Бақылау сұрақтары:
1. МЕСТ бойынша скважиналы сораптардың қандай түрлерін білесіз?
2. Штанга тізбегіне бекітілу əдісі бойынша сораптар қандай түрге
бөлінеді?
3. Сорапты штанга тізбегінің қызметі қандай?
4. Сорап плунжерінің қызметі мен құрылысы?
5. Сорап клапандарының қызметі мен құрылысы?
99
7.4. Скважиналарды штангасыз сорапты қондырғылармен
пайдалану
Штангасыз сораптардың классификациясы
Штангасыз сораптар бір-бірімен тікелей байланысқан скважина
сорабынан жəне сораптың скважина жетегінен тұрады. Сорап жетегіне
энергия кабель арқылы (электржетекте) жəне құбыр арқылы (гидро жəне
пневможетекте) беріледі. Жетек жəне сорап арасындағы ұзын механикалық
байланыстың болмауына байланысты, штангасыз сораптар штангалы
сораптарға қарағанда едəуір үлкен қуатқа ие болады[12].
Мұндай сораптарға негізінен электржетект скважиналы ортадан тепкіш
сораптары жатады.
Қазіргі уақытта штангасыз сораптардың 10-ға жуық түрі кең
қолданылуда немесе өндірістік сынақтан өтуде. Олардың ішіндегі негізгілері:
ортадан тепкіш, винтті жəне поршенді (диафрагмалық) сораптар.
Мұнай өндіруші кəсіпорындар скважинадан үлкен мөлшерде сұйықты
өндіру үшін тиімді сораптар қажет етуде. Үлкен беріліс үшін, қалақшамен
жабдықталған сораптар қолайлы. Қалақшалы сораптардан жұмыс
дөңгелектерінің ортадан тепкіш түріндегі сораптар тарау алды, себебі олар
белгілі сұйық берілісінде үлкен ағынға ие болады, сонымен қатар пайдалы
əсер коэффициенті жеткілікті жəне сенімді жұмыс істейді.
Электржетекті батырмалы ортадан тепкіш сорапты қондырғылар
Скважиналы ортадан тепкіш сорапты қондырғылары 146 жəне 168 мм
шегендеуші құбырлары үшін, екі габаритті батырылған агрегаттар
қолданылады[8].
Əр қондырғыда өзінің шифры болады, мысалы УЭЦН5А-500-800,
мұндағы 5А – сорапты қондырғы түсірілетін шегендеуші тізбектердің ең кіші
мүмкін ішкі диаметрін білдіреді, сəйкесті 5 саны – 122 мм, 5А – 140 мм, 6 –
144 мм, 6А – 148 мм, 500 – сораптың номинальды берілісі (м
3
/тəу), 800 − сорап
ағыны (м).
Скважиналы ортадан тепкіш сорап қондырғылары қарапайым жəне
тозуға, сонымен қатар коррозияға төзімді болуы мүмкін. Сораптың диаметрі
жəне түйіндер құрамы негізінен барлық сораптар үшін бірдей.
Скважиналы ортадан тепкіш сораптар қарапайым орындалған
дайындамасы скважинадан құрамында 99% дейінгі су бар сұйықты өндіруге
арналған, өндірілетін сұйықта механикалық қоспалар жəне күкіртсутек 0,01%-
дан көп болмау керек. Зауыт – дайындаушылардың техникалық шарттары
бойынша сорап қабылдауында еркін газ мөлшері 25 % − дан жоғары болмау
керек.
Ортадан тепкіш сораптың жұмыс бөлшегі жұмыс дөңгелегінен жəне
бағыттағыш аппараттан тұратын саты болып келеді. Дөңгелек жəне аппарат
шойыннан жасалынған. Жұмыс дөңгелегі төменгі жəне жоғарғы бөліктерінде
текстолитті тірек сақина болады.
Білікке түсетін осьтік күшті гидродинамикалық табан қабылдайды. Білік
радиалды сырғанау подшипнигінде орналасады. Сораптың, ротордың барлық
жиынтығы қорапқа орнатылған жəне жоғарғы жағынан подшипник
100
корпусымен қысылған, ал төменнен – қабылдау торы орналасқан табанмен
жабдықталған.
Ортадан тепкіш сораптың жетегі ретінде қызмет атқаратын батырмалы
электр қозғалтқыш – асинхронды, қысқа тұйықталған роторлы, май
толтырылған. Тоқтың 50 Гц жиілігінде олардың біліктерінің синхронды
айналу жиілігі 3000 мин
-1
құрайды. Қозғалқыштар сораптар сияқты диаметрі
146 жəне 168 мм шегендеуші құбырлы скважиналарға арналған əртүрлі аз
диаметрлі болады. Олардың қуаты 125 кВт жетеді. Тоқ кернеуі (400÷2000В)
козғалтқыштың өлшемімен байланысты. Тоқтың жұмыс күші 20÷85 А.
Аз диаметр жəне үлкен қуат, қозғалтқыш ұзындығын үлкейтудің
қажеттілігін тудырады, кей жағдайларда 8 м дейін жетеді.
Батырмалы электр қозғалтқыш статор жəне ротордан тұрады. Статор
жəне ротор секциялы. Қозғалтқыштың оқшаулағышы құрғақ трансформатор
майымен толтырылған. Электр қозғалтқыштың жылу тұрақтылығы 140
0
С.
Үлкен берілісте қондырғыға кететін энергетикалық шығын үлкен емес.
Осы жұмыс істеу облысында оның ПƏК жеткілікті. скважиналы ортадан
тепкіш сорапты қондырғыларға қызмет көрсету қарапайым, яғни жер бетіне
əрдайым қызмет көрсетуді талап етпейтін басқару станциясы жəне
трансформатор орналасады.
Сурет 7.13 – Мұнай өндіруге арналған электржетекті батырмалы ортадан
тепкіш сораптықондырғының скважина сағасында орналасуының жалпы
көрінісі
Скважиналы ортадан тепкіш сорапты қондырғылардың жөндеу аралық
жұмыс істеу мерзімі орта есеппен 320 тəулікті құрайды.
Скважиналы ортадан тепкіш сорабы көп сатылы жəне 80÷400 дейін
сатыға ие болады. Сұйық сорапқа оның төменгі бөлігінде орналасқан тор
арқылы келіп түседі де, скважинадан СКҚ тізбегіне беріледі. Батырылған
электр қозғалтқышы – май толтырылып, саңылаусыздандырылған.
Қозғалтқышқа қабат суының кірмеуі үшін гидроқорғау түйіні орналасқан.
101
Қозғалтқыш білігі гидроқорғау білігімен жəне сол арқылы сорап білігіне
жалғасады. Біліктердің айналу жиіліктері 2500÷2950 мин
-1
. Электр энергиясы
жер бетінен қозғалтқышқа кабель арқылы беріледі. СКҚ тізбегінің жанында
көлденең қимасы дөңгелек, ал сорап маңында жалпақ кабель қолданылады.
Автотрансформатор жəне трансформатор кəсіпшілік желіден алына-тын
кернеуді жоғарылату үшін қолданылады.
Басқару станциялар қондырғысын қолмен немесе автоматты түрде іске
қосып, ажыратуға жəне апаттық режимде тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұдан
басқа станцияда ток күшін жəне кернеуді көрсететін аспаптар болады.
СКҚ тізбегі кері жіберу клапанымен жабдықталған. Кері клапан СКҚ
тізбегіне орнатуға мүмкіндік беретін конус тəрізді арнайы муфта тəрізді
болады. Кері клапан сорап тоқтаған жағдайда СКҚ тізбегінде сұйықты ұстап
тұру үшін қажет. Жіберу клапаны егер тізбекте кері клапан болса,
скважинадан агрегатты көтеру алдында құбыр тізбегін сұйықтан босатуға
мүмкіндік береді.
Қондырғылар 2500 м-ге дейінгі тереңдіктегі қабат сұйығын тəулігіне 10
м
3
-ден 1500 м
3
дейін айдауға мүмкіндігі бар, негізінен ол мұнай
скважиналарындағы сұйықты айдауға арналған.
Электрортадан тепкіш сорапты қондырғылар (УЭЦН) келесі негізгі
жабдықтардан тұрады:
- су астындағы ортадан тепкiш сорап;
- газ сепараторы;
- гидроқорғаныстар;
- су астындағы электр қозғалтқышы;
- кабель желi;
- жер бетiндегi электр жабдық (басқаруды станция, трансформатор т.б.);
- телеметрлiктiң жүйелерi;
- қажетті аспаптар;
- қосалқы бөлшектер.
Қондырғы екі түрде жасалынады:
– қарапайым;
– коррозияға төзімді.
Қондырғының шартты белгіленуінің мысалы:
– УЭЦНМ5-125-1200 ВК02 ТУ 26-06-1486-87;
– техникалық құжаты мен жазбаларында:
УЭЦНМ5-125-1200 ТУ 26-06-1486-87, мұндағы У – қондырғы
(установка); 5 – сорап тобы; 125 – бергіштігі, м³/тəул.; 1200 – арыны, м; ВК –
жинау нұсқасы (вариант комплектации); 02 – ТУ бойынша жинақтау
нұсқасының реттік нөмірі.
Енді жоғарыда айтылып өткен ЭОТС-қа жалпы сипаттама бере кетсек.
УЭЦНМ жəне УЭЦНМК модульді орындалған батырмалы электрлі сорап
қондырғысы
мұнай
скважиналарынан,
соның
ішінде
қисайған
скважиналардан құрамында мұнай, су, газ жəне механикалық қоспалары бар
қабат сұйығын айдауға арналған.
102
Коррозияға төзімді етіп жасалған қондырғы үшін сорап тобы белгісінің
алдында «К» əріпі қосылады.
Техникалық жəне энергетикалық тиімділік көрсеткіштері 12.1−кестеде
келтірілген. Қондырғы ПƏК-нің номиналды мəні қондырғының судағы
жұмысы кезіндегіге сəйкес.
- қозғалтқыштың негізіндегі еркін газдың максималды құрамы – 25 %,
сорапты модульді-газайырғыш қондырғылары үшін (жинақтау нұсқасы
бойынша) – 55%; осымен қатар айдалатын сұйық: мұнай мен судың ара
қатынасы мұнай скважиналарына ЭОТС жабдықтарын таңдаудың əмбебап
əдісі келтіріледі (УМП ЭЦН-79);
- күкіртсутегінің максималды концентрациясы: қарапайым түрде
орындалған қондырғы үшін – 0,001% (0,01 г/л), коррозияға төзімді етіп
жасалған қондырғы үшін – 0,125 % (1,25 г/л);
Клапанды сораптың жоғарғы жағына орнатуға сораптың кіріс модулінің
торындағы газқұрамына байланысты рұқсат етіледі. Мұндай кезде клапандар
ұзартқышы бар негізгі кабельден төмен орналасуы керек, ал кері жағдайда
сорапты агрегаттың көлденең өлшемі (габариті) .
УЭЦНМ жəне УЭЦНМК
қондырғылары келесі жабдықтардан тұрады (7.16−сурет):
– батырмалы сорап агрегатынан, жиналған кабельмен;
– жер үсті электроқондырғысынан – трансформаторлы жинақталған
бекеттен.
Достарыңызбен бөлісу: |