«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет15/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

Бақылау сұрақтары:
1. Деректерді жинаудың қандай түрлері бар?
2. Шығу мерзіміне қарай ақпарат түрлері нешеге бөлінеді?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы.,1990.
2. Буданцев Ю.Г. Социология массовой коммунации. М.,1995.
3. Габдуллина К.Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.
4. Баркер А. Как еще лучше... управлять людми. М.,2002
6-дәріс

Журналист психологиясы: заман талабы


1 Л.Кингтің көзқарасы
2 Қазақ журналистикасының психологиясы.
3 БАҚ психологиялық айла-шарғысының он стратегиясы

Журналистика заңдылықтарын, сұхбат берушімен журналист әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктерін білу және де кәсіби құдіреттілік, ақпарат жасау, ұйымдастыру, басқару заңдылықтарынан хабардар болу – нәтижесінде мұның барлығы журналист қызметтің тиімділігін, өміршеңдігі анықтайды.


Журналистика психологиясы – бұл журналистика және психология атты екі ғылыми пәннің түйіскен жерінде қалыптасып, дамып отырған ғылым. Бұл ғылым бір мезетте аталған ғылым түрлерінің мәліметтеріне негізделіп отырғандықтан, журналистика психологиясы пәнінің мән-мағынасы да,кешенді құрылымыда ауқымды болып табылады.
Олардың арасында оптимальды пропорцияларды тауып, маңызды деген психологиялық проблемаларды анықтай отыра бір жүйеге келтіру- журналистика ұғымын негізге алған жағдайда ғана мүмкін. Бірінші кезекте журналистің жеке тұлғалық қызметі ғана маңызды да анықтаушы буын қызметін атқарды. Алайда, бұл қызмет бір уақытта – негізгі психологиялық категория болып заңдылықтар да жеке барысында толыққанды, кешенді көрінетіндігін атаған жөн. Қызмет категориясының барысында журналистик мен психология теорияларының арасынд байланыс пайда болып, журналистика психологиясы жеке ғылыми сала ретінде қалыптасады.
Л.Кинг өзінің «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно» атты кітабының кіріспесінде: «Міне, отыз сегіз жыл бойы менің әңгімелесуім, адамдармен сұхбаттасуым – жеп отырған наныма айналды»,- дейді.
Әрбір журналистің ең алғашқы сұхбаты, бойындағы қорқынышы оның есінде мәңгі сақталады. Л.Кингтен қарапайым ғана екі нәрсені үйренуге болады, және кез-келген уақытта ол ұғымды ұтымды пайдалана аламыз. Оның біріншісі: Л.Кингтің ең алғаш рет 1957 жылы 1- мамырда Майами-Бичтегі WAHR шағын радиостанциясындағы мүлдем сөйлей алмай кідіріп қалғандағы жасаған әрекеті. Радиостанцияның бас директоры Маршалл Симмонс, Л.Кингке оның даусы ұнайтындығын айтып, оны жұмысқа шақырады. Бірақ, әзірше бос орын жоқтығын айтады. Ларри өз қалтасында бір де бір цент болмаса да күнделікті радиоға келіп, жаңа түскен ақпараттарға, эфирдегі диск-жокеилер мен диктордың жұмысын бақылап, біреуіне қажет болып қалар деген ниетпен заметкалар жазып жүреді. Кенет, күндердің бір күнінде М.Симмондс әлі тәжірибесіз Ларриді ауырып қалған таңғы бағдарлама жүргізушісінің орнына шығуды тапсырады. Арман орындалды! Енді Ларри таңертеңгілік үш сағаттық бағдарлама жүргізу бақытына ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған ол демалыс күндерінің барлығын мәтін жаттаумен өткізеді. Дүйсенбіде эфир уақыты келіп жеткенде, ол біресе су, біресе кофе ішіп әуре болады. Осы кезде директор оны кабинетіне шақыртып, сәттілік тілеп, эфирге Ларри Зайгес деген есімнің орнына алдында жатқан газеттен спирттік тауар сататын жарнамадан «Кинг» атауын оқып, енді сені Ларри Кинг деп атайтын боламыз дейді. Сонымен, Ларри өз орнына келіп, дайындаған әуенін жіберіп, сілейіп тұрып қалады, сөйлеуге бата алмай, біраз уақыт кетіп қалған соң: – Бұл жерде сөйлеу керек! деген айғайдан тез арада ес жиып Ларри өз сөзін былай бастаған екен: Қайырлы таң! Мен бүгін эфирге алғаш рет шықтым және демалыс күндерімнің барлығында осыған дайындалдым. Он бес минут бұрын маған жаңа ат берді, өзім әуен де дайындағанмын. Бірақ, менің тамағым кеуіп кетті және абыржып тұрмын. Ал директор болса, есікті теуіп: «Бұл жерде сөйлеу керек!» деді. Аузынан күштеп болсын сөз шығара алған журналист ендігі уақытта еркін сөйлеп, болашақта ешқашан мұндай күйге түспеген. Бұдан байқайтынымыз, журналист өзі ашылып сөйлесе, басқа адамдар да оған сенім білдіріп, сырын ақтарады. Бұл қағиданы есте ұстаған абзал.
Екіншісі, сіз сөйлескелі тұрған жанның да екі көзі, екі құлағы бар, яғни ол да сіз сияқты адам. Ендеше қымсынуға орын жоқ.
Кейде сұхбаттасқалы отырған адамыңыз сөзге сараң болуы мүмкін. Алайда бізге өз керегімізді алып қалу керек. Мұндайда журналистер әр түрлі айла шарғылар жасау арқылы мақсатына жетеді. Осы орайда, нағыз журналист психологиясы бойынан табылған, Әзілхан Нұршайықовтың – мінезі алмастың жүзіндей Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасқандағы тапқырлығын айта кетуге болады. Ол шеберлік Әзілхан ағаның өзіне ғана тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет