К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет26/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
шоғыр

3.8. Газ қасиеттері 
Табиғи газдар түссіз, ауамен тез араласады, олардың мұнай мен суда еруі 
əр түрлі болып келеді. Қабаттық жағдайдағы газ бен жер бетіндегі газдың 
қасиеттері бір – бірінен ерекшеленеді, бұл негізінен ортаның физикалық-
химиялық параметрлері мен термобаралық жадайларына байланысты. Табиғи 
газдың ерігіштігіне оның температурасы, қысымы, газ бен мұнайдың құрамы 
əсер етеді. Газдың мұнайда ерігіштігі қысымның жоғарлауы əсерінен артса, 
температураның жоғарылауынан төмендейді, ол С

– С
4
аралығында өзгереді. 
Газдың мұнайда ерігіштігі мұнайдың тығыздығы артқан кезде төмендейді[5]. 


44 
Қабаттағы мұнай газбен толықтай қаныққан кездегі қысымды қанығу 
қысымы деп атайды, егер шоғырда қысым түссе, онда газ еркін күйге ауысады.
Табиғи газдың негізгі көрсеткіштері - құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, 
жану температурасы.
Газдың тығыздығы – газ салмағының оның көлеміне қатынасын 
көрсететін шама. Тығыздықтың өлшем бірлігі кг/м
3
немесе г/см

табиғи газдың 
тығыздығы негізінен оның құрамына байланысты болып, 0,73 ... 0,85 кг/м
3
аралығында өзгереді. 
Газдың тұтқырлығы өте аз, 1·10
5
Па·с. Қысымның артуымен тұтқырлық 
та артады.
Барлық газдардың одан ары қарай сұйық күйге айналмайтын (қысым 
жоғары болса да) температуралары болады, бұл температура шектік 
температура деп аталады. Метан үшін шектік температура +82,1
0
С, ал шектік 
қысым 4,71 МПа. Температруа + 82,1
0
С жоғары болғанда метан қысымға 
қарамастан газ күйінде болады. Жер қойнауында температура жоғары, 
сондықтан метанның жер астында сұйық күйінде болуы мүмкін емес.
Табиғи газдардың иісі болмайды, Газ шығынын (утечка) білу үшін газды 
иістендіреді(одоризация), яғни оған арнайы иіс береді. Одоризацияны 
этилмеркаптандарды қолданып жүргізеді. Одоризация мөлшері 16г-ға 1000м
3
газ. Бұл процесс газ тарату станцияларында жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет