Жүзімнің шараптық сорттары


Италиялық шараптың сорттары



бет5/7
Дата07.06.2022
өлшемі218 Kb.
#459023
1   2   3   4   5   6   7
Бекзат

2.2 Италиялық шараптың сорттары

Алеатико. Италиялық шараптық сорт. Шымкент пен Жамбыл облыстарының оңтүстік аудандарының совхоздарында кеңінен отырғызылған. Десертті шарап жасауға пайдаланылады. Алеатикодан жоғары сапалы, дәмі жұғымды дессертті шарап әзірленеді.


Жапырағы орташа және көп тарамдалған. Гүлі қос жынысты. Шок жемісі — цилиндрлі — конусты. Тығыздығы орташа. Шоқ жемісінің орташа салмағы 135—140 грамм. Жемісі дөкгелек, қара, балғынды, мускаттың хош иісі бар. Шымкент пен Қызылорда облыстарының, оңтустік аудандарында Алеатико сентябрьдің ортасында піседі. Қышқылдылығы литріне 7—10 грамм болғанда 23—28% қант жинайды. Өнімділігі өсірілетін ауданның жағдайына қарай гектарына 160—240 центнерден келеді. Алеатиконың түбінің өсу қарқыны орташа. Сабағының пісуі—80%.
Алеатико Шымкент облысынын, оңтүстік және Түркстан жүзімді аймақтарына аудандастырылған.

2.3 Жүзімнің француз шараптық сорты


Алиготе. СССР-дің жүзімді аудандарына кен таралған шараптық француз сорты. Алиготеден жоғары сапалы асханалық шарап пен шампанға қажетті шарап материалдарын әзірленеді.
Оңтүстік. Қазақстанға Алиготе Қырымнан әкелінді. Шымкені облысынын Мичурин атындағы (Түлкібас ауданы) совхоздарында бұл сорттар асханалық шарап пен шампанға қажетті шарап материалдары әзірленеді. Жапырағы сәл ғана тарамдалған, қою жасыл, тор көзді жыйырылған. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ұсақ, цилиндр-конусты, тығыз. Шоқ жемісінің салмағы 150—160 грамм. Жемісі дөңгелек, ақ. Вегетациянық басталу кезінен піскенге дейінгі ұзақтығы 130 күн. Шымкент облысының таулы (Түлкібас) аудандарында августың ортасында піседі. Піскен кездегі жемісінің қанттылығы -19,9 % кышқылдылығы литріне—4,5 грамм. Алиготенің түбі орташа өседі. Сабағының пісуі —80%. Суыққа жақсы төзеді. Егер қар қалың түсетін болса, Алиготе түбін топырақпеи жаппаса, да ойдағыдай қыстап шыға алады. Алиготе Шымкент, Жамбыл облыстарының асханалық шарап пен шампанға қажетті шарап материалдарын өндіруге маманданған тауға жақын және таулы аймақтарында аудандастырылған және бұл сортты кеңінен тарату қажет.
Баян ширей — шараптық Азербайжан сорты. Оңтүстік Қазақстанның барлық совхоздары мен колхоздарының жүзімдіктерінде көп отырғызылған, жүзімшілерге өзінің мол өнімділігімен танымал. Жапырағы бес қалакшалы, ақ жасыл. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі цилиндр-конусты, тығыздығы орташа. Жемісі жұмыр, ақ. Еті балғын Шымкект облысының онтүстік және орталық аудандарында, «Қапланбек» (Сарыағаш ауданы) совхозы мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында таза сортты түптері гектарына 300—400 центнерден өнім береді.
Вегетацияның басталу кезінен піскенге дейінгі мерзімі 160 күн. Активті температураның жиынтығы 3700 градусқа жуық. Шымкенттің төңірегінде апрельдің басында бүршік атады, кюннің басында гүлдейді. Оңтүстік аудандар мен Шымкентте сентябрьдің ортасында, суарылмайтын шығыс беткейде (Бостандықта) августың аяғында піседі. Қайттылығы Түлкібас пен Бостандықтағы жүзімде- 16,0%, қышқылдылығы литріне—6—7 грамм. Шымкент нен Қызылорда облысының оңтүстігінде қанттылығы -16-18%, қышқылдылығы литріне—7 грамм. Түбінің өсуі орташа. Сабағының пісуі—70—80%.Баян ширей ақ шарап пен шампанға қажетті шарап материалдарын әзірлеуге пайдаланылады. Сол секілді Баян ширей коньяк үшін қажетті шарап материалдарын, жүзім шырынын және асханалық жүзім ретінде де пайдаланылады. Ол жақын жерге ғана тасымалдауға жарамды.
Баян ширей Шымкент облысының барлық жүзімді аймақтарында, Жамбыл облысының жері тегіс жүзім өсіретін шаруашылықтарында аудандастырылған.
Күльджинский. Қазақстанның бірқатар жүзімді аудандарына таралған. Кульджинский асханалық шарап, шампан мен коньяк үшін қажетті шарап материалдарын әзірлеуге және жүзім күйінде жеуге пайдаланылады. Оңтүстіктегі аудандарда сентябрьдің басында, Шымкентте сентябрьдің бірінші жартысында, ал Жамбыл мен Қызылорда облысының оңтүстігінде сентябрьдің ортасында піседі. Қанттылығы Шымкент пен Қызылорда облысының оңтүстігінде—21—23%- Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы—154 күн. Түбі қатты өседі. Сабағының пісуі — 75%. Өнімділігі гектарына 160—200 центнерден. Шоқ жемісінің салмағы —350—400 грамм. Жапырағы бес қалақшалы, тор көзді — мыжырайған. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі конус тәріздес, өте тығыз келеді. Жемісі жұмыр немесе жұмыртқа тәріздес, сары-жасыл. Еті балғын. Кульджинский Шымкент облысының орталық жүзімді аймағына аудандастырылған. Сол секілді Қызылорда облысының оңтүстік жүзімді аудандары мен Жамбыл облысының құмды аудандарына жақын жерлерінде өндірістік сыннан кеңінен өткізу қажет.
Қара майский. Молдаванның шараптық сорты. Шымкент облысының шаруашылықтарына Ташкент облысының Майское селосынан тараған. Оңтүстік және орталық аудандарда мол өнім береді. Одан сапалы дессертті шарап жасауға болады. Жапырағы орташа тарамдалған, қою жасыл, төмен салбырап тұрады. Гүлі қос жапырақты. Шоқ жемісінің тығыздығы орташа, конусты немесе цялиндрлі. Шоқ жемісінің орташа салмағы — 160 грамм. Жемісі қара көк, дөңгелек, балғын. Сорттың сабақтары жемісті мол салады.
Вегетациялық кезең басталғаннан жүзімнің піскенге дейінгі мерзімі 155 күн. Активті температураның жиынтығы 3600 градусқа жуық. Шымкентте апрельдің алғашқы он күндігінде бүршік атады. Майдың аяғында гүлдеп, сентябрьдің басында піседі. Түбінін. өсуі орташа. Сабағының пісуі -85%. Сорт қантты интенсивті түрде жинайды. Шымкент облысының онтүстігіндегі аудандарда пісіп жетілген жемістің қанттылығы 28—30 процентке дейін, Шымкентте —24—25%, қышкылдылығы литріне — 5—7 грамм. Өнімділігі өте жоғары, гектарына 200—250 центнерге дейін өнім береді.
Бұл сорт суыққа айтарлықтай төзімді. Одан шоколад өңдес, хош иісті, дәмі ұнамды жоғары сапалы шарап жасалады. Бұл сорт Шымкент облысының оңтүстік, орталық және Түркстан аймақтарына, Қызылорда облысының оңтүстік аймақтарына аудандастырылған. Сондай-ақ дессертті, күшті шарап әзірлеуге қажетті жүзім өсіретін аудандарға кеңінен таратуға жарамды сорт екенін ұмытпаған жөн.
Қызғылт мускат. Сапасы тамаша французды шараптық сорты. Дессертті шарап әзірлеуге пайдаланылады. Сарыағаш ауданының «Қапланбек» совхозы өзіндік хош иісі бар, осындай қырымдық сорттан кем түспейтін жүзімнен жоғары сапалы «Қызғылт мускат» шарабын жасауда.
Қызғылт мускат Оңтүстік Қазақстанға Қырым мен Өзбекстаннан әкелінген. Түбі орташа өседі. Суыққа төзімсіз. Жапырағы орташа тарамдалған, сәл майысқақ, ақ жасыл, тор көзді мыжырайған. Жапырақ төменгі өзегіне қарай салбыраған. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі цилиндрлі және цилиндрлі конусты. Сирек қанттылау, өте тығыз келеді. Шоқ жемісінің салмағы—110—130 грамм. Жемісі жұмыр, қою қызыл. Еті балғын. Мускаттың хош иісі аңқып тұрады. Вегетация басталғаннан піскенге дейінгі ұзақтығы 141 күн. Активі температураның жиынтығы 2 900 градусқа жуық. Түлкібаста сентябрьдің екінші жартысында, Шымкент облысының оңтүстік аудандарында августың аяғында, ал Қызылорда облысының оңтүстік аймағында сентябрьдің басында піседі. Түлкібас ауданында пісу қарсаңындағы қанттылығы 22 процентке дейін барады, қьшқылдылығы литріне — 6,7 грамм. Бостандықтың суарылмайтын шығыс беткейінде қанттылығы—27%, қышқылдылығы литріне—6,3 грамм. Қызылорда облысының оңтүстік аудандардағы қанттылығы 23%, қышқылдылығы литріне —83 грамм. Өнімділігі жоғары. Гектарына 180 центнерге дейін өнім береді. Қызғылт мускат Шымкент облысынық барлық жүзімді аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік аймақтарына аудандастырылған. Мейлінше болашағы бар сорт. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі жүзім өсіретін барлық совхоздар мен колхоздарға кеңінен таратуға болады.
Матраса. Азербайжанның шараптық сорты. Бұл сорттың жүзімі жоғары сапалы асханалық және дессертті шарап жасауға пайдаланылады. Вегетация басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі —144 күн. Активті температураның жиынтығы 2 700 градусқа жуық. Күн сәулесі мол түсіп, жақсы қыздырылатын учаскелерде сентябрьдің бірінші жартысында піседі. Құрғақшылыққа төзімді. Әр гектардан 120—165 центнерден өнім береді. Шоқ жемісінін, салмағы—90—110 грамм. Шымкент облысынның ауа райы ыстық аудандарында қанттылығы—29%, Жамбыл мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында қанттылығы—21%, қышқылдылығы литріне—6—9 грамм. Жапырағы қатты тарамдалған, бес-жеті қалақшалы, төмен салбырамайды. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі конусты, тығыздығы орташа. Жемісі жұмыр, қою қызғылт. Еті балғын. Матраса сорты Шымкент облысынын оңтүстік аймақтарына аудандастырылған. Оны Қызылорда облысының оңтүстік аудандары мен Жамбыл облысының тегіс жерлі аймақтарына кенінен тарату керек. 7 —56 Қара Пино. Жоғары сапалы шампан өндіруге жұмсалатын француздың шараптық сорты. Ол Қазақстанның оңтүстігінде асханалық шарап және шампан жасауға қажетті шарап материалдарын өндіруге маманданған таулы аудандардың шаруашылықтарына таралған. Түбі әлсіз өседі.
Бір жылдық сабақтары жақсы піседі. Жапырағы ұсақ, сәл ғана тарамдалған. Жапырақтың үстіңгі жағы көбіршіктеніп, астыңғы жағында өрмек салбырап тұрады. Гүлі кос жынысты. Шоқ жемісі ұсақ, цилиндрлі, өте тығыз, салмағы —60—80 грамм. Жемісі ұсақ, жұмыр, қара. Еті балғын, бояусыз. Вегетация кезінен бастап, техникалық пісіп жетілгенге дейінгі мерзімі —135 күн.
Бұл сорт ерте піседі. Шымкент облысының таулы аудандарында (Түлкібас) августың ортасында, Жамбылда — августың аяғында піседі. Шампанға қажетті шарап материалдарын әзірлейтін жүзімді қанттылығы 17,5—19% кезінде жинап алады. Қышқылдылығы литріне —7грамм.
Әрбір гектардан 120—140 центнерден өнім береді. Суыққа да, құрғақшылыққа да жақсы төзеді. Қара Пино сортын Оңтүстік Қазақстанның таулы және тау етегі аймақтарына кеңінен таратуға болады. Бұл сортты Шымкент облысындағы Түлкібас ауданының жағдайында қыс күндері топырақпен жаппай-ақ өсіруге болады.
Рислинг. Шараптық сорт. Шыққан жері Германия. Жоғары сапалы асханалық шарап әзірлеуге жұлсалады. Қазақстанда рислинг Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент облысының таулы аудандарына кең таралған. Түлкібас ауданындағы Мичурин атындағы совхоздың рислингтен жасаған асханалық шарабы өзінің дәмі және сорттың хош иістілігімен ұнамды. Рислинг шампанға қажетті шарап материалдарын әзірлеуге және оның дәмін жақсартуға пайдаланылады.
Сабағының пісуі — 90%, суыққа өте төзімді. Түбінің өсуі орташа. Шымкент облысының таулы аймақтарында рислингті қыста топырақпен жаппай-ақ өсіруге болады. Жапырағы дөңгелектеу, орташа және көп тарамдалған, шеттері астына қарай майысып тұрады. Жапырақтың үстіңгі беті көбіршікті. Жапырақтың астыңғы жағында әлсіз ғана өрмек салбырап тұрады. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ұсақ, цилиндрлі-конусты. Тығыздығы орташа, салмағы —90—120 грамм. Жемісі ұсақ, жұмыр, ақ. Еті балғын. Вегетация басталғаннан піскенге дейінгі ұзақтығы 146 күн. Бүршік атуы апрельдің ортасында басталады да, майдың аяғында гүлдейді. Суармалы аудандар: Шымкентте, Жамбылда және Түлкібаста сентябрьдың басында, Бостандық ауданының суарыл-майтын тау беткейлерінде августың ортасында, Қызылорда облысының онтүстік аймағында августың аяғында піседі. Активті температураның жиынтығы —3200 градус. Жинау кезіндегі қанттылығы 19%, қышқылдылығы литріне—9,9 грамм. Гектарына 170 центнерге дәй өнім береді. Сабағының мейлінше жемісті белігі — Түлкібас ауданының жағдайында 7-ден 14-ке дейінгі көздері Рислинг Оңтүстік Қазақстанның асханалық ақ шарап пен шампан материалзарын өндіретін барлық аудандарында әсіріледі.
Ркацители— жемісі ақ грузиндік шараптық сорт. Еліміздің барлық жүзім өсіретін аудандары мен Қазақстанда кеңінен таралған Жоғары сапалы асханалық ақ және дессертті шарап пен шампан әзірлеуге қажетті шарап материалдарын жасауға пайдаланылады.
Жоғары сапалы, жетілген, үйлесімді, хош иісті, дессертті. «Целкнное» шарабы жүзімнің Ркацители сортынан Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек», Киров ауданындағы Қиров атындағы жүзім совхоздарында әзірленеді.
Түбі күшті өседі. Сабағының пісуі—80—85%. Жас бұтақшалары қызғылт, тура өседі. Жапырағы сәл тарамдалған, тор көзді, мыжырайған. Сәл ғана төменге салбырап тұрады. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі цилиндрлі үш бұрышты, орташа мөлшерлі, салмағы 150—180 грамм. Жемісі сопақша, ақ. Еті балғын.Бүршік атудан бастап піскенге дейінгі мерзімі Шымкентте—150 күн. Активті температураның жиынтығы — 3500°. Апрельдің бірінші жартысында бүршік атады, майдың аяғында гүлдейді. Жері тегіс аудандарда сентябрьдің басында, Шымкентте сентябрьдің алғашқы он күндігінде, Жамбылда және Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында сентябрьдің ортасында піседі.
Пісу кезіндегі қанттылығы Шымкент облысының оңтүстік аудандарында—25—28%, Шымкент пен Түлкібаста—18—20%, қышқылдылығы литріне—5—6 грамм Жамбыл мен Қызылорда облысының оңтустік аудандарында қанттылығы —22—23%, қышқылдылығы литріне 8—9 грамм. Дессертті шарап әзірлеу үшін жүзімді қанттылығы—26—28%, қышқылдылығы литріне — 4—5 грамм кезінде жинап алады. Шараптың дәмі шабдалы мен бал дәміне ұқсас. Өнімділігі жоғары (гектарына 250 центнер). Ркацители сортының сабағының ең жемісті бөлігі — Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарында 6-дан 16-ға дейінгі көздері, ал Шымкенттің жағдайында 5-тен 20-ға дейінгі көздері. Суыққа төзімділігі жоғары. Шымкент облысы, Түлкібас ауданының таулы аймақтарында Ркацители сортын қыста жаппай-ақ өсіруге болады. Ркацители жан-жақты пайдаланылатын сапалы шараптық сорт. Киров атындағы совхозда (Шөл дала) бұл сорт бұкіл жүзімдіктің 40 процентін алып жатыр. Шымкент, Қызылорда облысарының барлық жерінде және Жамбыл облысының тегіс жерлерінде Ркацители жетекші сорт және ол кеңінен таратуға тұрарлық. Саперави. Еліміздің көптеген жүзімді аудандарында кеңінен мәлім, грузиндік шараптық сорт. Жемісі, қара, шырыны боялған болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде Саперави маркалы асханалық қызыл және дессертті шарап алумен бағалы. Ол барлық жүзімді аудандарға таралған. Түбі орташа өседі. Сабағының пісуі—85—90%. Жапырағы орташа тарамдалған, жұмыртқа тәріздес, жоғары жағы тор көзді, мыжырайған немесе жылтыр болады. Жапырақтың астыңғы жағында қалың өрмек салбырап тұрады. Гүл қос жынысты. Шоқ жемісінің орташа салмағы—120—140 грамм. Жемісі қара, сопақ. Еті балғын. Вегетация кезінен піскенге дейінгі мерзімі—156 күн. Бүршік атуы 10 апрельде басталады, майдың аяғында гүлдейді. Активті температураның жиынтығы 3000 градус. Шымкент облысының жері тегіс аудандарында сентябрьдің басында, орталық аудандарында сентябрьдің алғашқы жартысында, ал Жамбыл облысының таулы аудандары мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында сентябрьдің ортасында піседі.
Бұл сорттың жүзімін пайдалану мақсатына қарай әр түрлі мезгілде, түрлі пісу кезінде жинап алуға болады. Саперавиден «Қызылқұм» атты алқызыл түсті, мөлдір, хош иісті шарап әзірленеді. Өнімділігі жоғары, гектарына 200—280 центнер жүзім береді. Сабағының мейлінше жемісті бөлігі — Шымкент облысының оңтустік аудандарында 2-ден 15-ке дейінгі көздері, Шымкент қаласының маңайындағы шаруашылықтарда 6-дан 25-ке дейінгі, ал Түлкібас ауданының таулы аймақтарында 7-ден 14-ке дейінгі көздері.
Қанттылығы Шымкент облысының оңтүстік аудандарында—24—25%, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында—21 %. Қышқылдылығы литріне - 8—9 грамм. Құрғақшылық пен суыққа төзімді.
Саперави Шымкент облысының барлық жүзімді аймақтарына аудандастырылған. Бұл сортты Жамбыл мен Қызылорда облыстарында да кеңінен таратуға тұрарлық.
Тарнау. Орта азиялық ВИР станциясында селекционерлер А. М. Негруль мен М. С. Журавель Нимранг пен Қара мейізді будандастыру арқылы шығарған, шараптық сорт. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ірі, цилиндірлі, конусты, тығыз. Жемкі дәмсіз, ақ, көлемі орташа, сопақ. Бүршік ату басталғаннан піскенге дейінгі мерзімі —142 күн.
Активті температураның жиынтығы—3200 градус. Бүршік атуы апрельдің басында, гүлденуі майдың аяғында, пісуі Шымкентте августың аяғында, Жамбылда — сентябрьдің ортасында.
Тарнаудың түбі орташа өседі. Сабағының пісуі — 70%. Өнімділігі өте жоғары. Шымкенттің ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында гектарына 270 центнерден, өнім алынуда.
Тарнаудың қанттылығы Шымкентте—22%, Жамбылда —19%, қышқылдылығы литріне—6—3 грамм. Сортты Шымкент облысының жері тегіс және таулы аудандарында, Жамбыл облысының жері тегіс аймақтары мен Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында өндірістік сыннан кеңінен өткізу керек.
Хиндогны. Ираннан шыққан. Карабах таулы аймағының негізгі сорты болып табылады. Шымкенттің облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында 3 гектар жерде өсіріледі. Шымкент облысының мамандандырылған шаруашылықтарында оның таза сортты екпелері кездеседі. Гүлі қос жынысты. Шоқ жемісі ірі, конус тәрізді, қанатты, өте тығыз. Жемісі қара, ірілігі орташа. Жұмыр, еті балғын. Вегетация басталғаннан кейін жүзім піскенге дейінгі мерзімі—150 күн. Бүршік атуы апрельдің бірінші жартысында басталады, гүлдеуі — майдың аяғында. Шымкентте сентябрьдің басында, Жамбылда сентябрьдің ортасында піседі. Хиндогныдың түбі орташа еседі. Сабағының пісуі—70%. Өнімділігі жоғары, Шымкент облысының оңтүстік аудандарында гектарына 300 центнерге дейін өнім береді. Қанттылығы Шымкентте — 24%, Жамбылда 18%. Қышқылдылығы литріне—6—8 грамм. Хиндогны ертерек мезгілде (қанттылығы 18%) жинап алып асханалық шарап жасауға, кештеу жинап (қанттылығы 24%) алып дессертті шарап жасауға пайдаланылады. Одан жасалған шараптар өзінің жетілгендігімен, дәмінің шүйірлілігімен бағалы. Мол өнімді, әрі сапалы шарап әзірлеуге жарамды хиндогныды Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарының барлық жүзімді аудандарынада өндірістік сыннан кеңінен өткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет