Журналының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата22.09.2023
өлшемі473.02 Kb.
#478328
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
--------

Талқылау. Қазақ тілінің сөздігінде «құндылық» ұғымына мынадай түсініктеме берілген: 1. 
қымбаттылық, бағалылық; 2. маңыздылық, мәнділік [1,423]. Демек, біз объективті шындықтағы ең 
мәнді игіліктерді құндылық деп танимыз. Ал, олар, сөзсіз, біздің өмірлік мақсат-міндеттеріміз бен 
мұраттарымыздан, этникалық ерекшеліктерімізден және өзге де факторлардан келіп туындайды. 
Аталған пікірімізді профессор К.А. Абишевтің құндылықтар туралы ойы нақтылай түседі. Ғалым: 
«Құндылықтар дегеніміз адам немесе адами қауымдастық не үшін жер бетінде жүр, не үшін тіршілік 
етеді, өзінің өмірін неге арнайды, не арқылы өзін адам деп сезінеді, не оның өміріне мағына береді» 
- деп жазады [2, 11-12].
Ғылымда құндылықтар әлемін зерттеп, зерделейтін аксиология деген сала бар. Аксиология (гр.
axios – құнды, logos – ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны 
және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Бүгінде аксиологиялық ізденістер 
мен зерттеулер саны көбеюде. Оның себебін профессор З.Н. Сарсенбаева былайша анықтап көрсетеді: 
«Аксиологиялық білім – субъект-объектілік және субъект-субъектілік қатынастардың өнімі: субъект 
объектіге және басқа субъектілерге құндылық ретінде қарайды» [3, 14].
Философия ғылымында «құндылық» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар бар. Солардың 
бірқатарына тоқталсақ:
А. Капышев: «Құндылықтар адамның әлемге деген қатынасын айқындайды» [4, 79].
Г. Риккерт: «Құндылық – нақты дүние емес, ол «жалпыланған сана», яғни трансценденталды 
субъект тасымалдаушысы болатын идеал» [5, 23].
М. Шелер: «Құндылықтар өзінің негізі етіп қасиетті тұлғаның құндылығын, яғни махаббат деп 
аталатын шексіз рухты алады» [6, 341].
Ғалым Ю.Г. Вешнинский құндылықтарды бір жүйеге келтіре отырып, 13 типке бөледі: 
Мемлекеттік-саяси, әскери, азаматтық, құқықтық құндылықтар (күш, қауіпсіздік, заңдылық, 
әділеттілік, т.б.);
Тарихи-мәдени құндылықтар (уақыт байланысын беретін барлық құндылықтар, мәденитарихи 
естеліктер, салт-дәстүрлер, т.б.);
Қарым-қатынас құндылықтары (қоғам мен ұжымда құндылықтардың таралуы);
Экологиямен байланыстырылатын табиғи құндылықтар (таза ау, таза су, денсаулық, халықтың өмір 
сүру ұзақтығы, т.б.);
Ғылыми-танымдық құндылықтар ( білім, ғылым, біліктілік, білім беру жүйесі, т.б.);
Жеке адам құндылықтары (адамның өзін қалыптастырудағы жеке құндылықтары);
Діни құндылықтар (Құран, мешіт, иман, шіркеу, символ, т.б.);
Әлеуметтік құндылықтар (халықтық, буржуаздық, интеллигенттік, париялық, т.б.);
Эстетикалық-көркем құндылықтар;
Аумақтық, жергілікті құндылықтар;


182
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
Экономикалық құндылықтар (шаруашылық білімдер, заттық орта, байлық т.б.);
Этикалық құндылықтар;
Ұлттық құндылықтар (тіл, фольклор, салт-дәстүр, т.б.) [7, 26].
Біз негізгі зерттеу нысанымызға сәйкес, осы аталған құндылықтардың қазақ әдебиетіндегі берілу 
сипатын, көріністерін талдаймыз. Бұл білім алушылардың қоғамның әлеуметтік-мәдени жүйесінде, 
кәсіби қауымдастықта өзіндік ұстанымдары мен қағидалары айқын, жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. 
Қазақ әдебиетін құндылықтарға негіздеп оқыту – білім алушыларды тек фактологиялық ақпараттар 
негізінде емес, шын мәнінде, аксиологиялық, эстетикалық, гуманистік қағидаларды басшылыққа 
ала отырып оқыту. Осы тұста айта кететін бір жайт: пәннің атауының өзі «қазақ әдебиеті» деп 
аталып тұрғандықтан, сөзсіз, пәндік білім мазмұнын құраушы материалдарда халқымыздың ұлттық 
құндылықтары ерекше мол көрініс тапқан. Олай болуы заңды да. Себебі, ұлттық құндылықтар – 
біздің елдігімізді айқындап, әлемдік өркениеттегі орнымызды анықтайтын негізгі ерекшеліктер. Бұл 
ойымызды тарихшы маман Қ. Әдиеттің мына сөзі дәлелдей түседі: «Әрбір халықтың тарихи өмірінде 
қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық 
құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи 
көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы» [8]. 
Қазақ әдебиеті пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында [9], [10], [11] құндылықтарға қатысты көптеген 
оқыту мақсаттары берілген. Бұл оқыту мақсаттары аксиологиялық білім беруге және сол арқылы білім 
алушы бойында өзіндік ұстанымдар мен қағидаларды қалыптастыруға бағытталады. Сөзіміз дәйекті 
болуы үшін төмендегі кестені ұсынамыз:
5-сынып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет