«Журналистика» мамандығына арналған



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі491.51 Kb.
#175000
1   2   3

Бақылау сұрақтары:

  1. Сенсация. Шетел баспасөздеріндегі сенсацияның өсіп-өркендеуі

  2. Қазақстандағы сары басылымдар. Олардың типтері

  3. Көпшілік қолды сары басылымдардың пайдаланатын әдіс-тәсілдері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
9-Дәріс. Ресей БАҚ жүйесі.

Ресей ақпараттық қоғамы және теледидары, Ресей апталықтарының ақпарат рыногындағы орны

Ресейдің БАҚ-ның жүйесі жоғары дамыған ел болып табылады. Француз журналистикасы әлемдегі ең ежелгі мерзімді баспасөздің бай тәжірибесі қалыптасқан сала. Бұл елде апталық басылымдар 177-ден басталса, қазіргі кезде журн-ң саны 1000-ға жетеді. Қазір орыс телевизиясы, радиосы және мерзімді баспасөзі елде қоғамдық пікірді қалыптастыруға елеулі ықпал ететін түрлі әдіс-тәсілмен аудиторияны өзіне тарта алатын үлкен насихаттық комплекс. Қазіргі заманғы технология, қымбат жабдықтарды іске қосу, каналиесіне бәсекелестік жасауға итермелейді. Сондықтан олар неғұрлым шағын саланы жетілдіріп, жоғары сапалы өнім алуға ұмтылады.

Теледидар мен радио саласы бұл процеске тез үйренсе, баспасөзге бұл ауырлау соғады. Қазіргі кезде Ресейдің мерземді басылымдарының жағдайы қиын, жоғары деңгейге радио, ТВ келе жатыр.

Алайда апталық басылымдар баспа журналистиканың ішінде элек-қ аудиовизуальды жолдарына тез бейімделіп отыр. Өйткені ТВ мен РВ ақпар-ты шұғыл беретін құралға айналған ақпаратқа сипат беретін осы басылымдардың үлесіне тиіп отыр.

Ресейліктер суретті журналдарды көп оқиды, олардың 13% саяси және әлеуметтік жағдайды жазатын журналдарды оқыса, ал 30% әйелдерге немесе отбасына арналған журналдар оқиды екен. Оларда қалыптасқан әдет жур-ға көп көңіл бөледі екен. Француз социологының пікірі б/ша ең көп оқитын «Лиза» д. а. екен, 27% жоғары білімді адамдар оқиды. «Эспансион», «Космополитен» т.б. Дегенменде, саяси және бұқаралық суретті басылымдардан гөрі телебасылым-ң таралымы жоғары деңгейге жеткен екен. Тиражы жағынан «Теле 7 жур» 1-ші орын алып тұр. Таралымы 3 млн. данадан асады. Келесі «Теле пош» 2 млн. данаға жеткен. 1986 ж. бері шығып келе жатқан «Теле уазер» 1 млн. жетті. Бұл ақпаратты шығ. «Призма пресс» фирмасы орыс. баспасөзінде жаңа үрдіс қалыптастырды. Бұл журнал жас ерек-не негізделген екен. Жалпы теле басылым-ң тиражы 34,6%-ке өскен. «TV – курьер» 500 мың «Теле –рама» 491 мың дана жалпы 10 мыңнан астам телебасылымдар шығады екен. Осы айтылған теле апталықтар мазмұны жағынан бір-бірін қайталамайды.

Орыс баспасөзінің тарихы:

Ресейдегі алғашқы баспаханалар Парижде 1470 ж. дүниеге келеді. Осы жылдан бастап өзінің бастапқы өнімдерін бере б/ды. Газет шығару ісі Ресейде 18ғ. пайда болып, «Газет француаз» 1604ж. жарық көрді. Бұдан кейін «Француз меркурий» шығып тұрды. Бұдан соң Ресейде жан-жақты ақпарат берумен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленеді. Ал, Францияда тұңғыш журнал «Журнал де саван» д.а. (1665ж) Осының ізінше «Меркюр галан» журналы жарық көріп тұрды. Ол ақпарат, материалдарды әртүрлі формада құбылтып берді. Қазіргі кездегі баспасөздерде көрініп жүрген баспасөздерде қолданылып жүрген жанрлардың кейбірі осы журналдан бастау алады. Біртіндеп Франция баспасөзі тарихында жекеменшік газеттер п.б. «Спектатор франсэ» Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде болды. Сондай-ақ алғ. күнделікті газеттерде біртіндеп бой көрсете бастады. Осы кезде Парижде жалпы 27 басылым жарық көріп тұр.

Осыдан кейін Франция корольдігінде Людовик 13 цензура туралы заң шығарды. Яғни баспасөз ісі қатаң бақылауға алынып отырды. Жарияланатын материалдары тек заң шығарушылардың рұқсатымен басылатын болды. Осы кезде Франция баспасөзі өз еркіндігінен айрылып, сөз бостандығын еркін түрде пайдалана алмады, тек корольдіктің нұсқауы б/ша хабарларберіп отырды. Яғни, дінге, корольге қарсы, олардың кемшіліктері жайлы материалдар басылмады. Тіпті бұндай материалдар жарияланған жағдайда, баспасөз қызметкерлері қатаң жазаланып отырған. Әрине, үкімет билеушілерінің бұл үстемдіктері ұзаққа жалғаспады. Себебі, қарапайым халықтың ашу-ызасын тудырған көптеген бұрмалаушылықтары ұлттық көтеріліске алып келді, соның нәтижесінде француз революциясы бой көтеріп, дәл осы тұста БАҚ-ң да өз иелігі өзіне келді. Революцияның тікелей трибуналына айналған Франция баспасөзі сөз бостандығына қол жеткізеді. Арнайы конституция қабылданып, сол негізде баспасөз өз ойын ашық айта алды. Бұл Франция баспасөзінің санын арттырды. 1789-1790ж. олардың саны 2-3 есе артты. Негізінен баспасөздің басында француз көсемдері тұрды. Олар: Жак Пьер Бриссо «Патриот франсе», Камиль Демулен «Револьюсон де Франц», «Вье Корделе» газеттердің басшысы болды. Бірақ бұл еркіндік ұзаққа созылмады. Бұдан соң Франция баспасөзінде тағы да бас көтерушілік яғни қайта тірілгенін көреміз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Франциядағы тұңғыш журнал

  2. Француз БАҚ-дағы бәсекелестік

  3. Телевидение мен радионың сипаты

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
10-Дәріс. Орыс БАҚ-тың шоғырлануы үрдісінің ғаламдық сипаттамасы

БАҚ-тың монополиялануы және шоғырлануы:

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы шоғырлану процесі көпшілік мемлекеттерде қарқынды жүріп жатыр. Ол үздіксіз техниклық жаңаруларға, жаңа телекоммуникация әдістерінің енгізілуіне негізделеді. Бұл өз кезегінде БАҚ маңындағы қаржының бір орталыққа шоғырлануына әкеледі, сапалық жағынан жаңа белеске көтерілуіне, күшті ақпараттық-қаржылық топтардың пайда болуына әсер етеді.

Монополия мен баспасөздің байланысын екі жақты қарастыруға болады. Біріншісі – БАҚ пен коммуникацияның өзара шоғырлануы және монополиялануы. Екіншісі – ірі концерднер мен монополиялық бірлестіктердің БАҚ – қа ықпал етуі.

Зерттеуші Спартак Беглов – БАҚ кәсіпорындарын иелену түрлеріне қарай былай зерттейді.



  • Жеке отбасылық кәсіпорын – басылымның бір ғана түріне иелік етуші немесе бір газет шығарушы. Бұл кәсіпорынның бақылау пакеті бір әулетттің ұрпағынан беріліп отырады.

  • Бір қаржылық бақылауға бағынатын сан – салалы концендер немесе тізбектік компаниялар және баспасөз, радио, телевидения кәсіпорындары.

  • Конгломераттар – коммерциялық қізметтің әр түрін қамтитын кәсіпорындар.

  • Мемлекеттік монополиялық корпорация.

Жоғарыда келтірілген бөлініс әлі өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ уақыт өткен сайын біраз өзгерістер байқалады. БАҚ саласындағы фамилиялық немесе «отбасылық » кәсіпорындар көпшілік елдерде күйзеліске ұшырап отыр, себебі бизнестің мұндай түрі бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмауда.

Ал баспасөз зерттеушісі Л.М Землянова өзінің «Зарубежная коммуникативистика в преддвери информоционного общества» еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдарына иелік етуді бес түрге болып қарастырады.



  1. Тізбек – бір адамға қарайтын газет – журналдар тізбегі. Мұндай тізбекке Американың алғашқы магнаттарының бірі У.Р.Херст иелік еткен. Оның қол астында күнделікті газеттердің 25 % болды.Бүгінгі күні тізбектің бұндай түріне – 80 күнделікті газетке иелік ететін «Ганнет» компаниясын жатқызуға болады.

  2. Желі – АҚШ – тың ірі желілері – «Эй –би - си» (АВС ), «Эн – би - си» (NBC ) «Си – Би –Эс» (CBS ) және «Фокс» хабар тарату компаниясы. Бұл салада алғашқы болып жол салған «Эн – би - си» компаниясы.Бұлар алғашында елге радиохабар таратса, кейіннен телевидение саласын да меңгеріп алды. Желі бағдарламаларының бөлімшелері пайдаланды.

  3. БАҚ қа гибридтік иелік - масс – медианың әр түрінің, яғни газет – журналдың, радио және телестанциялардың бір адамның иелігінде болуы. Мәселен, Р.Мердоктың қол астында газет те, журнал да, телестанция да, киностудия да, баспа үйі де бар.

  4. Конгломераттар - масс – медианың әр саласында ғана иелік етпейді, оларды дайындаудағы, өндірудегі кәсіпорындардың барлығына иелік етеді.

  5. Вертикальды интеграция – медиабизнестің барлық саласына ықпал етуге ұмтылыс.

БАҚ –ты шоғырландыру мен монополияландыру процесінде иелік етудің әр түрлі формалары, басқарудың түрлі әдіс – тәсілдері болғанымен, негізінен бірнеше бағытты бетке алып отырғанын байқау қиын емес.

Біріншісі,бұл бірлестік( жұтылу арқылы қалыптасқан немесе әріптестік келісімшарт бойынша негізі қаланған ), БАҚ - тың бір саласына бағытталған бір – біріне тәуелді құрылым. Бұған газет тізбектері, радио немесе телестанциялар тізбектері жатады. Бұл бағытқа бір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының басқа елдерге экспанциясын жатқызуға болады. Бөлімшелерінің қаржылық ісі бөлен борлғанымен, жалпы жетекшілік штаб – пәтерінен жүзеге асады. Бұл үрдістің жарқын мысалын «Ридерс дайжест» (АҚШ ), «Бурда моден» (ГФР) журналдарынан көруге болады.

Екіншісі, бұқаралық ақпарат құралдарының әртүрлі кешенге бірігуі (газет + радио + телевидение + т.б. ). Бұндай топ ақпараттық және насихаттық жұмыстарды қаржыны әжептәуір үнембейді және жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

Үшіншісі, кең тараған бағыт – БАҚ –тың әр түріне өндірістік - қаржылық топтардың иелік етуі. Бұлар өздерінің қарамағындағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнесін өркендетеді, керек кезінде қоғамдық пікірді қажеттеріне қарай бұруға мүмкіншіліктері мол.

Төртінші бағыт – ең ірі медиакомпанияның баспа, радио – телебизнеспен байланыссыз өндіріс кәсіпорнына иелік етуі.

Бұрын газет трестері тек орман алқаптарын, қағаз өндіретін кәсіпорындарды сатып алса, қазір орман алқаптарын да,

қағаз өндіретін кәсіпорындарды да, рекреациондық бизнеске де, электрониканың жаңа бағыты мен ядролық физика саласына да иелік етуге. Мұның жарқын көрінісін «Нью – Йорк таймс корпорейшн » корпорациясынан көруге болады. Корпорацияның Канадада орман алқаптары, қағаз өндіретін кәсіпорны, баспасы, радио және тележүйелері, программистер дайындайтын орталықтары бар.

Бесінші бағыт – іскер қауымды ақпаратпен қамтамасыз етуде ақпарат агенттіктері мен компьютер желілері жетекшілік жасап келеді. Мәселен, «Рейтер» агенттігінің негізгікіріс көзі – халқаралық жаңалықтардан емес, биржа мәліметтерінен түседі. «Ассошиэйтед пресс» агенттігі де осы негізде «АП – Доу – Джонс» бөлімін құрып, бірнеше елдердің мұнай базарына ыңғайлап ақпарат беруді қолға алды. Соңғы жылдары газеттерде берілетін биржалық мәліметер өз мңыздылығын жоғалтты. Жаңалықтар радио мен телевидениеден жедел беріледі (әсіресе теледидардың арнаулы каналдарында , сондықтан газет, журналдар талдау жасауға, болжам жасауға бейімделіп алған.

Бақылау сұрақтары:


  1. «Эй –би - си» (АВС ) қызметінің ерекшелігі

  2. «Эн – би - си» (NBC ) хабарлары

  3. «Си – Би –Эс» (CBS ) телерыноктағы орны

  4. БАҚ-қа гибридтік иелік деген не?

  5. Монополияландыру процесінде иелік етудің түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
11 -Дәріс. Ресей теледидары: тарихы, проблемалары мен болашағы

Ежелгі Рим шежірелері – журналистикасының бастау көзі. Цезарьдің қолжазба басылымдары.

Италиядағы кітап басу ісі. ХҮІІІ ғасырдағы «Коффе», «Оссерваторе» басылымдарының баспасөз тарихындағы орны.

Муссолини билігі тұсындағы баспасөзге салынған тұсау. Елдің буржуазиялық демократия жолына өтуі.

Солтүстік және оңтүстік газеттері арасындағы бөлінісі. Газет шықпайтын аймақтар.

1948 жылғы баспасөз туралы заңның маңызы. Италия газеттерінің типологиясы. Ұлттық басылымдарының ақпарат рыногындағы орны. Италиядағы беделді басылымдар: «Коррьера делла сера», «Республика», «Стампа», «Джорноле». Басылымдар арасындағы өзара бәсекелестік. Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.

Италия газеттеріне тән ерекшеліктер. Талантты журналист Паоло Миели дүниеге әкелген «Миели моделінің» жаңашылдығы.

Италия журналдарының типологиясы, аудиториясы.

Информациялық апталықтардың басымдылығы. Италиядағы діни басылымдарының рөлі. Баспасөздегі монополиялану ісіндегі ерекшеліктер. Ірі өндірістік топтардың БАҚ – қа ықпалы. С.Берлускони – Италиядағы баспасөз магнаты. АНСА ақпарат агенттіктерінің қызметі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Италия журналдарының типологиясы

  2. Муссолини билігі тұсындағы баспасөзге

  3. Италиядағы діни басылымдарының рөлі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
12- Дәріс. Ресейдің коммерциялық телерадио хабарлары.

Ұлыбритания теледидарының пайда болуы. Ағылшын электронды БАҚ – ы дамуының негізгі кезеңдері. Ағылшын телерадиосының алғашқы хабарлары. Күнделікті газет «Дейли куранттың»/1702/ пайда болуы.

ХІІ ғасырда Англияда сатиралық басылымдардың қалыптасуы. ХІІ ғасырдағы мерзімді басылымдардың түрлері: ақпараттық, аналитикалық, сатиралық және жарнамалық.

Ағылшын баспасөзіне тән ерекшеліктер. Оқырмандардың әлеуметтік топтарға қарай бөлінуі: А,В,С-1,Д,Е тобы. Газет рейтингінің анықталуы – жарнамалар үшін аса маңызды жағдай.

Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы. Көпшілік қолды газеттердің пайда болуы. Тиындық газеттердің өркендеуіне А.Хармсворттың қосқан үлесі. «Сапалық» газеттердің қаймағы – «Таймс». «Таймс» газеті 1785 жылдан бері шығатын көне басылым. «Таймстың» иелері – Дж Уолтер, Р.Томсон, Р.Мэрдок.

«Таймс»-шынайы британ институты. Шағын газеттен «Таймстың» ірі газет кәсіпорнына айналуы.

Сапалық басылымдар: «Таймс», «Дейли миррор», «Дейли мейл», «Дейли скетч», «Ньюс оф уорлд». 60-жылдары танымал газеттерге сұраныстың өсуі. Ағылшын газеттерінің өтімділігі.

Ағылшын баспасөзіндегі монополиялану процесінің басталуы. «Рой Томсон» мекемесі. Лорд Нортклифтің бастамасымен өмірге келген «Интернэшил паблишинг корпорэйшн» монополиясы. Оның бүгінгі тіршілік – тынысы. «Ассошиэйтед ньюпейперс» концерні. Бивербурк концерні. «Пирсон Лонгман» концерні: «Файнэншл таймс» газеті. Халықаралық монополист Рупер Мэрдоктың «Ньюс лимитед» монополиясы. Рупер Мэрдок

империясының ақпарат әлеміндегі орны. «Берри» газеттер тобы. 70-80 ж. баспасөзіндегі монополиялану процесінің күшеюі. Ірі топтар арасындағы бәсекелестік.

Ағылшын БАҚ –ына трансұлттық корпорациялардың ықпалы.

Ақпарат агенттіктері.«Рейтер» (1851ж.)- іскер қауымға арналған ақпараттарды таратуға маманданған халықаралық агенттік. Ақпарат тарату ісін өркендетуге «Рейтердің» қосқан үлесі. «Рейтер» Қазақстанда. «Пресс Ассошиэйшн»(1868ж.)- ішкі ақпараттарды жинап, таратумен айналысатын бірден – бір агенттік. «Эксшэйнжл телеграф»(1872ж.) агенттіктерінің ақпараттарды тарату ерекшелігі.

Ағылшын баспасөзінің бүгінгі күні. Көпшілік қолды басылымдарға сұраныстың азаюы. Мерзімді басылымдардың тығырыққа тірелуі.



Бақылау сұрақтары:

  1. «Таймс» газетінің өзіндік ерекшелігі

  2. «Рой Томсон» мекемесі

  3. Ағылшын баспасөзіне тән ерекшеліктер

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
13- Дәріс. «Еуразия-1» қазақ қызметі

90ж. екі Германия қосылып (ФРГ, ГДР) БАҚ-ы үлкен өзгеріске ұшырайды. Әсіресе, Батыс Германия журналистикасы үлкен қиыншылықтарға кездесті. Германия мемлекетінің БАҚ – да алпауыттар пайда болады. Германияның ең бай 500 іскер кәсіпкерлерінің тізіміне енетіндер: Бертельсман, Лео Кирх, Шпрингер, Иорд Фонд, Холдспринг, Вац, Бауер, Бурда концерндері. Бұл концерндер Германияның газет – журнал, баспа рыногын ұстап тұрумен қатар аудиовизуальды мекемелерге де иелік етеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Германияның баспа рыногы

  2. 90ж Германия журналистикасындағы өзгеріс

  3. Германияның баспасөз магнаттары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
14- Дәріс. «Руское радио» қызметі

Соңғы жылдар Германияның коммерциялық, яғни жекеменшік телеарналарына айтарлықтай жаңа жетістіктер, табыстар әкелген жоқ. Жекеменшік телеарналар басқаша айтқанда тоқырауға ұшырады. Ол арналардан қазіргі кезде жаңа фильмдер мен жаңадан келген жүргізушілерді көре алмайсыз. Көбінесе жекеменшік телеарналарда көрсетілетін хабарлардың бәрі де бір сарындағы қызықсыз хабарлар. Керісінше, мемлекеттік телеарналардағы бағдарламалар сапалы болып саналады. Германия телеарналарында жастардың және жастарға арналған бағдарламалар өте көп. Бірақ, өкінішке орай ол бағдарламалардың көпшілігі сын көтермейді. әсіресе, музыкалық телеарналарға талантты ұйымдастырушылар мен журналистер жетіспейді.

Германияда 2001 жылдың аяғында ҮІҮА секілді сапасы, деңгейі өте төмен телеарналармен қатарласып ҮІҮА 2 деген жаңа телеарналар ашылды. ҮІҮА 2 негізінен ересек адамдарға арналған телеарналар болып табылады. Ал ҮІҮА телеарнасы кезінде МТҮ – ге бәсекелес бола алатындай дәрежеге жете алмады. Негізінен, ҮІҮА 2 телеарнасының жай ҮІҮА телеарнасынан өзгешелігі шамалы. Ең басты ерекшелік - ҮІҮА 2-де түнгі және кешкілік мерзімдегі бағдарламалар басым болып келеді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Германияның коммерциялық, яғни жекеменшік телеарналарына

  2. Телеарналар бағдарламаларындағы кемшіліктер

  3. Германияда 2001 жылдың аяғында дүниеге келген телеарналардың сапасы

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.

3. Майн Х. СМИ в ФРГ. Германия. «Коллоквиум». 1995




15- Дәріс. Ресей БАҚ қызметінің кәсіптік аспектілері

«Би – Би- Си» - дің дүниежүзілік радио қызметі:

20 ғ. 20ж. отар империялар сияқты Англияда да езілген халықтардың ұлт-азаттық көтерілістері өрістеді. Осыған орай өз азаттығын сақтап қалу үшін үстеме мекемелер өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланды. Сондай мүм/ң колайлысы радио болды. Бұл «Қысқа толқынды насихат» д.а. Барлық елдерде отарлық мүддеге орай қысқа толқынды хабар тарату жүзеге асыру болды.

«Би-Би-Си» өзінің отар елдеріне қысқа толқындағы алғашқы хабарларын 1927 ж. ноябрь айында бастаған. Бұл тәжірибелік хабарлар болды. 1932 ж. болып өз хабарларын тұрақты бере бастайды. Британ империясы осы жылдан бастап 17 желтоқсанда Британиялық империялық қызметі құрылады. «Би-Би-Си» өз қызметін 5 аймаққа арнайды. Өзіне керек шикізат бар елдерге Үндістан, Австралия, Оңт. Африка, Батыс Америка, Канада, болды. Мұндағы мақсаты империяның ісін жан-жақты насихаттай отырып, оның бірлігін сақтап қалу. «Би-Би-Си» өмірге келгеннен бастап Британ өмірін, салтын, мәдениетін, тілін насихаттады. Бұл өз кезегіндегі қысқа толқындағы консепция еді. Сонд. Бұл консепция көп елдерді жаулап алды. Хабарлар тек ағылшын тілінде берілді. Радионы қаражатпен сыртқы істер қамтамасыз етті. Англияның халық/қ радио хабарларының басқа елдерде берілуі оның үстемдігін арттырды. 20ж. аяғы мен 30ж. басында басқа тілде хабар тарату күн тәртібіне қойылды. Сол мақсатпен Араб радио қызметі дүниеге келді. Ол Англия мен Италия арасындағы жан-жалдан кейін-ақ жұмыс істеп кетті. Бұған «Кайэр» радиосы арнайы 2 диктор шақырып алып ақпарат оқытты. Осы хабарлар мен қоса сол елдің қайраткерлерінің сөзі берілді. Әсіресе діни тақырыптағы хабарлар таратылды. Олардың арнайы рубрикалары болды. Арнайы дін басшыларын сөйлеткен. Рамазан айында «Би-Би-Си» ерекше хабарлардайындап беріп отырады. Осы діни хабарлар арқылы араб елінің сеніміне кірді. Қазір таяу шығыс, орта шығыс, Африка елдеріне арналған аптасына 70 сағат хабар таратқан 30ж. соңғы кезеңінде «Би-Би-Си» неміс, ағылшын, француз тілдерінде хабарларын бастады. Сол кездегі Премьер Министр Чем Бернердің сөзімен ашылған бұл хабар Европа қызметі болды. Осы Европа қызметі 5-ке бөлінді:



  1. Шығыс Европа

  2. Орталық Европа

  3. Неміс

  4. Француз

  5. Оңтүстік Европа

Осы 5 қызметтің өзі ішінде хабар тарату аймағы мен тіліне байланысты секцияға бөлінеді. Тағы Қызметі Африка қызметі. Одан кейін Қиыр Шығыс. Сосын Шығыс және Латын Америкасы.

Африка қызметі – осы құрлықтың үш тілінде хабар таратады. Олар суахими, хауси, самахиболды және француз, ағылшынша хаб. таратады. Шығыс қызметі – Оңт. Азияға арналған. Олар: Иран, Үндістан, Бангладеш, Бирма. Бұл бөлім: урду, хинди, бирма, непали тілдерінде хабар дайындаған.

Қиыр Шығыс қызметі – Қытай, Жапон, Оңт. Шығ. Азияға хабар таратқан. Қытай, Жапон, Индонезия, тай тілінде хабар таратқан. Латын Америкасы қызметі – Испан, Португал тілдерінде осы құрлықтың 18 еліне хабар таратады. «Би-Би-Си»-дің әлемдік қызметі тәулік бойы хабар ағылшынша берілді. Бұл хабар күн сайын 50 «ақпараттар бюлетенін» берген. Ақпараттар бюлетенінің тақырыптары: халықтық, спорт, өнер, баспасөзге шолу, музыка, экономика болып бөлінеді. Әлемдік қызметінің ішінара аймақтық қызметі кіреді. Олар: АҚШ, Канада, Фолкред, Вест Индия, Австралия. Сонымен қатар халықтық радио хабары 20ғ. ортасында қалыптасып, 2-ші дүниежүзілік соғыстың басында сыртқы саяси насихатжүргізетін құралға айналды.

Ұлыбритания өзінің радиохабарлары арқылы 40ж. бүкіл әлемді жаулап алды. Расында 40ж. аяғында қандай радио болмасын «Би-Би-Си» мен теңесе алмаған. Осы жылдары аптасына 600 сағатхаб/н шет елге таратқан. 1946ж. болып «Би-Би-Си» орыс тілінде хабар таратты. «Америка дауысы» д.а. 1647 бастады.

Осы кездің өзінде орыс қызметі аптасына 30 сағат чех және славян тілінде 22, венгр 18, болгар 14, румынша 16, серво харват тілінде 16 сағат хабары болған.

«Уорт Уайт» болып, оның 36% америка теледидарының иелігінде. «Флекстиль» деген телекомпаниядан 3 спутниктік байланысты ВВС жолға алған.

«Ю-Кей-арена» деген бағдарламасы «Ю-Кей-Харизонс» табиғат пен саяхат бағдарламасы. «Ю-Кей-стайл» деген бағдарлама ол кулинария жайлы бағдарлама береді. Бұлар «Теймз телевижн» арнасымен бірлесіп «Ю-Кей-телевижн» арнасын ашқан. Бұлардың барлығы спутниктік байланысты жолға алып отыр. Егер лоар жеке-жеке жұмыс істесе, спутниктік байланысты жолға ала ламайжы. Сондықтан бірігіп топ құрып отыр.

«ВВС» «Дискавири комуникейшн» американ телекомпаниясымен бірлесіп деректі бағдарлама жасауға келісімге отырды. Осы келісімге байланысты Латын Америкасына деректі хабар көрсету үшін 2 канал ашқан. Ал, Америка «ВВС Америка» деген кабельдік арна ашқан.

Нью-Йоркта орталығы бар Америкаға Дискабери 175 млн. доллар арнады. Өйткені Америкада Дискабери мен ВВС үлкен ғылыми деректі хабарлар көрсететін кәсіпорын құрды. Болашақта Европа, Азияда бірлескен кабельдік арналарқұру ойларында бар екен.

«Би-Би-Си Уорт» - бұл Европаға хабар таратады және «ВВС Прайм» Азияға хабар таратады. Олар спутникті «Пирсон телевижн» деген компаниямен бірігіп ұшырап отыр. Олар СNN-ді ығыстырып шығаруды көздейді.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Би – Би- Си» - дің дүниежүзілік аренаға көтерілуі

  2. «Ю-Кей-арена» деген бағдарламасы

  3. Европа мен Азияға хабар таратуы

  4. «ВВС» және «Дискавири комуникейшн»

  5. «ВВС»-дің ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың басында қандай ролі артты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.


Бақылау сұрақтары:


  1. БИ-БИ-СИ-дің бес аймаққа тарататын хабарлары

  2. БИ-БИ-СИ өзінің отар елдеріне қандай хабарлар таратты?

  3. Қазіргі Қазақстанға тарататын хабары

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.


Тәжірибелік сабақтар

Алғашқы қолжазба түріндегі газеттері

1+0,5




Орыс журналистикасындағы салалық басылымдар

1+0,5




Орыс журналистика ындағы басылымдар бөлінісі

1+0,5




Ресей могнаттарының иелігіндегі БАҚ

1+0,5




«Руское радио –Қазақстан»

1+0,5




Ресейге жаңа медианың келуі, интерактивтілік, дигитализация және конвергенция

1+0,5




Ресей елдері және Орта Азия теледидары мен радиохабары

1+0,5






1+0,5




Орыстың телерадиохабарларының пайда болуы, тарихы, қазіргі кездегі жағдайы

1+0,5




Ресейдің «Еуразия - 1». қоғамдық каналы, оның хабар тарату аймақтары

1+0,5




Ресей мен Шешенстан арасындағы жанжал. «Ақпараттық соғыс». Азия елдеріне арналған хабарлары,

1+0,5




Ресейдің кабельді және спутниктік теледидары.

1+0,5




Ресей телекомпанияларының қызметі, олардың өзара байланысы және бәсекелестік.

1+0,5




14.

1+0,5




15.

1+0,5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет