Журналистика қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы



бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі23.14 Kb.
#486957
1   2   3   4   5
кириспе

Көңіл көтеру функциясы. Соңғы кезде журналистика саласын ғылыми-зерттеуде БАҚ-тың гедонистік, яғни, көңіл көтеру функциясы туралы жиі әңгіме қозғалып жүр.
Айталық, Югославия ғалымы П. Матюшевич оны журналистиканың бас­ты функцияларының бірі десе Ресей ғалымдары Г.И. Хмара мен Е.Ф. Губский көңіл көтеру функциясын атқаратынын мойындаған екен. 

  1. Журналистиканың негізгі принциптері.

Принцип ұғымы журналистикада жүре қалыптасқан. Ол өзінің субъективті және объективті табиғи сипатымен ерекшеленеді. Осы екі бастаманың үйлесуі жеке шығармашылық еңбек үрдісінде журналистің мәдениетімен көзқарасына ұштасады. Принцип ұғымы екі деңгейде қалыптасады. Бірінішісі идеялық-методологиялық; екнішісі – ұстанымдық. Бұл қағидалар журналист шығармашылығын шектемейді. Керісінше, журналист әрекетін белгілі бір жүйеге келтіреді.
Журналистің ұстанымдық принципінің алғашқы декларациясы 1950 жылы қабылданды. Ал 1980 жылы ЮНЕСКО өкілдері журналистік мамандықтың этикасының халықаралық принципін қабылдады. Әлемдік деңгейдегі принцип түсінігі ұлттық, кәсіби құжаттарда сақталған.
Принциптің түрлері. Принцип – ол қызметтік борыш. Журналистің қоршаған ортамен байланысын барлық механизмін сипаттаушы. Осыған сай журналистикада журналистің әрекетін ұйымдастыруда шынайылық, гуманистік, халықтық принциптерін білуі шарт.
Шынайылық принципі – түрлі деңгейдегі кәсіби кодекстің ең бастысы. Ол журналистің ұстаным декларациясының ең бірінші бөлігі болып табылады. Шындыққа бас ию, қоғам құқығын құрметтеу, шындықты іздеу, білу, журналистің ең басты борышы болуы керек. Бұл принцип әлеуметтік құбылыстарға әлеуметтік зерттеу жүргізе отырып оның беріктігін танытады. Шынайылық принципі - ғылымға жақын принцип. Одан ауытқу қызметтік борышты бұзуға әкеледі. Өзінің методологиялық маңызымен қоса шынайылық принципінің қарапайым тұрмыстық функциялары да бар. Бұл орайда ақпараттың шынайылығымен дұрыстығына көз жеткізу - ең басты борыш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет