12
Бөлшек дегеніміз құрастыру амалдарын қолданбай, атауы жəне таңбасы
біртектес материалдан жасалған бұйым.
Құрастыру бірлігі құрама бөліктері бір-бірімен құрастыру амалдары
арқылы бірігетін бұйым. Құрастыру бірліктері негізгі бөлшектерден жəне
оларды біріктіретін көмекші бөлшектерден тұрады.
Біріктірулер ажыратылатын жəне ажыратылмайтын болады.
Ажыратылатын
біріктірулер
біріктіруші
бөлшектерді
бұзбай
бөлшектеуге (бұрандалы, бұрамалы, кілтекті жəне т.б. біріктірулер)
негізделген, ал ажыратылмайтын біріктірулер – бұзылып
ажыратылады
(пісірмелі, тойтармалы).
Техникада ең көп тараған ажыратылатын біріктірулер бұранда арқылы
іске асырылады.
Егер цилиндрлік немесе конустық бетке арнайы ұшталған кескішпен
бұрандалық жыра кесіліп салынған болса, онда бұл бетте бұранда түзіледі (2.1-
сурет). Кескіштің кесуші қырының пішіміне байланысты əртүрлі
пішінді
бұрандалар алынады – үшбұрышты, трапециалды, тіктөртбұрышты, дөңгелек
жəне т.б.
Сурет 2.1 – Бұранда (резьба)
Бұрандаларды жіктеу
Тағайындалуына байланысты бұрандалар бекітпе жəне жүрістік болып
бөлінеді. Бекітпе бұрандалар қозғалмайтын бұрандалық біріктірулер үшін –
қосылатын бөлшектерді бір-біріне қатысты орналасуын белгілейтін
біріктірулер үшін қолданылады. Жүрістік (немесе кинематикалық) бұрандалар
бір бөлшектердің екінші бөлшекке қатысты орын ауыстыруына мүмкіндік
береді.
Бет
пішіні бойынша бұрандалар цилиндрлік жəне
конустық болып
бөлінеді.
Беттегі орналасуына қарай бұрандалар
сыртқы (сырық бетіндегі) жəне
Достарыңызбен бөлісу: