бойынша оқыту мақсаттарының жүйесі білім алушы бойында құндылықтарды 
қалыптастырып, дамытуға бағытталып отыр. Сондықтан қазақ әдебиеті пәнін оқыту мәселесін біз 
аксиологиялық ұстаныммен өзара тығыз байланыста қарастырамыз.
Зерттеу жұмысында когнитивті-репрезентативті әдіс, салыстыру, талдау, саралау және жалпылау 
әдістері, коммуникативті әдіс, когнитивті талдау, сипаттама, құрылымдық-семантикалық талдаумен 
қатар когнитивті-прагматикалық интерпретация, эксперимент, жүйелеу әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет