123
Техникалық шаралары:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.)
орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тəртібі мен технологиялық процестер
парамертлерін сақтау;
- əртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша
оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
«Өндірістік жəне азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пəні
арнайы пəндердің қатарында оқытылады.Теориялық
бөлімде заттардың
жанғыштық қасиет-тері, жанудың түрлерімен,өрт-жарылысқа
байланысты
негізгі түсініктермен, өрт сөн-діру туралы жалпы мəлімет, жануды тоқтатуға
қажетті жағдайлар, өрт кезінде авария-лық-құтқару жұмыстарын жүргізу
сипаттамалары беріледі. Сонымен қатар өртті сөнді-ру əдістері мен
жабдықтары, өрт сөндірудің жалпылама заңдылықтары
мен көрсеткіш-тері,
өртті сумен, көбікпен жəне инертті араластырғыштармен өшіру мəселелері
айты-лады.Тəжірибелік бөлімінде өндірістің өрт-жарылыс қауіпіне баға беру,
құрылыс құ-рылымдарының отқа төзімділік қасиеті, өрт кезінде адамдардың
қауіпсіздігін қамтама-сыз ету, эвакуация кезіндегі
адамдардың қозғалысын
ұйымдастыру жəне оның көрсет-кіштерінің сипаттары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: