Жутаева А. К. 1, Әбдиманұлы Ө



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата24.05.2024
өлшемі0.5 Mb.
#501821
1   2   3   4   5
Эксперимент
Н. Қожабекова қазіргі қазақ прозасындағы 
кейіпкерлер туралы төмендегідей пікірде. Ең ба-
сты қатынас – өз-өзімен ішкі «менімен» қатынасы. 
Мұндай көрініске тән сипаттар постмодернизм-
ге берген анықтамаға сүйенсек, М. Мағауиннің, 
Ә. Нұрпейісов, Т. Әбдіков, А. Алтай, Р. Мұқанова, 
Д. Амантай шығармаларынан байқалады. Осы 
орайда көрсетілген жазушыларымыздың шығар-
маларына әдебиеттің нормасына сай зерт-
теу жүргізер болсақ, әр деталь мен штрихты 
оңай аңғара аламыз. Ендеше, мақаламыздың 
алғашқы талдау шығармасы ретінде әдебиетте 
қалыптасқан өзіндік стилі қалыптасқан, сөздік 
қоры бай жазушы Айгүл Кемелбаевадан 
бастайық. 
«Постмодернистік ойын» элементтерін ше-
бер меңгерген қаламгер бірінші жақтық баян-
дау әдісін ұсынғанымен, оны сан алуан аралық 
мәтін арқылы (интертекст), сарқылмайтын реми-


ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (174). 2019
51
Жутаева А.К., Әбдиманұлы Ө.
ненсценция мысалдарымен байытып, көркейте 
түседі. Осы бағыттағы өзге шығармалармен 
салыстырғанда «Мұнара» шығармасында іс – 
әрекет иелер тіптен аз. Шығарманың бас кейіпкері 
– Айжан есімді Москвадағы әдебиет институтын-
да оқитын студенттің бес жылғы уақыт көлемі 
соңғы мерзімдерге арнайы тоқталу түрінде 
суреттеледі. Еске алу, шегініс жасау амалдары 
бар. Бір романда екі шығарманың көрінгеніне 
қарап, жазушы әлем әдебиеті үлгілерінде 
кездесетін, бүгінгі таңда қазақ әдебиетінде де 
бой көрсетіп жүрген «интертекстуалдық» яғни 
әңгіме ішіндегі әңгіме, роман ішіндегі роман 
сияқты әдіс-тәсілді қолданғандығын байқаймыз. 
Айгүл Кемелбаева өз шығармасына адам 
тағдырын арқау ете отырып, сол адамның 
ішкі-сыртқы танымын мінсіз көрсете алған. 
Оны оқырманға дәл жеткізу үшін шығарма 
кейіпкерлерін әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік 
жағдайлармен беттестіріп қояды. Сонымен қатар 
шығарма желісіндегі өзге де кейіпкерлерді таны-
мы бөлек адамдармен қарым-қатынасқа түсіреді, 
оны өмір тартысының әр кезеңінде жекелей 
формада суреттейді. Соған сай, «Мұнара» рома-
нында да Айжанның мінез көрінісі сан қырынан 
ашылады. Романның қысқаша мазмұнына 
тоқтала кетсек, ол былайша өріледі. Мәскеудің 
әдебиет институтында оқитын Айжан есімді 
қыздың оқу бітірер шағы елдегі Кеңес үкіметінің 
ыдырау уақытына тұспа-тұс келеді. Ресей мен 
Қазақстан арасында пошта байланысы тоқтап 
қалып, ата-анасынан келген ақша мен тамақты 
ала алмай, алып шаһарда аш құрсақ, көк тиын-
сыз қалған студент қыздың қиын күндерінен сыр 
шертеді. Автор романның бірінші бөлімінде са-
наулы кейіпкерлер арқылы адам өмірінің қиын 
кезеңін, психологиялық жан күйзелісін айқын 
көрсете алған. Бас кейіпкер Айжанның қатты 
аштықтан қамыққаны соншалық өзі оқыған 
шығармаларынан Гамсунның «Аштық» рома-
нын, Гогольдің «Өлі жандар» романындағы 
Чичиковтың дастархан үстіндегі сәтін көз алды-
на елестетіп: «...Соңғы күндері астан өзге ештеңе 
ойлауға қабілетім жоқ болып кетті, дұрыстап 
құнарлы ас жемей, еттен қағылған соң, аш қарын 
ештеңе мұқтаж емес...» дейді. 
Осы қиындықтың кесірінен жұмыс іздеуге 
кірісіп, құрбысы Лиляның көмегімен бала 
күтушілікке орналасады. Бала күтушілігімен 
қоса, сол үйдің құдды бір күңі секілді барлық 
үй шаруасына жауапты болады. Рухани жағынан 
ештеңе бермейтін, байлаулы ит тәрізді күй 
кештіретін іш пыстырарлық тірліктер Айжанның 
төзімін тығырыққа тірейді. Кейде ойланып, «Де-
мек, бұл фәниде неге болса да шыдап, көніп 
бағудың арты жаман болмайды, алдамшы 
дүниеде не көрсең де Құдайдың басқа салғанына 
көнуден артығы жоқ болар. Өйткені кішірейтетін 
де бір Өзі, зорайтатын да бір Өзі» дегенінен 
Аллаға сенімін ешқашан жоғалтпағанын, 
мұсылмандық құндылықтарды да дәріптей оты-
рып, ертеңгі күнге зор сеніммен қарайтынын 
байқауға болады. 
Романның екінші бөлімі бірінші бөлімді 
одан әрі өрбітпейді. Қайтадан жаңа құрылыммен 
екінші әңгіме басталады. «Соңғы жолбарыс» 
аталатын шығарманың өн бойы аты айтып 
тұрғандай жолбарыстың қасиетімен суреттеліп, 
оқырманға өзге ой салу арқылы өрбиді. «Соңғы 
жолбарыста» қарт аңшы Тарбақ арқылы 
Арқадағы аң-құстардың тыныс-тіршілігінен 
толықтай хабардар етеді. Бастысы Жолбарыстың 
мінез-құлқын, сыртқы бейнесін жан-жақты 
ашып, туған жерін адамнан да қатты сүйетінін, 
оған ерекше қамқор болып иелік еткен махаб-
батына оқырманды қайран қалдырады. Жазушы 
романын сәтті шыққан нағыз реалистік шығарма 
деп бағалауға болады. Өзі куә болған нақтылы 
құбылыстармен, сонымен қоса бір кейіпкер 
тағдырын суреттей отырып, бірнеше адамның 
басындағы әртүрлі әлеуметтік жағдайларға на-
зар аудартуға тырысқан. Яғни, жеке мінездеуден 
типтік мінездеу тудырады (Ісімақова, 2009: 114).
А. Кемелбаеваның «Мұнара» романы – қазіргі 
қазақ романының үлкен жетістігі. Әдебиетші 
ғалымдар бүгінгі қазақ прозасында мәдениетті 
кейіпкер образының, яғни жаңа заманға сай, жаңа 
қазақ адамының қалыптасып келе жатқанын 
алға тартуда. «Мұнара» романындағы Айжан да 
мәдениетті кейіпкер, жаңа әлемнің адамы. Әр 
жазушының шығармашылық лабораториясын 
зерттеген адам оның өмір шындығын көркем 
жинақтау, яки әдеби бейнелерді типтендіру 
әрекеті, көбінесе әр типке прототип табудан 
басталғандығынан шебер жазатындығына куә 
болады. Прототип шығарманы шынайы сурет-
теп, көркем бейнені нанымды етудің, шындықты 
шынайылаудың құралы секілді. Жазушы 
кейіпкер психологиясының, оның жасаған іс-
әрекетінің әр-алуан бұралаң иірімдерін ғана 
емес, көркем бейнені жасауға керек материалдың 
өзін сұрыптап пайдаланады. Жазушы, әдебиет 
зерттеушісі Тұрсын Жұртбай: «Әр жазушының 
жазушылық тағдыры, жазушылық психоло-
гиясы, жеке өмірі болады. Үшеуі бір-бірімен 
қашанда тығыз байланыста. 
«Мұнара» романы Айгүлдің жан-дүниесінің 
ашылуы деп қабылдаймын. Өзінің тағдырын 


Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
52
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
көркемдікке айналдырып, өз-өзінің ақылының 
түбіне жетеді. «Мұнара» натурализм мен 
сентиментализмнің арасында, өткен дәуірді 
бүгінгі дәуірмен қатар ала отырып баяндай-
тын көркем шығарма. Кішкентай трагедия 
болғанмен де, түсініп оқыған адамға астарын-
да үлкен трагедия бар. Адамның жалғыздығы, 
әйел адамның жан күйзелісі, өзегінің үзілгендігі 
жатыр» дейді. Жалпы романның әдебиеттің 
басқа жанрларынан айырмасы, мұнда бір 
дәуірді, кезеңді өз заманындағы идеясы кең 
көрсететін кесек әрекет алынады. Автордың бұл 
шығармасында постмодернистік сипаттардың 
ерекшелігі басым. Мәскеуде үй күтуші болған 
автор Айжан есімді қыздың нарраторлық 
шеберлігі бірінші бөлімде жай ғана хабарлы 
сөйлемдермен жүзеге асады. Ішкі монолог пен 
ішкі түйсіктің қарым-қатынас негізімен әңгіме 
өрбиді. Ал екінші бөлімі алдыңғы бөлімнің 
мазмұндық ерекшелігіне қарамай-ақ бірден со-
нау мифологиялық жолбарыс бейнесінің ару 
санасындағы қадір-қасиетінің сипатталуымен 
ерекшеленіп кетеді. Екі бөлім іштей байланыс 
құра алғанымен, сырттай екі әлемді қатар, бір 
уақыттың еншісінде баяндайды. Бірақ кеңістік 
екі түрлі. Айгүл шығармаларындағы ерекшелік 
те осы. Ол адам санасының ең тұңғиығына бой-
лай отырып, ішкі жан-дүниенің үйлесіміне баса 
назар аударады. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік 
қамтыла отырып, постмодерндік бағыттың 
терең ұшқындары орын алады. Айгүлдің бұл 
шығармасына көптеген пікірлер айтылып, ав-
торды модернистік және постмодернистік 
дүниелерді толық меңгерген авторлар қатарына 
жатқызды. Десе де оның бұл шығармасын 
модернистік бағытқа жатқызатындар да аз емес 
(Кемелбаева, 2003: 108). 
Философ П. Гречко: «Модернистер дөрекі, 
алабажақ, тұрақсыз, шындықты ар жағынан 
жоғары шындық, жоғары өмір, сабақтас әлем, 
іргелі тұтастық, өзгеше ой, тың ауқымды 
идея іздестірді. Өмір олар үшін көріксіз де, 
тазалық пен әсемдік өнерде ғана сақталмақ» 
дей келіп, модернизм мен постмодернизмнің 
айырмашылығын былайша көрсетеді: «Пост-
модернизм мұндай кемшіліктерден ада, олар, 
біріншіден, осы сәттегі тысқары нәрсеге назар 
аударады» деген екен. Қазақ ғалымы Б. Майта-
нов: «Модернизм көз алдында тұрған шындықты 
місе тұтпаса, үлкен-кіші деп бөлмейді, кез-
келген зат, құбылысты дүние санауға бейім. Ол 
техногенді, постиндустриалды қоғам негізінде 
бей-берекет тіршіліктен безер болудың орнына 
бәріне көнген, бекінген, қасіретін ішіне түйген 
қалыпта, ешнәрсеге қатты алаңсыз, жүйкесін 
сауытпен қоршап күн кешуді жөн санайды. 
Тығырықтан шығар жол іздеудің қажеті жоқ. 
Егер адамзат өркениеттің жар қабағында тұрса, 
оған амал іздеу мүмкін емес. Әркім өзінде бар 
әлем, үлесіне тиген тағдыр мен сағат, сәттің 
тұтқынына сол күйіне жасымай, зар төкпей ты-
ныстауы қажет» деді. Шындығында Айгүлдің 
«Мұнара» шығармасы бірінші жақтан баяндала 
отырып, ондаған кейіпкердің шындық әлемін 
түрлі тәсілдер арқылы ашып көрсетеді. 
Басы мен аяғы бар бүтін шығарма болға-
нымен, бейтарап автор, бейтарап оқырман, интер-
текстуалдылық сынды дүнилер орын алады. 
Aйгүл Кемелбаеваға дейін де «Киллер сауысқан», 
«Aтаукере», «Кербұғы», «Сайтанкөпір» шығар-
маларында мұндай көріністер аңғарылып отыр-
ды. Бірақ ұлттық дүниеде аталмыш шығар-
малардағы бейнелер дәстүрлі форманы сақтай 
алған. Сол үшін де біз оларды таза классикалық 
шығармалардың қатарына жатқызамыз. Ал 
Aйгүл шығармасындағы жолбарыс бейнесі 
– атадан балаға деген сенімнің негізіндегі 
қиялдан туған күрделі бейне екені айқын. Ав-
тор осы бір кішігірім эпизодтың өзінде түс 
көру, елес қуу, эпитафия құбылыстарын ұтымды 
пайдаланған. Біздің түгел кездеспегенімен, 
кей шығармалардың өн бойынан көрініс тау-
ып жатады дейтініміз де осының дәлелі. Сол 
бір соңғы жолбарыс арқылы туған жерге деген 
студент қыздың сезімін ұштастырып әкеліп, 
оқырманға ұтымды сюжет, талғамды шығарма 
ұсынады. А. Кемелбaеваның «Мұнaра» рома-
нын Б. Мaйтанов «Автор және мәтін – кен-
тавр» деп аталатын бірнеше жазушылардың 
прозалары 
қарастырылған 
мақаласында: 
«Постмодернистік ойын» элементтерін әдемі 
меңгерген қаламгер...» деп бағаланған. Басқа 
да көптеген жазушылардың оң пікіріне іліккен, 
«Мұнара» романы талай зерттеулердің нысана-
сы бола беретіні хақ (Кемелбаева, 2003: 149). 
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында 
болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік ру-
хани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңестік 
кезеңдегі қоғамдық шектеуден, социалистік ре-
ализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі 
абдырап қалғаны рас. Қоғамда «қазақ әдебиеті 
тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел 
қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер 
тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, 
батыл ізденістерге барғанын зерттеу нәтижелері 
көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзия-
ны былай қойғанда , шығармашылық толғанысы 
ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, 


ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (174). 2019
53
Жутаева А.К., Әбдиманұлы Ө.
жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар 
үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың 
сюжеттерді алып келді. Қазіргі қазақ прозасының 
көркемдік көкжиегі кеңейіп, шағын жанр әңгіме 
мен повесть жанрының болсын шығармашылық 
обьектілері көбейді. Бүгінгі проза терең ойла-
нуды қажет ететін материалдардан тұрады, бұл 
материалдардың біразы қым-қуыт байланы-
сып жатыр. У. Бенжаминнің пікірінше: «Проза 
жеке адамның тыныс-тіршілігі». «Проза ауыз-
ша әңгіме айтуға ұқсамайды. Ол кітапты қажет 
етеді. Проза жалғыздықтан жабырқаған адамның 
туындысы. Өз мәселелерін аршып айтудан 
қалған, онысын түсіндіріп те бере алмайтын, 
басқалардың ақылына құштар емес, басқаларға 
ақыл айтқысы келмейтін. Жан дүниесін толқын 
атып, кемерін керіп тұрған, сондай көңіл-күйге 
бой ұра беретін күй. Проза дегенің жан иесінің 
терең толғануға құштарлығы». 
Образ тереңнен ойлау кез келген оқырманға 
яки кез келген жазушыға беріле бермейтін 
қасиет. Сонау тәуелсіздік алған жылдардың ба-
сында жапон жазушы Кэнзабуро Оэ Нобель 
сыйлығын иемденді. Ал сол жеңімпаз болған 
шығарма желісі – адамзаттың бүгінгі қасіретінің 
қатерлі көрінісі ақиқат пен аңыз астарласты-
ра, асқақ құдіретпен сомдалған әлем келбетін 
жасағаны үшін берілді. Осы жерді әлем келбеті 
деген не? деген сұрақ туады. Шындығында 
ұлттық деңгейде жазылған шығарма сол ұлттың 
оқырман шеңберінде ғана қалып қояды. Ал ортақ 
мәселе ұлт, нәсіл, дін дегенді бөліп қарамай, түгел 
қауымдық ерекшелікке сай, адами құбылыстарға 
бағыттала отырып жазылса жер шарындағы 
біршама оқырманға жететіні де белгілі. Әлемдік 
деңгейдегі постмодернистік шығармалардың 
үздігі болып танылатын «Замандастар ойыны» 
шығармасында көне аңыз бен бүгінгі қоғамның 
шынайы бет-бейнесі бір байланыста, бір уақыт 
пен бір кеңістікте ғана суреттеледі. Оқырман 
оны оңай қабылдағанымен, роман соңында кімді 
жақтарын білмей дел-сал болады. Кейіпкер 
Күйретуші ойы ішкі сезіммен үндессе, халық 
билігінен де алыстай алмайды. 
Шығарма бинарлық оппозиция тудыруымен 
қaтар, бедел дағдарысына әкеліп соқтырады. 
Осы секілді ерекшеліктерді саралай келе, 
оқырман ретінде постмодерндік сарынның басты 
көріністерінің бірі – аңыз бен ақиқатты, жалған 
мен шынды, болмыс пен қасиетті сабақтастыра 
отырып, тың идея танытуы дер едім. Алай-
да аталған дүниелерді өз шығармаларында 
сабақтастырудан түркі әдебиетінде, өзіміздің 
қазақ әдебиетінде Әбіш Кекілбаев пен Шыңғыс 
Айтматовты атап өтпесек болмайды. Олар да 
өткір, әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, ол 
жерде баяндалған дүниелер арқылы өз елінен, 
өз қоғамынан арнайы кейіпкер тауып отырды. 
Жалпы алғанда, қазақ әдебиетінде постмодерді 
бағыттың сарынын түгел бір романға құйып қою 
еш мүмкін емес. Себебі, сана енді-енді әлемдік 
шеңберді қамти отыра, көп нәрсеге құлақ асу-
ды үйреніп келе жатыр. Ал дәл осы жағдайда 
шағын ғана детальдар мен эпизодтар арқылы 
көз үйретіп, тақырыптық ерекшелікке бой 
үйретуі тиімді. Сол үшін де қазақ әдебиетіне бұл 
бағыттың немесе кей ғалымдар айтпақшы бұл 
ағымның керек екені рас. Осы постмодернистік 
бағытқа сай жазушыларымыз жеке-дара стиль 
қалыптастырып та үлгеруде. Нарраторлық 
шеберліктің де жан-жақты қырлары саралануда. 
Автор мен оқырман арасында тұрақты қарым-
қатынас орнап, талғам мен таным қалыптасты. 
Пастиш, ризома, субьект өлімі мен автор өлімі, 
ойын қағидасы мен абстрактілі оқырма жүйесі 
бір ізге түсіп, жүйелене бастады. Ендігі бір-
екі ғасырдан кейін адами сананың дамуы 
дәрежесінде фантазияға толы жаңа романдардың 
дүниеге келетіні заңдылық. Көне түркі дәуірінен 
беріге дейінгі уақытты қамтығанда жоғарыда 
көрсетілген терминдердің барлығы дерлік 
қазақтың фольклорынан бастап, бүгінгі әдебиетті 
қамти алады. Ежелгі салт-дәстүрдің негізінде 
де әрекеттердің көрінісі постмодернизмнің кей 
элементтерін айқындай алады. Ал сол ежел-
ден көрініс тапқан кей терминдердердің қазір 
жаңаша формада түрленуінің нәтижесінде 
әдебиетке жаңа есімдер, тың тақырыптар келді. 
Олар сол терминдерге сай түрлі тақырыпта ой 
қозғады (Қасқабасов, 2009:116).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет