Жутаева А. К. 1, Әбдиманұлы Ө



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата24.05.2024
өлшемі0.5 Mb.
#501821
1   2   3   4   5
Нәтиже-талқы
Жоғарыда аталған шығармалардың ба-
сым көпшілігі бүгінгі әдебиеттің орта буын 
өкілдерінің шығармалары. Кейінгі толқыннан да 
Аягүл Мантай, Думан Рамазан, Сәуле Досжан, 
Арман Әлменбет, Лира Қоныс, Мадина Омаро-
ва сынды жас жазушылардың шығармалары бар. 
Бүгінгі қоғамның беткі көріністері мен заманның 
таза бейнесі соңғы шығармаларда тікелей ажы-
ратылады. Әдебиеттің даму үдерісінде тың тер-
миндер қазақ тіліне аударылып, шығармаларда 
көрініс ала бастады. Постмодернизм төңіре-
гіндегі қолданыс табатын терминдердің бірқа-
тарын жоғарыда атап өттік. Оларды қазақ 
әдебиетіндегі қолданыс ерекшеліктеріне сай 
талдай алуымыз қажет.


Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
54
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
Қорытынды
Постмодернизмді бетке алған бір топ қазақ 
жазушысының пайда болуы, атап айтқанда 
Д. Амантай, Ә. Қодар (ақын), Р. Мұқанова
Ықсан және басқалары. Қазақ әдебиетінде 
мифологиялық желінің дамуы мифологиялық 
реализмнің қалыптасуын білдірді. «Сана ағымы», 
«жаттану», «көп дауыстылық», тәмсілдеу, симво-
лизм, ұқсастық секілді баяндаудың модернистік 
формаларының қабылдануы үрдістің 20 
ғасырдың соңында да әдебиетте жалғасқандығын 
көрсетеді. (Қасқабасов, 2009: 118). Ал қазіргі 21 
ғасырда әдебиет ағымы тым күрделі. Әдебиет 
тек прозамен шектелмейтіні белгілі. Әдебиетте 
поэзия, драматургиялардың алар орны бар 
екенін ескерер болсақ, постмодернизм әр са-
лада жекеше көрініс табатынын да назарға 
алу керек. Бүгінгі жазушыларымыздың жазу 
шеберлігіндегі ойлау деңгейі мен ойды жеткізу 
шеберлігі бүгінгі күннің экосоциологиялық 
мәселелерді түрлі эмоциямен бейнелі, ал жалпы 
идеялық бірлікті астыртын түрде салыстырған 
идеологеманы құрайды. 
Қорыта айтқанда, постмодернистік бағыт по-
стиндустриалды қоғамның дамуымен тікелей бай-
ланысты. Біздің қоғам әлі күнге дейін ұлттық бол-
мыс пен ұлттық дүниелерден алшақтамауымыз 
керек деген пікірді ұстанады. Десе де әдебиеттің 
осыдан екі ғасыр бұрын қозғаған мәселелерін 
қазақ әдебиеті де өз деңгейіне сай саралай алуы 
қажет. Философиялық ойлардың жиынтығын әр 
оқырманның сана деңгейі мен сана ағымына сай 
бірлікке жіктей алуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет