Проявления постмодернизма
в современной казахской литературе
В данной статье определяются различия детальной и ментальной картины постмодернизма
современной казахской литературы, также рассмотрены их проявления в прозаических
сюжетах. Автор проанализировал основные проблемы лаборатории писателя и обсудил идею
постмодернистского направления.
Объектом исследования стали произведения, опубликованные после обретения незави-
симости. В статье выделяется сочетание постмодернизма и литературы, которое приводит
Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
48
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
к жанровой равномерности культуры гармонии и определяет типологическую однородность
национально-генетических или заимствованных жанров. Результаты исследования определяют
процесс литературного развития и структурной специфики современной казахской литературы.
Ключевые слова: постмодернизм, концепт, интерпретация, иллюзия, адресат.
Кіріспе
Әдебиетті, соның ішінде қазақ әдебиетін
сөз еткен тұста бүгінгі әдебиет көрінісін, оның
даму үдерісін, шығармашылықпен айналыса-
тын қауымның жаңашыл ізденісі мен бүгінгі
әдебиеттің формасына жасақталып келген
шығармалардың көркемдік таным деңгейін,
образдық ерекшеліктерін оқырман ретінде
де, автор ретінде де нақтылап көрсету керек.
Жазба әдебиеттің қалыптасу кезеңінен бері
шығармаларды қарастырар болсақ, классикалық
туындылармен қатар культтық ерекшеліктерге
сай түрлі бағыттар мен ағымдар негізінде
шығармалар дүниеге келді. Қазақ әдебиеті әр
кезеңнің қоғамдық мәселелерін, әлеуметтік
топтың өзіндік болмысын жазушының жеке-
лей зертханасына сүйене отырып, ізденіске
толы көркем шығармаларды өмірге әкелді.
Әдебиетті дәуірге бөліп қарастырған тұста,
тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ әдебиеті
жаңашылдыққа толы. Cол жаңашылдықтың де-
тальдары бүгінгі кезеңдегі жазушыларымыздың
шығармаларында молынан кездеседі. Қоғамдық
ұлттық болмысты әдебиеттен ажыратқан тұста
кей тенденцияларға зерттеуші ғалымдар оң
пікір танытса, кейбірі қолдамайтындарын
ашық жеткізді. Қазіргі әдебиеттегі осындай
тенденциялардың ең күрделі мәселелі, сан алуан
пікір мен түрлі толғамдарға толысы постмодер-
низм сарынындағы шығармалар екені белгілі.
Н.А. Нагорная өз еңбегінде былай дейді: «Мате-
риалом для постмодернизма становятся уже не
«жизнь», как для классического реализма ХІХ в.,
и не модернисткий миф об этой жизни, а языки
културы Вместо модернисткой «глубины» воз-
никает постмодернистская «поверхность» (На-
горная, 2003: 14-16). Шындығында классикалық
шығармалардың желісіндегі жеке субьектінің
өмір сүруі немесе жеке мүдделері емес, ол
адамның ішкі түйсігі, түс көру ережелері,
ойын алаңындағы шартты орындау барысы,
ойын барысындағы мінез-құлық ерекшеліктері
анықталады. Қазақ әдебиетінің еншісінде
пост мо дернизм жазушы зертханасының аума-
ғын да қарастырылады. Әдебиетке арнайы
заң дылықпен енген термині немесе нақты
түсіндірмесі әзірге жоқ. Десе де болжамдар мен
толғамдардың нәтижесінде, біздің әдебиетке де
жаңашылдықтың керек екенін аңғаруға болады.
Постмодернизм терминін айтқан кезде
екі жақты дау туып, бірі әдебиеттен алыс са-
нап, менталитеттік ерекшеліктің талаптарына
сыйғызбай жатса, екінші топ керісінше, оның зерт-
телу өрісінің шетел әдебиеттерінде әлдеқашан
қолданыс тапқанын ескере отырып, біздің
әдебиетке де оның керек екенін, жаңашылдығын,
көркемдік таным деңгейін саралап беріп отыр.
Қазіргі таңда таза постмодернистік бағытты
ұстана отырып, толыққанды түрде жазылған
шығарма қазақ әдебиетінде жоқтың қасы. Десе
де кейбір шығарманың бөліктерінде оның өзіндік
штрихтарының көрініс беріп жүргенін байқап
жүрміз. Шетел әдебиетіндегі бірқатар ғалымдар
постмодернизмді модернизмнің жалғасы дейді.
Әдебиетте әр терминнің ғылымға енген өзіндік
хронологиясы бар. Ал постмодернизмнің
үзік-үзік белгілерін Гомердің жырларынан да
аңғаруға болады. Демек ол белгілі шектеулерден,
уақыттың еншісіндегі кезеңнен тұрмайды. Жазу-
шы санасының еркіндігі қай жерге дейін жетіп,
шарықтау шегін тапса, сонымен қатар, жанның
ұғымындағы түйсіктің тоғысуымен өрбісе,
белгілі бір сюжетке емес ойдың нәтижелерін
ғана құраса ол шығарма осы бағыттың жемісіә
болып санала береді (Затонский, 2000: 256).
Постмодернизмді сөз еткенде әдебиеттің
эстетикасы мен әдебиет қай ұлттың тілінде жа-
зылса, сол ұлттың ішкі болмысы мен таным
түйсігін қарастырып алған жөн. Постмодернизм
де, эстетика да күрделі, көпмағыналы, концеп-
циялық ұғымдар екені рас. Таным деңгейінде
елес қуу, моральды нормалардың шегінен
шығу, қоғамдық мәселені түрлі ішкі монологтар
арқылы беру, психологиялық ерекшеліктерді,
ежелгі мифтік сарындарды бүгінгі тылсыммен
байланыстыра отырып суреттеу, нақты емес
дүниелердің шешімін оқырманға қалдыру, ой-
ыншыл қағиданы ұстану, бейтарап оқырман
мен бейтарап автор арасындағы байланыс сын-
ды көріністер постмодернизмнің төңірегінде
қарастырылады (Гречко, 2000: 47-49).
Қазірде әдебиеттегі постмодернизм терминін
естігенде, ең алдымен, иллюзия, интертекст, гал-
лютинация, сенсибилизация, автор өлімі, хаос,
белгісіздік (неопределенность), үзіп алынған
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (174). 2019
49
Жутаева А.К., Әбдиманұлы Ө.
сәт (фрагментарность), деканонизация, ризо-
ма, пастиш пен пародия және т.б. сынды қым-
қиғаш ұғымдар елес береді (Ильин, 2001: 63-64).
Көпшілікті қинайтын да осыдан туатын сұрақ:
«Постмодернизм дегеніміз өзі не, ол қайдан,
қалай, не үшін туындап отыр, кімге қажет болып
отыр?».
Шетелдік ғалымдардың бұл ұғым жайлы
сан алуан қайшылықты көзқарастарын бы-
лай қойғанда, өзіміздің ғалымдарымыздың,
жазушыларымыздың көзқарасы үшке жарылады.
Бірі постмоднернизмді жақтап, қолдап отырса,
екіншісі түбегейлі қарсы шығып, мойындамай
отыр, ал үшінші топ ғылыми салқынқандылықпен
оның бар болмысын тануға, танытуға талпынып
отырған бейтарап топ. Біз үшін ең қажетті жол
үшіншісі екені айқын. Бірақ бұл жерде де біршама
сұрақтардың жауапсыз екенін ескеруіміз қажет.
Мысалы, академик С. Қасқабасов постмодер-
низм туралы: «Шынтуайтына келгенде модер-
низм дегеннің өзі – жаңа деген сөз. Постмодер-
низм – өндірісі қатты дамыған постиндустриялы
елдерде кең таралған. Өйткені, олар бұрынғы
классикалық әдебиеттен қол үзіп кеткен. Біз
болсақ, классикалық реализмнен, классикалық
әдебиеттен қол үзгеміз жоқ. Одан қол үзе ал-
майтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық
қоғам құрылған жоқ. Ол үшін өндіріс өте
мықты дамып, капитализмнің ең биік шыңына
жетіп, бүкіл өмірдің бәрі индустриялануы ке-
рек, қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек.
Сосын бүкіл қалалық өмір мен далалық өмір
араласып, құжынап жатуы тиіс. Бірақ біз оған
жеткен жоқпыз. Сондықтан постиндустриялық
қоғам болмай тұрып, постиндустриялық
қоғамның өмірін суреттей алмаймыз». Постмо-
дернизм көрінісінің біздің әдебиетте жиі кездесе
қоймауына да осындай пікірлер дәлел.
Жоғарыда айтылып өткен пікірлерге
қарамастан, постмодернизмнің сыртқы форма-
сына сай өзінің әңгіме-повестьерін жариялап
жүрген жазушыларымыз баршылық. Олардың
қатарына Төлен Әбдіков, Асқар Алтай, Дидар
Амантай, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева т.б.
жатқызуға болады. Постмодернистік бағыттың
белгі-көріністерін аталған жазушылардың
шығармаларындағы детальдық көріністерден
аңғара аламыз. Айгүл Кемелбаева екі оқиғаны
бір желіге сыйғыза отырып баяндаса, Дидар
Амантай ескілік пен жаңашылдықтың ортасына
өзара байланыс (связка) жасайды. Асқар Алтай
мифтік бейнелердің көрінісін бүгінгі қоғамның
әрекетімен көрсетеді. Сонымен қатар Төлен
Әбдіковтің адам бойындағы психологиялық
факторларды физикалық құндылықтармен
қатар беруі де постмодернизмнің кішігірім
көріністерін аңғартады. (Әбдіков, 1991: 256).
Кейінгі жас жазушылардың шығармаларында да
осы секілді белгілер кеңінен кездеседі. Бұлардың
барлығын түгелдей дерлік постмодернистік
шығармалар немесе постмодернизмнің негізгі
белгілері деп айта алмаймыз. Алайда көрініс
беретін, кей концептілері сәйкес, фрагменттері
тұтас осы бағыттың деңгейінде қарастыратын,
сөздік немесе сөйлем ерекшеліктеріндегі
құрылымдық яки құрылыстық қайта жасақталу
номалары (деконструкция) да зерттеуді қажет
ететін дүниелер деп айта аламыз. (Ильин,
2001:61).
Әлем
әдебиетіндегі
постмодернизмдік
шең берге Кобо АБЭ, Кэндзабуро ОЭ, Ум-
берто Эко, Габриель Гарсиа Маркес, Хару-
ки Мураками сынды жазушыларды айта ала-
мыз. Олардың шығармаларынан орын алатын
мәселе адамдардың қарым-қатынасындағы
қайшылықтар, мүдделердің қақтығысы тура-
лы ғана емес, кең тұрғыдан алғанда, келешек
ұрпақ жайлы. Адам санасының ең биік ойлау
шкаласын өлшеп білмей-ақ, әр адамның тең
құқықты екендігін жеткізгісі келеді. Ал біздің
қазақ әдебиетіндегі бұл бағыттың алар орнында
өзіндік өзгеше мазмұн бар. Кейіпкерлердің ішкі
әлемі, адам мен тылсым арасындағы байланыс,
дәстүр мен жаңашылдық дейтін дүниелерге
назар аударуымыз керек. Соңғы жылдары
әдебиетте ой еркіндігімен, талғам биіктігімен
танылып үлгерген бір топ жас буын өкілдері
бар. Орта буын өкілдерінен шыққан Асқар Ал-
тай, Жүсіпбек Қорғасбек, Талаптан Ахметжан,
Нұрғали Ораз, Жаңабек Шағатай, Роза Мұқанова
т.б. сынды суреткерлердің тәуелсіздік жылда-
ры жазған әңгімелері мен повестері нарықтық
тарихымызға да, қоғам өміріне де ықпалы
болғандықтан, бүгінгі қазақ прозасының
мағыналы мазмұнына айналды.
Әр жазушының өзіндік ерекшелігі, әдебиет-
тегі орны бар. Қазақ әдебиетінің тарихында
еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі
кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік
ізденістерімен ерекшеленеді. Тәуелсіздік әкел-
ген өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі
үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана
тудырған айшықты оралымдарды осы кезеңдегі
ақындар шығармашылығынан айқын аңғарамыз.
Тың тыныс, соны серпінді байқаймыз. Әрине,
ұзақ жылдарға созылған азаттық таңын аңсау
мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестердің
һәм олар туындатқан тарихи оқиғалардың төл
Хабаршы. Филология сериясы. №2 (174). 2019
50
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
поэзиямызға тигізген әсері ерекше екендігі
сөзсіз. Ұсынылып отырған зерттеу еңбекте
тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының
даму үрдістері, қазіргі поэзияның көркемдік
тұтастығы мен бейнелеу құралдары, түрлік-
пішіндік, идеялық-мазмұндық ізденістері жан-
жақты талдау нысанына айналған. Постмодерн-
дік бағытты ұстана отырып, постмодернистік
сананың жетегінде жүрген елдердің көпшілігінде
ұлттық дүние, моральдық ерекшеліктер мен ұят
мәселесі екінші орынға ауысқан. Сол үшін де
олар дың кеңістік төңірегіндегі еркіндігі тым
күрделі мәселелерді қамтиды. Батыс жазушы
-
ларының бұл бағытта ой өрбіте алуы қалып-
ты құбылыс. Себебі, олар әлдеқашан демокра-
тиялық қоғам құру үшін қан төгіп, күресіп,
алты-жеті ғасыр бойы саналарын құлдықтан
босатты. Сөйтті де, еркіндіктің қоғамдық көрі-
нісі демократияға қол жеткізді. Осыған орай
біртіндеп санада ірі-ірі жарылыстар жасал-
ды. Ал біздің қоғам, соның ішінде Қазақстан
тоталитарлық қоғамнан күні кеше ғана босап,
бірден демократияға өтті. Ал сана әлі де сол
коммунистік идеология сипатынан арыла ал-
май жүр. Сол үшін де постмодерндік бағытты
толық қамтитын шығарма әлі де жоқ. Сонымен
қатар әр ұлтқа сай таным мен түйсік деңгейі
де біздің елдің менталитетімен ерекшеленеді.
Шындығында қазақ әдебиетіне бұл бағыттың
берері бар ма?
Постмодернизмнің әдебиетпен бірге қaтaр-
ласа отырып үндесу мәдениеті жанрлық дүние-
лердің бірқaлыпты болуына әкеліп, ұлттық-
гене
тикалық және «кірме» жанрлардың
типо ло гиялық біртектілігін aнықтaйды. Өзімізге
бұрын нан белгілі балладалар, поэмалар, толғау-
лар, сонеттер, эллегиялар, одалар сияқты жанр-
лармен қатар, бұдан сирегірек кездесетін жанр-
лар мен жанр түрлері (сонымен қатар, эпитафия,
мадригал, эпиграмма, идиллия, дифрамб, рон-
до, секстина, сега, рубаят, хокку, спич, пам-
флет, гимн, реквием, күнделік, дәптер және т.б.)
сияқты жанрлардың тілдік көркемдіктерінің
өзгеріске ұшырау барысы оның пішіндік қалпын
да түрлендіруге саяды.
Қазіргі қазақ прозасында саралау ол өз
бейнелілігінің түп-тамырына барып қана
қоймай, кері байланыста болуы мүмкін екенін
мойындауға мүмкіндік береді: көркем түсініктер
мен ұғымдар жаңаша бояулармен жаңғыртылып,
кең көлемді метафоралар мен көріктеуіш құрал-
дар қалыптастырып, қазір прозаның бейнелік
қорын ғана емес, оның әлеуетті жанрлық
– стильдік арсеналын да кеңейте отырып,
образдылықтың бастапқы архетиптері өзектеліне
түседі. (Әбдіков, 1991: 78)
Қазіргі қазақ прозасы өкілдерінің бір бағыт
ұстанып, бір мектепке бірікпеуінің тарихи астар-
лы себептері де бар. ХХ ғасырдың соңы – қандай
да бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ
идеалдардан бас тарту заманы болды. Бірнеше
адамның бір идеяны ұстануы сирек кездесетін
құбылысқа айналды. Әр жазушы аласапы-
ран дүниеден шындықты өзі ғана іздейді, әрі
соны жалғыз ақиқат деп дәлелдеуге тырысады.
Жазушылардың әрқайсысы өз субъективті пікірін
ұстанады, өз дүниетанымын өзгелерге тануға
ұмтылады. Бүгінде әлемдік сананың өзгеруі жаңа
дүниетанымға негіз болды, жаңа кейіпкер типін
жасауға, сол кейіпкер бойына өз субъективті
қабылдаулары мен түсініктерін дарытуға әкеп
соқты. Сонымен қатар бұл дәуірдің кезеңінде
қазақ әдебиетіне еркіндіктен гөрі ұлттық иде-
яларды қамту негізге алынды. Осы тұрғыдан
алғанда модернистік шығармалар кеңінен
орын алды. Өзіндік моральдың шеңберінен
шыға қоймады. Оқырман талғамы бірқалыпты
үрдіспен шектелді. Автор жақсы дегенді жақсы,
жаман дегенді жаман деп қабылдау керек деген
түсінік қалыптасты. Бүгінгі әдебиеттің сары-
ны мүлдем басқаша. Оқырман автор ойымен
келіспесе де, қабылдамаса да өз еркі. Қазіргі
тәуелсіз қазақ әдебиетінде постмодернистік са-
рын үлгісі басқа арналармен бірлескен. Пост-
модернизм көріністері қазақ әдебиетінде қалай
көрініс табады?
Достарыңызбен бөлісу: |