Жүзімнің шараптық сорттары



бет4/7
Дата07.06.2022
өлшемі218 Kb.
#459023
1   2   3   4   5   6   7
Бекзат

ІІ Негізгі бөлім.
2.1 Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары

Венгер мускаты. Мускат хош иісі бар асханалық және шараптық сорт. Оңтүстік Қазақстанда мейлінше кен тараған. Жергілікті жерде асханалық жүзім ретінде және дессертті шарап жасауға пайдаланылады. Жапырағы шамалы қақ айырылып тұрады, табақша тәріздес, тор көзді — әжімді. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі конус тәрізді, тығыздығы орташа. Шоқ жемісінің орташа салмағы 140—150 грамм. Жемісі дөңгелек, көгілдір сары. Етінен мускат хош иісі аңқып, сықырлап тұрады. Қантты тез жинайды. Вегетация кезінен піскенге дейінгі мерзімі — 139 күн. Активті температура жиынтығы 3100 градусқа жуық. Шымкентте августың аяғында, оңтүстік аудандарда августың орта шенінде, Қызылорда облысының оңтүстік аймағында Жамбыл мен Түлкібас ауданында сентябрьдің бас кезінден піседі. Қанттылығы — 22—25%, қышқылдылығы.1 литріне -4—5 гр. Гектарынан 160—190 центнерге дейін жеміс береді. Сабақтың жемісті мейлінше көп беретін бөлігінде таулы аудандарда 11-ден 17-ге дейін көз болады. Венгер мускатының түбінің өсу күші орташа. Сабақтарының пісуі—70-80%. Венгер мускаты универсальды сорт ретінде (асханалық, шараптық) Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзімді аймақтардың бәріне аудандастырылған.


Тербаш.
Бұл – Түркімен ССР-інің негізгі өндірістік сорты. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі конусты, цилиндрлі, қопсығыш. Жемісінің ірілігі орташа, түсі ақшыл көк және ашық сары. Универсалды сорт. Бұл сорттың жүзімі жеуге де, мейіз жасауға да және шарап әзірлеуге де жарамды.
Бүршік атқаннан жемісі піскенге дейінгі мсрзімі Бостандықта (суарылмайтын учаскелерде)—132—138 күн, Шымкентте 148 күн. Активті температураның жиынтығы 3300 градустай. Жүзім сабақтары апрельдің бірінші жартысында бүршік атып, майдың аяғында гүлдейді. Оңтүстік аудандарда августың екінші жартысында, Шымкентте сентябрьдің басында піседі. Тербаштын, түбі орташа өседі.Сабағының пісуі 85%. Өнімділігі жоғары. Бостандықтың суарылмайтын шығыс беткейлерінде гектарынан—157 центнерден.Келес ауданында —204 центнерден. Шымкенттің суармалы жерлерінде гектарына 165 центнерден өнім беріп келеді.
Бұл сорттың өнімін жинау кезіндегі қанттылығы 19—20 процент, қышқылдылығы литріне—5—7 грамм . Қысқа және құрғақшылыққа төзімділігі өте жоғары.
Тербаш сорты соңғы жылдары Шымкент облысыньін шаруашылықтарына кедінен енгізілуде. Қазіргі уақытта бұл сорт Қазақстанның оңтүстігінде 1200 гектар жер алып жатыр.
Тербаштың орталық бүршігі зақымданған күннің өзінде оның, қосалқы бүршіктері өнім бере алады. Ол Шымкент облысының көптеген жүзімдік аймақтарына аудандастырылған. Тербаштың кеңінен таралуына Түрікмеи ССР-і мен Қазақстанның, оңтүстігіндегі бірқатар совхоздарда таза сортты қалемше материалдарының жеткілікті болуы зор ықпал етіп отыр.
Александр Мускаты. Жоғары сапалы асханалык сорт. Ол еліміздің көптеген аудандарының стандартты сортиментіне енген. Жүзімнің түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—60—70%. Бір жылдық сабақтарына ашык қоңыр, буындарының арасы жиі болады. Жапырағы бес қалаК-шалы, қою жасыл, жылтылдап түрады. Жапырақтый жисктсрі ірі, ара тектес. Гүлі қос жынысты. Шок жемісі қаппы жоие бұтақшалы болып келеді. Шоқ жемісінін оргаша салмағы 240 грамм. Жемісі ірі, сопақ түсі жасыл, еті толық, балғынды, мускаттың хош иісі аңқып тұрады. Всгетация басталған кезден піскенге дейінгі мерзімі 150 күн. Бүршік атуы апрельдің ортасында басталады, майдың аяғында гүлдейді. Шымкент облысыный таулы аудандарында сентябрьдің басында, оңтүстік аудандарында августын орта шенінде, Жамбыл мен Қызылорда облысының оңтүстік аймақтарында сентябрьдің ортасында піседі. Бұл сорттың қанттылығы 24%, қышқылдылығы литріне —6—7 грамм. Сабағыный пісуі 70—80%.
Александр мускаты көп жылғы сабақтың бұтағынан да жақсы өсіп шығып, мол өнім бере алады. Қалыптасып алған соң, өнімді көп береді. Гектарына 150—220 центнерден өнім береді.
Александр мускаты тасымалдауды жақсы көтереді. Кептірсе сапалы мейіз береді, шараптық мақсатка өңдесе, алкаголі жоқ және десертті шарап жасауға болады. Бұл сорт Шымкент облысының оңтүстік, орталық және Түркістан және Қызылорда облысының оңтүстік аймақтарына аудандастырылған.
Нимранг. Орта Азияның тасымалдауға төзімді асханалық сорты. Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзім өсіретін барлық аудандарда өнеркәсіптік және үй маңындағы учаскелерде кеңінен отырғызылған. Жүзімнін. түбі күшті өседі, үлкен қалыптасуды ұнатады. Жапырағы бүтін немесе сәл таралған, қалақшалары жоғары бүктеліп келеді. Ашық жасыл салбырамайды. Гүлі функционалды ұрғашы. Жемісті жақсы салуы үшін тозандатуды қажет етеді. Нимранг үшін ең таңдаулы тозаңдатқыш: Қара мейіз, алқызыл Тайфи, Сеперави сорттары болыл табылады.
Шоқ жемісі ірі, бұтақшалы, тығыздығы орташа. Шоқ жемісінің орташа салмағы 430 грамм, ал жекелеген шоқ жемістерінің салмағы 1,5 килограмға дейін жетеді. Жемісі ірі, шар тәріздес, жасыл сары, күн жағынан қарағанда қызғылт түске боялып тұрады. Еті балғын, сықырлап тұрады. Вегетация кезеңі басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі — 155 күн.
Активті температурасының жиынтығы 3700 градусқа жуық. Шымкентте және Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында сентябрьдің орта кезінде, Түлкібас ауданы мен Жамбылда сентябрьдің аяғында, Шымкент облысының оңтүстік аудандарында сентябрьдің кезінде піседі. Әбден жетілген жемісінің (жидегінің) қанттылығы 18—22%, қышқылдылығы литріне 5—6 грамм. Өнімділігі жоғары. Дегенмен ол тозаңдату мен қалыптастыру дәрежесіне байланысты. Өсімдікті жақсы қалыптастырып, ойдағыдай тозандатқанда гектарынан 150—250 центнерден өнім алуға болады. Нимрангтың оңтүстік ыссы аудандарда жемісті мейлінше көп беретін бөлшегі — сабақтың 2—11-ші көздерінін аралығы. Нимрангтың түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—75—80%. Бұл сорт дәмінің жоғары сапалылығымен, әрі тасымалдауға қолайлылығымен бағалы. Кептіргенде тамаша мейіз болады. Маринад жасап, компот қайнатуға да жақсы. Нимранг Шымкент облысының барлық жүзімді аймақтарында, Жамбыл облысының жері тегіс, Қызылорда облысының онтүстік аймақтарында аудандастырылған.
Өзбекстан мускаты. Жоғары сапалы, тасымалдауға қолайлы, мускаттың хош иісі бар асханалық сорт. Бұл сорт ВИР-дің Орта азиялық станциясында Катта-Курган мен Александр мускатын будандастыру арқылы шығарылған. Сорттың авторлары — А. М . Негруль, М. С. Журавель мен М. А. Тупиков. Гүліқос жынысты. Түбі күшті өседі. Өнімділігі жоғары. Шымкенттің облыстық тәжірибе станциясында бұл сорт гектарына центнерден. Сарыағаш жеміс-жүзім совхозында гоктарына 150—200 центнерден өнім беруде.
Шоқ жемісі ірі, цилиндр тәріздес, тығыздығы орташа. Жемісі ірі, жұмыртқа тәріздес, ақ, етті, мускаттың хош иісі аңқып тұрады. Сентябрьдің орта шенінде піседі. Шымкент жағдайындағы қанттылығы—20%, қышқылдылығы литріне—6 грамм. Өзбекстан мускаты Шымкент облысының оңтүстік, орталық және Түркстан аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде және Жамбыл облысының құмды аймақтарының алдындағы аудандарына кеңінен өндірістік сыннан өткізуге тұрарлық сорт.
Октябрьскнй. Асхакалық, жоғары сапалы, тасымалдауға өте қолайлы сорт. Орта азиялық ВИР станциясында селекционерлер А. М. Негруль, М. С. Журавель шығарған. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі қалың, цилиндрлі, тығыздығы орташа, конус секілді. Жемісі қызғылт, ірі, жұмыртқа тәріздес. Вегетация кезінен піскенге дейінгі мерзімі Шымкентте—155 күн. Активті температураның жиынтығы 3700 градус. Шымкенттің төңірегіндс апрельдің екінші он күндігінде бүршік атады Майдың аяғында гүлдейді. Сентябрьдің орта кезінде піседі. Октябрьский сортының түбі орташа өседі. Сабағының пісуі—75—80%. Өнімділігі жоғары. Шымкент тәжірибе станциясында гектарынан 170 центнерден өнім алынады. Шымкент облысы, Киров ауданы Киров атындағы жүзім совхозында да бұл сорт жоғары өнім береді. Сақтауға төзімділігі жөнінен бұл Нимранг сортынан кем түспейді Сорттың қанттылығы 17%- Қышқылдылығы литріне 4 грамм. Октябрьский сорты Шымкент облысының тепе және таулы аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде кеңінен өндірістік сыннан өткізуге тұрарлық.
Қызғылт тайфк. Кеш пісетін Орта азиялық асханалық сорт, Қазақстанның оңтүстігіндегі-барлық жүзім өсіретін аудандарда кең таралған.
Жапырағы бес қалақшалы, терең тарамдалған, қою-көк, торкөзді, жапырағының төменгі жағында сирек өрмек салбырап тұр. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ірі, конусты. Шоқ жемісінің салмағы 400—500 грамм, жекелеген шоқ жемісінің салмағы 2 килограмға дейін жетеді. Жемісі ірі, цилиндрлі, ұшы тегіс. Жемістің күн жағынан қарағандағы түсі қызғұлт, көлеңке жағыная қарағанда жасыл сары.Еті тығыз, сықырлап тұрады. Қызғылт Тайфидың түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—75—80%. Вегетациялық кезеңі 155—162 күн. Активті температураның жиынтығы —3724 градустай. Шымкент облысының оңтүстік аудандарында сентябрьдің бірінші он күндігінде, Шымкентте сентябрьдің ортасында, Қызылорда обдысынын, оңтүстік аудандяры мен Жамбылда сентябрьдің екінші жартысында піседі. Әбден пісіп жетілгенде жемістің қанттылығы 19—22%, қышқылдылығы литріне—5—6 грамм. Өкімділігі Шымкент облысында гектарына (таулы аймақтарда) 160 центнерден, оңтүстік аймақта 300 центнерден өнім алынады. Сорт күшті қалыптасуды және ұзын етіп шырпуды талап етеді. Түбі толық өсіп жетілмеген кезде өгей бұтақшадан да жеміс бере алады. Қызғылт Тайфи сабағының оңтүстік аудандарда жемісті мейлінше көп беретін бөлшегі 2—11-ші көздерінің арасы. Суыққа да, құрғақшылыққа да айтарлықтай төзімді. Бұл сорттың дәмінің сапасы жоғары, шоқ жемісі әдемі, сақтауға және тасымалдауға тәзімді.
Қызғылт Тайфи Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзім өсіретін барлық аудандарда аудандастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет