К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
шоғыр

 
3.11. Қабат сулары 
Мұнай мен газды өндіру кезінде қабаттан немесе басқа да суға қаныққан 
қабаттардан су скважинаға құйылады. Қабаттан келетін суды өзіндік су, ал 
өзге жақтан келетін суды – бөтен сулар деп атауға болады. 
Өзіндік сулар: 
- шеткі сулар, МСН жазықтығы мұнайлылықтың ішкі жəне сыртқы 
нұсқасын құрайды; 
- табан сулар, тек мұнайлылықтың ішкі нұсқасы болған кезде; 
- өнімді қабаттың өзіндегі су қабатшалары. 
Бөтен сулар: 
- жоғарғы сулар (өнімді қабаттың жоғарғы бөлігіндегі қабат сулары) 
- төменгі (өнімді қабаттың төменгі қабаттарындағы қабат сулары) 
- тектоникалық. 
Скважинаның сулануы негізінен қабат қысымын ұстау (ҚҚҰ) үшін 
қабатқа айдалатын судың əсерінен болады. 
Мұнай-газ қабаттарында мұнай мен газдан басқа əлсіз қабаттар есебінде 
су да кездеседі. Молекулярлық-беттік күштің əсерінен субкапиллярлы 
жарықтыр мен кеуектерде ұсталып тұрады. Бұл сулардың химиялық құрамы 
шеткі жəне табан сулармен бірдей. Бұл сулар мұнайгаз шоғырларының 
қалыптасуы кезінде қабатта жіңішке адсорбциялық қабаттар ретінде 


46 
минералдың беткі жағында қалып қойған. Бұл сулдарды байланысты немесе 
қалдық су деп атайды. 
Байланыс суы қысымның үлкен мəнінде де қолғалмайды. Сондықтан 
қабатта байланыс суынның көлемі коп болса да, өнімді өндіру кезінде 
свкажинадан су шықпайды. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Көмірсутектер туралы не білесіз? 
2. Мұнайдың пайда болу теориясының сіз кайсысын жақтайсыз? 
3. Мұнайдың химиялық құрамы оның физикалық қасиетіне қалай əсер 
етеді? 
4. Табиғи газдың құрамы мен қасиеттері қандай? 
5. Газ өңдеу зауытының негізгі өнімдерін атаңыз? 
6. Газконденсат газ бен мұнайдан қалайша ерекшеленді? 
7. Газконденсат қайда қолданылады? 
8. Əртүрлі елдер бойынша мұнайдың қорын оның көлемімен 
сəйкестендіре отырып, талдау жасаңыз? 
9. Эмульсия дегеніміз не? 
10. Мұнай эмульсиялары түзілу қарқындылығына нелер əсер етеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет