6-мысал: – Ей, сол антұрғанның баласының сәлемін алушы ма ем?.. – деп Байсал Абайға қабағын
түйе қарады. Абайдың екі беті ду етті. Оқыс жалын беті емес, ішін де шарпып өткендей. Кінәлап,
ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, Байсалға қадала қарады. Бөжей Абай күйін жақсы
таныған сияқты еді. Байыптап қарап алып:
- Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе?
– деді.
- Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!.. Абай жауабын естіген соң, Бөжей ықыласпен
қарай түсіп, жақындады да:
- Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым!..
– деді (М.О. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Жолда» тарауы).
7-мысал: Әбіштің өзі де Мағрипаға қарай түскен шақтарында бір қызарып, бір ағарады.
Мағрипаның қасында отырған Дәрмен бір ауық:
- Күй жақсы ма? – деп сұраған еді. Мағрипа сыпайы бұрылып, қызара күлді де, нұрлы сұрғылт
көздерін Дәрменге аударды. Жігіт ішінен: «Не деген ғажайып, сәулелі көздер!», - деп қалды. Тағы
бір күйдің тұсында Әбіштен көзін алмай, ұзақ қарап қалған Мағрипаға Дәрмен дәл соның ойының
үстінен түскендей болып: - Жігіт жақсы емес пе? – деп еді. Мағрипа үлкен ақ жүзін Дәрменге шұғыл
бұрғанда, екі беті қатты ду етті. Қастары да сәл-сәл шығынып қалды. Ұялатын сөз тастағанын және
бұл сөзіне ешуақытта жауап ала алмайтынын енді аңғарған Дәрмен кеудесіне қолын қойып, басын
қайта-қайта иіп, кешірім сұрағандай белгі жасады (М.О. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы,
«Өкініште» тарауы).
Аксиологиялық талдау: Ұлттық ұғымдағы сыпайылық, ең алдымен, ұяңдықтан көрінеді. Бірақ,
ескере кететін бір жайт: қазақ тәрбиесіндегі ұяңдықтың түпнегізінде тұйықталу немесе ынжықтық
емес, керісінше, ұят деген ұғымды сезіну мен ұғыну жатыр. Егер тәрбиені алдыңғы буынның кейінгі
буынға табыстайтын тәжірибесі деп қарасақ, олай болуының белгілі бір заңдылықтары бар.
Құндылықтар туралы ғылымда (аксиологияда) «бағалау» деген категория бар. Бағалау – адамның,
ұлттың, халықтың материалдық және рухани дүние болмысын танып, қабылдауы мен қорытуын
білдіретін философиялық категория. Бір жағынан, өмір құбылыстарына баға беру әдебиеттің де
негізгі мақсаттарының құрамына кіреді (қараңыз: Рымғали Нұрғалидің «Сөз өнерінің эстетикасы»
монографиясы, 2003 ж. [13]). Дәл осы бағалау барысында қазақ халқы сыпайылықты құндылық
ретінде қабылдап, оны адам тәрбиесінде пайдаланған.
Адам баласының қадірін арттыратын – қасиеттері. Ал, сыпайылық адам баласының қадірін
арттырар қасиеттердің санатында. Қазақ тәрбие жүйесіндегі сыпайылық, біріншіден, көргенділік
белгісі; екіншіден, адамның өзін және өзгені сыйлауының көрінісі. Кеңінен талдағанда, сыпайылық
– адам баласының мінез сүйкімі ғана емес, ол – интеллект пен мәдениет деңгейін танытатын рухани
өлшем. Сондықтан, қазақ арасында «сүйкімсіз», «қасиетсіз», «қадірсіз», «көргенсіз», «тексіз» атану
адам болмысының құнсыздануын білдіреді. Аталған сөздер ұлттық тәрбие жүйесінде сыпайылыққа
қарама-қарсы түрде қарастырылатын антипод ұғымдар. «Жаным – арымның садағасы» дейтін қазақ
үшін бұдан артық ауыр сөздер жоқ.
Жаһандану дәуірінде субмәдениеттер көбейді. Әуелде игілікті мақсат көздеген «адамның тұлғалық
185
ISSN 1991-3494
1. 2022
дамуын шектемеу керек» деген педагогикалық позицияның өңі теріс айналып, мінез этикасы екінші
орынға түсіп қалды. Популистік көзқарастар дарақылық пен көргенсіздіктің көбеюіне алып келді.
Адами қарым-қатынастарда сыпайылық пен сыйластық сынды құндылықтар болмай, қоғамда
қандай даму болуы мүмкін?! Міне, осындай күрделі кезеңде пән бойынша берілетін білімді ұлттық
құндылықтарға негіздеу, білім алушыларды жоғарыда біз айтып өткен құндылықтармен тәрбиелеу —
өте өзекті мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |