К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
шоғыр

 
 
 


115 
10.2. Компрессорлық станция қондырғылары мен жабдықтары 
Магистралді газ құбыры бойынша тасымалданатын газ қысымын 
құбырдың жəне қондырғының беріктігі бойынша анықталған мəнге дейін 
жоғарылату үшін компрессорлық станциялар тұрғызады. Газ айдау 
агрегатының газ турбинді қондырғысының қуаты бүкіл компрессорлық 
станция бойынша 72%-ті құрайды. Техникалық - экономикалық 
көрсеткіштердің нəтижесі бойынша диаметрлері 700-ден 1400-ге дейінгі 
аралықтағы компрессорлық станциялар үшін оптималды параметрлерін 
қанағаттандыратын қуат мəндері келесідей: 6, 3, 10, 16, 25 мың кВт. 
Компрессорлық станция объектілерін екі топқа бөлуге болады: 
технологиялық жəне көмекші операцияларды атқаратын. Бірінші топқа 
жататын түйіндерге: газды механикалық қоспалардан жəне ылғалдан тазарту; 
газды компримирлеу; газды салқындату. Екінші топқа: іске қосатын жəне 
отын ретінде пайдаланатын газ қысымын редуцирлеу түйіні; шаруашылық 
қажеттілігіне 
пайдаланатын 
трансформаторлы 
станциялар 
мен 
электрстанциялар; байланыс қызметтері; сумен қамту объектілері жатады. 
Газды салқындату қажеттілігі келесі жағдайлармен сипатталады. Газды 
компримирлегенде жылу бөлінеді жəне ол газ ағынында сақталады. Себебі 
газдың қоршаған ортаға бөлетін жылу мөлшері аз болады. Осының əсерінен 
компрессорлық станцияның жұмыс режимі төмендейді, қуат шығыны жəне 
қажеттіліктерге жұмсалатын газ шығыны артады. Сонымен қатар 
температураның артуы жабын қабатының жұмсарып, тұтастығы бұзылуына 
əкеп соғады. Компримирленудегі тасымалданатын газ ағынына жіберілетін 
жылу шамасы компрессорлық станцияның өткізу қабілетіне, кірістегі газ 
температурасына, қысымдылық деңгейіне, айдауыштың адиабаталық жəне 
политропикалық пəк шамасына байланысты болады. Бұл жылу шамасы 
компрессорлық станциядағы газ айдайтын агрегаттың жұмыс қуатына 
эквивалентті болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет