К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


 Дəрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек



Pdf көрінісі
бет73/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
шоғыр

 
11.7. Дəрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек 
Қан кетудегі көрсетілетін көмек 
Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. 
Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті 
түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Артериядан қан кеткен жағдайда дереу 
тоқтатудың амалын жасаған дұрыс, себебі қан тез ағып кетеді. Мысалы сан 
артериясынан қан аққанда көмек көрсетуге 2 минуттай ғана уақытыңыз бар. 


126 
Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, 
капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы 
жəрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті 
болады жəне жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға 
түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу 
қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету 
иықтың, иық маңының жəне қолдың орташа жəне төменгі үштен бір 
бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық 
буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана 
немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас 
артериясын басады. 
Демалу жолдарын қалыптастыру шаралары:  
1. Зардап шегушінің басын шалқайту; 
2. Аузын ашу; 
3. Астыңғы жағын төменге басып өзге заттардан тазарту (тістің 
сынықтары, сілекей, қан, құсық) қажет. 
Дем алуды тексеру 
Дем алуды қалыптастырғаннан кейін демді қадағалау қажет. 
1. Зардап шегушіге еңкею; 
2. Демінің дыбысын есту; 
3. Оның кеудесінің жоғары-төмен қозғалысын бақыла. Құрсақ өріміне 
қолыңды қойып тексеру қажет. 
10 секунд аралығында дем алуды санау қажет. Адамның демалу нормасы 
минутына 12-20 рет. Сəйкесінше 10 секундта 2-3 дем алу естілу қажет. 
Егер зардап шегуші жақсы демалып жатса, оның еш жері зақымданбаса, 
оған қолдан дем беру немесе жүрек-өкпе реанимациясы қажет болмаса, оны 
қалыпқа келу үшін бір жақ жанына жатқызу қажет. Ол үшін зардап шегушінің 
басын, иығын жəне бөксесін бір жақ жанына бірге аудару қажет. Жоғарыда 
болатын аяғы 90 ° қа бүгілуі қажет. Бұл жатқан қалпын орнықты етеді. Бұл 
қалып дем алу жолдарының ашық болуына, мойын-омыртқаны қалыпты 
ұстауына, құсық пен қанның тамағына кіріп кетпеуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет